Негізгі қимыл түрлеріне жаттығулар
Жүру. Нық қадаммен алға; нық қадаммен артқа жүру; тізені биікке көтере отырып, алаңның бір жағынан екіншісіне сап түзеп тұру дағдыларын қалыптастыру.
Жүгіру. Әртүрлі бағыттарда; жылдам және баяу қарқында жүгіру дағдысын қалыптастыру.
Секіру. Бір аяқтан бір аяққа секіру, тура секіру; екі аяқпен секіру (аяқтар бірге-аяқтар алшақ), тереңдікке (15–20 см биіктіктен) секіру дағдыларын қалыптастыру.
Лақтыру, тастау, қағып алу. Көлденең нысанаға, алысқа лақтыру, тура нысанға оң және сол қолмен тік нысанаға көздеп лақтыру, допты тәрбиешіден 1–1,5 метр арақашықтықта лақтыру, үлкен допты екі қолмен арқаннан, тордан өткізе лақтыру дағдыларын қалыптастыру.
Еңбектеу, өрмелеу. Еденге тігінен тұрған құрсаудан еңбектеу, доғаның астымен өрмелеу, гимнастикалық қабырға бойымен жоғары өрмелеу және одан төмен түсу дағдыларын қалыптастыру.
Тепе-теңдік сақтау. Тура жолмен, тақтай бойымен, арқан бойымен жүру кезінде тепе-теңдікті сақтау дағдыларын қалыптастыру.
Сапқа қайта тұру. Өз бетінше сапқа тұру, шеңбердегі өз орнын табу (бағдары бойынша) дағдыларды қалыптастыру.
Достарыңызбен бөлісу: |