- зейін қойып тыңдай біледі;
- дауысты және дауыссыз дыбыстарды анық айтады;
- дұрыс сөйлеу қарқынына ие;
- қоршаған ортаға қатысты түрлі сұрақтарға жауап береді;
- барлық сөз таптарын қолданады;
- қажетті сөздер мен сөз тіркестерін қолданады;
- сөздер мен сөз тіркестерін айтады;
- сөздерді жекеше, көпше түрде, септік жалғауларын қолданады;
- заттарды, әрекеттерді, құбылыстарды атайды.
Көркем әдебиет
Оқып беру және әңгімелеу
Балаларды:
- ертегілердің мазмұнын түсінуге, тыңдауға, бейнелі сөздерді есте сақтауға;
- кейіпкерлерді ойнағанда мінез-құлқын бере білуге, интонациялық бояуды қабылдауға;
- тақпақтарды, өлеңдерді мағыналы, асықпай, дыбыстарды айқын айтуға;
- орындау кезінде кейіпкерге, оқиғаларға деген өзінің көзқарасын бере білуге үйрету.
Достарыңызбен бөлісу: |