Бағдарламасы ТҮсіндірме жазба мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесін



бет153/192
Дата07.02.2022
өлшемі484,59 Kb.
#86671
түріБағдарламасы
1   ...   149   150   151   152   153   154   155   156   ...   192
Күтілетін нәтижелер:
- театр ойындарына оң көзқарас танытады;
- таныс сюжеттер бойынша қойылымдарды сахналай алады;
- таныс сюжеттер бойынша ертегілерді сахналай алады;
- кейіпкердің ерекшеліктерін беру үшін мәнерлілік құралдарын қолданады;
- өзін - өзі көрсете білуде жеке шығармашылық қабілеттерін танытады;
- театрландырылған әрекеттің алуан түрлі тәсілдерін және жанрларын меңгерген;
-ересектермен және құрдастарымен өзара әрекетте мәдениетті мінез-құлық дағдыларын меңгерген;
- өз ойын айта алады, басқалардың пікірін тыңдайды;
- әдеби кейіпкерлерді адамгершілік ережелері мен түсініктері тұрғысынан бағалайды.

II ЖАРТЫ ЖЫЛДЫҚ




Сәйлеуді дамыту
Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті
Дыбыстарды дұрыс айту дағдыларын дамыту және жетілдіру; дауыссыз с-з, с-ц, ш-ж, ч-ц, с-ш, ж-з, л-р дыбыстарды есту бойынша ажыратуға жаттықтыру.
Сөздегі дыбыстардың орнын анықтау, екпінді дыбысты айқындау, сөздегі буын саны мен сөйлемдегі сөздер санын анықтау дағдыларын қалыптастыру.
Сөздерді дыбысталуы бойынша салыстыра білуді, берілген дыбысқа сөздерді таңдау,сөздерге дыбыстық талдау жасау дағдыларын дамыту. Сөздерді түрлендіруге сыни көзқарасын және қызығушылықты, дұрыс сөйлей білуге деген ұмтылысты тәрбиелеу.
Сөздік қор
Сөздік қорды жетілдіру. Жалпылаушы сөздерді қолдана білуді жаттықтыру; түрлі логикалық топтарға жататын заттарды атай білуге үйрету.
Сөйлемде көп мағыналы, синоним, антоним сөздерін қолдануға, белгілі бір затқа белгілерін таңдауға, затпен әрекет етуді және берілген әрекетке заттарды таңдай білуге жаттықтыру.
Қажетті сөздерді дұрыс түсінуді және қолдануды қалыптастыру, оларды сөйлегенде белсенді қолдануға үйрету.
Сөзге қызығушылығы мен зейінін дамыту.
Тілдің грамматикалық құрылымы
Грамматикалық дұрыс сөйлеуді жетілдіру. Етістіктерді дұрыс қолдана білуге, сөздерге көптік, септік, жіктік жалғауларын дұрыс жалғай білуді бекіту. Балаларды зат есім, сын есім, етістіктердің күрделі түрлерін жасауға жаттықтыру.
Сөздердегі дұрыс емес дауыс екпініндегі, дауыссыздардың ауысуындағы қателерді байқауды дамыту.
Сөздерді түрлі әдістермен құрай білу біліктерін бекіту; түбірлес сөздерді жасауды және қолдануды жаттықтыру, жай, күрделі сөйлемдерді, дауыс ырғағына қарай сөйлем түрлерін ажырата білу, оларды сөйлеуде қолдану.
Көпше түрдегі зат есімдерді атау, ілік септіктерінде, етістіктерді бұйрық райда, сын есім мен үстеулерді салыстырмалы шақта, септелмейтін зат есімдерді дұрыс қолдануға үйрету.
Байланыстырып сөйлеу
Негізгі ойды дұрыс жеткізе білу, монологтік мәтіндерді байланыстырып айту, мәтін мазмұнын дұрыс, рет-ретімен айту, белгілі бір түсінікті сипаттау, баяндау әңгімелері түрінде жеткізе білуді жаттықтыру. Сөйлеу мәдениетіне үйретуді жалғастыру, таныс емес ортада, көпшілік алдында сөйлей білуге үйрету.
Диалогтік сөйлеу тілін қалыптастыру.
Өзіне қаратылып айтылған сөздерді тыңдап, түсінуге, әңгімені қолдауға, сұрақтарға жауап беруге және сұрауға, әңгімелесу кезінде өзін мәдениетті, әдепті, байсалды ұстау іскерліктерін жаттықтыру.
Балаларды бір-бірімен еркін тілдік қарым-қатынасқа баулу.
Диалогтік сөйлеу тілін дамытуға негіз болатын түрлі әдістер мен тәсілдерді қолдану.
Өзге балалардың әңгімесінің маңыздылығына әсер етіп, бір- бірінен жаңалықты білуге ықыласын арттыру.
Шығармашылық тілдік әрекет
Тәрбиешінің ұсынған тақырыптары бойынша әңгіменің жалғасы мен соңын ойлап табуға үйрету; ұсынылған тақырыптар негізінде бір-бірімен байланысқан мазмұн бойынша сипаттау және баяндау әңгімелерін құрастыруға, сөйлемдерінде бейнелеуіш сөздерді, эпитеттерді, теңеулерді қолдануға үйрету.
Бақылағандары және суреттер бойынша әңгімелер құрастыру.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   149   150   151   152   153   154   155   156   ...   192




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет