Бағдарламасы ТҮсіндірме жазба мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесін



бет17/62
Дата11.01.2017
өлшемі4,82 Mb.
#7017
түріБағдарламасы
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   62

«ТАНЫМ» білім беру саласы


«Таным» білім беру саласының базалық мазмұны:

- қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру;

- құрастыру;

- жаратылыстану ұйымдастырылған оқу қызметінде іске асырылады.

Мақсаты: Инновациялық әдістер мен технологияларды қолдана отырып, интеллектуалдық қабілеттерін, логикалық ойлауын дамыту және қоршаған ортаның біртұтастығы туралы білімдерін қалыптастыру.

Міндеттері:

- қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру;

- өз ойы бойынша құрылыстарды жасауға, оларды мазмұн бойынша біріктіруге және олармен ойнауға ынтасын тәрбиелеу;

- көрнекі-қимылдық ойлауды және шығармашылық қиялдауды дамыту;

- тірі және өлі табиғат туралы білімдерін, табиғатта өзін ұстау туралы ережелерді және қарапайым өзара байланыстар туралы білімдерін байыту;



- табиғатқа сүйіспеншілікке және ұқыпты қарауға баулу.

І ЖАРТЫ ЖЫЛДЫҚ



Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру


Сан. «Көп», «біреу», «бір-бірден», «бір де біреуі жоқ» ұғымдары туралы түсініктерін қалыптастыру.

Дағдыларды қалыптастыру:

- біртектес заттардан топтар құрастыру және олардан біреуін бөліп көрсету;

- топ бөлмесіндегі заттарды ажырату және олардың санын анықтау;

- заттарды салыстыру;

- заттардың бір тобын екіншісіне бірізділікпен беттестіру және қосу;

- заттарды бір қатарға, реті бойынша, бір бағытта солдан оңға қарай оң қолымен орналастыру.

Көлем. Көлемі бойынша заттардың әртүрлі болатыны туралы түсінік беру.

Дағдыларды қалыптастыру:

- ұзындығы мен ені бойынша екі қарама-қарсы және бірдей заттарды салыстыру;

- биіктігі мен қалыңдығы бойынша- екі қарама-қарсы және бірдей заттарды салыстыру;

Геометриялық пішіндер. Балаларды геометриялық пішіндерді тануға және атауға үйрету: шеңбер, шаршы, үшбұрыш; түйсіну және көру арқылы пішін түрлерін зерттеуге үйрету.

Дағдыларды қалыптастыру:

- геометриялық пішіндерді тану және атау;

- пішін түрлерін зерттеу.

Кеңістікте бағдарлау. Өз дене бөліктерінің орналасу бағдарын білуге үйрету.

Дағдыларды қалыптастыру:

- өзіне тікелей жақындықтағы кеңістік бағыттарды анықтау, сол жақтан оң жаққа қарай заттарды орналастыру.

- өз денесінің бөліктерін (басы, аяғы, қолдары) бағдарлау және атау.

Уақытты бағдарлау.

Дағдыларды қалыптастыру:

- тәулік бөліктерін тану және атау таңертең, күндіз, кеш, түн.


Күтілетін нәтижелер:


- бір затты топтан бөледі және топтарға біріктіре алады;

- біртекті заттарды құрастырады және бөліп алады;

- заттарды қатарға реті, көлемі бойынша оң қолымен солдан оңға қарай қояды;

- екі қарама-қарсы және бірдей заттарды ұзындығы мен ені, биіктігі бойынша беттестіру және тұстастыру арқылы салыстырады;

- геометриялық пішіндерді таниды және атайды: дөңгелек, шаршы, үшбұрыш;

- кеңістікті өзіне қатысты бағдарлай алады.

- тәулік бөліктерін таңертең, күндіз, кеш, түнді таниды және атайды.


Каталог: wp-content -> uploads -> 2016
2016 -> Дәріс №1 Тақырыбы: Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде
2016 -> ОҚУ Әдістемелік кешен пәН «Қазақ Әдебиетін жаңа технология бойынша оқыту әдістемесі» мамандық
2016 -> Қазақстанның ірі мемлекет қайраткері, ұлт жанашыры, ел қамқоры, халқымыздың біртуар перзенті
2016 -> Сабақтың тақырыбы Үш бақытым. Мұқағали Мақатаев Туған тілім. Дихан Әбілов Жалпы мақсаты
2016 -> «Алаштану негіздері» таңдау курсы Түсінік хат «Алаштану негіздері»
2016 -> Сабақтың атауы Н.Әлімқұлов Қоңырау Мақсаты
2016 -> Силлабус Пән: Педагогика тарихы Курс: 4 Мамандық: 5В010200 «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» Кредит саны: 2 Экзамен: 7 семестр Семей-2015 «Педагогика тарихы»
2016 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
2016 -> Сабақтың атауы Бейнелеу өнерінің түрлері Сілтеме Сабақтың жабдығы
2016 -> Сабақтың тақырыбы: Менің Отаным Қазақстан


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   62




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет