Бағдарламасы ТҮсіндірме жазба мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесін



бет14/62
Дата11.01.2017
өлшемі4,82 Mb.
#7017
түріБағдарламасы
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   62

(3 жастан 4 жасқа дейін)



«ДЕНСАУЛЫҚ» білім беру саласы
«Денсаулық» білім беру саласының базалық мазмұны:

- дене шынықтыру ұйымдастырылған оқу қызметінде жүзеге асырылады.

Мақсаты: денсаулық сақтау технологиясын қолдана отырып балалардың қимылдық белсенділігін дамыту және дене жаттығуларын орындауға қызығушылықтарын қалыптастыру.

Міндеттері:


- балалардың бойында қимыл белсенділігін дамыту мен үйлестіру және дене жаттығуларына қызығушылықтарын қалыптастыру;

- денсаулықты нығайтуға ықпал ететін дене қасиеттерін: ептілік, төзімділік, икемділік, шапшаңдық, үйлесімділікті дамыту;

- жүру, жүгіру, секіру, лақтыру мен қағып алу, еңбектеу мен өрмелеудің негізгі қимыл түрлеріндегі қарапайым дағдыларды орындауды қалыптастыру;



- мәдени-гигиеналық дағдыларын қалыптастыру;

- салауатты өмір салты туралы бастапқы түсініктерді қалыптастыру.
І ЖАРТЫЖЫЛДЫҚ

Дене шынықтыру


Негізгі қимыл түрлеріне жаттығулар

Жүру. Белгілі бір тапсырмаларды орындау арқылы еркін жүру және жүгіру дағдыларын қалыптастыру: сапта бір-бірлеп, бірінің артынан бірі, тізені жоғары көтеріп жүру, қол мен аяқ қозғалыстарын үйлестіру; аралықты сақтай отырып, бағытты өзгертіп, шеңбер бойлап, қол ұстасып, арқаннан ұстап, тоқтай қалып, отырып- тұрып, бұрылып, «жыланша», заттарды айналып өтіп, төбешікке шығып және төбешіктен түсіп саппен жүгіру, алаңның бір жағынан екінші жағына және т.с.с. жүгіру.

Жүгіру. Белгілі бір тапсырмаларды орындау арқылы жүгіру дағдыларын қалыптастыру: сапта бір-бірлеп, бірінің артынан бірі, аяқтың ұшымен, қол мен аяқ қозғалыстарын үйлестіру; аралықты сақтай отырып, бағытты өзгертіп, шеңбер бойлап, тоқтай қалып, «жыланша», заттарды айналып өтіп, алаңның бір жағынан екінші жағына және т.с.с. жүгіру.

Секіру. Екі аяқтап басты затқа тигізе отырып, жоғары қарай 2-3 метр қашықтықта алға қарай жылжи отырып, тұрған жерінен ұзындыққа, 5-10 см биіктіктегі зат арқылы жерде жатқан жалпақ шеңберге секіру дағдыларын қалыптастыру.

Лақтыру, тастау, қағып алу. Бір-бірінен 1,5–2 метр арақашықтықта отырып, аяқты алшақ ұстап, айқастыру жағдайларында допты домалату, қақпадан асыра лақтыру, допты екі қолымен көкірек тұсынан кері, екі қолмен жоғары, бастан асыра, жоғарыға, еденге (жерге) қарай төмен лақтыру, допты қағып алу машықтарын қалыптастыру.

Еңбектеу және өрмелеу. Тура бағытта 4–6 метр арақашықтықта,

«жыланша», арасы алшақтанған заттар арасымен, еденге қойылған тақта бетімен, 40 см биіктіктегі доғамен, арқанмен, еңіс тақта бойымен, бөрене арқылы орындық аяқтары арасымен еңбектеу дағдыларын қалыптастыру.

Тепе-теңдікті сақтау. Тепе-теңдікті сақтай отырып, еңіс тақта бойымен жүру дағдыларын қалыптастыру.

