- сөйлеу кезінде мәнерліліктің тәсілдерін (сөйлеу қарқыны, интонация) сақтайды;
- зейін қойып тыңдайды, тілдегі барлық дыбыстарды анық айтады;
- заттарды, суреттерді қарастыруда, сұрақтарға жауап береді;
- қысқа әңгімелерді және ертегілерді қайталайды және заттар мен құбылыстардың белгілері және сапасын атайды;
- қажетті сөздер мен сөз тіркестерін қолданады;
- зат есімдер мен көмекші сөздерді қолданады «үстінде, астында, артында, жанында».
Көркем әдебиет
Оқып беру және әңгімелеу
Балаларға үйрету:
- оқиғаны эмоциялы қабылдау;
- кейіпкерлерге жанашырлық танытуды;
- шығарма жанрларын (тақпақ, ертегі, әңгіме және т.б.) ажыратуға;
- суреттер бойынша таныс шығармаларды тануға, сұрақтарға жауап беруге;
-мәнерлі, мағыналы, эмоциялы түрде жатқа айтуға;
-халық өлеңдерінің ырғағы мен ұйқасын беруге.
Күтілетін нәтижелер:
- оқиғаны эмоциялы қабылдайды;
- ертегі кейіпкерлеріне жанашырлық танытады;
- шығарма жанрларын (тақпақ, ертегі, әңгіме және т.б.) ажыратады;
- суреттер бойынша таныс шығармаларды таниды, сұрақтарға жауап береді;
- өлеңдерді саналы, эмоционалды түрде жатқа айтады.
Достарыңызбен бөлісу: |