Сапқа қайта тұру. Сапқа бір-бірден, шеңберге кішігірім топтармен және тұтас топпен қайта тұру дағдыларын қалыптастыру(тәрбиешінің көмегімен, бағдар бойынша).

Жалпы дамытушы жаттығулар

Көзбен бағдарлай отырып, ауызша нұсқаулармен ойын түріндегі жаттығуларды (жануарлардың қозғалысына еліктеу) педагогпен бірге орындауға үйрету. Жаттығуларды заттармен және заттарсыз орындау.

Қолға және иық белдеуіне арналған жаттығулар

Біліктер қалыптастыру:

- қолдарын жоғарыға және жанына көтеру;

- бір қолындағы затты алдына әкеліп екінші қолына ауыстыру;

- қолдарын алдына әкеліп, басынан жоғары көтеріп шапалақтай білу.

Денеге арналған жаттығулар

- допты бір-біріне беру;

- түрегеліп тұрған қалыптан солға, оңға, алға қарай еңкею.

Аяқтарға арналған жаттығулар

- аяқтың ұшымен жүру;

- қолдырын алға қарай созып, қолдарын тізесіне таянып отырып-тұру;

- тізесі бүгілген аяқтарын кезектестіріп көтеру;

- аяқтарын жанына қарай адымдап қою арқылы қозғала білу;

- екі аяғымен секіру.



Спорттық жаттығулар

Шанамен сырғанау. Биік емес төбеден бір-бірін сырғанату біліктіліктерін қалыптастыру.

Сырғанау. Ересектердің көмегімен мұзды жолдармен сырғанау дағдыларын қалыптастыру.

Велосипед тебу. Үш дөңгелекті велосипед тебу дағдыларын қалыптастыру.

Жүзуге дайындық. Суға түсу, судан шығу, суда ойнау дағдыларын қалыптастыру.

Шынықтыру және сауықтыру жұмыстары

Шынықтыру шараларын жүргізу. Тыныс алу жаттығуларын жүргізу.


Күтілетін нәтижелер:


- қимыл белсенділігіне және дене жаттығуларына қызығушылық танытады;

- қимылдарды үйлестірудің алғашқы дағдыларына ие;

- жануарлардың қимылдарына еліктеп, дене жаттығуларын орындай алады;

- негізгі қимыл түрлерін орындайды;

- бір-бірінің артынан қатарға (паровоз), шеңберге тұра алады;

- музыкамен ырғақты түрде адымдайды;

- биік емес төбешіктен сырғанайды,бір-бірін сырғанатады;



- аласа төбешіктерден өздігінен, бірін-бірі сырғанатуды біледі;

- үш дөңгелекті велосипедті тебудің дағдыларын меңгерген;

- судағы ойындардың бастапқы дағдыларын ие;

- өз-өзіне қызмет көрсетудің бастапқы дағдыларына, салауатты өмір салты туралы түсініктерге ие.
ІІ ЖАРТЫЖЫЛДЫҚ
Негізгі қимыл түрлеріне жаттығулар

Жүру. Нық қадаммен алға; нық қадаммен артқа жүру; тізені биікке көтере отырып, алаңның бір жағынан екіншісіне сап түзеп тұру дағдыларын қалыптастыру.

Жүгіру. Әртүрлі бағыттарда; жылдам және баяу қарқында жүгіру дағдысын қалыптастыру.

Секіру. Бір аяқтан бір аяққа секіру, тура секіру; екі аяқпен секіру (аяқтар бірге-аяқтар алшақ), тереңдікке (15–20 см биіктіктен) секіру дағдыларын қалыптастыру.

Лақтыру, тастау, қағып алу. Көлденең нысанаға, алысқа лақтыру, тура нысанға оң және сол қолмен тік нысанаға көздеп лақтыру, допты тәрбиешіден 1–1,5 метр арақашықтықта лақтыру, үлкен допты екі қолмен арқаннан, тордан өткізе лақтыру дағдыларын қалыптастыру.

Еңбектеу, өрмелеу. Еденге тігінен тұрған құрсаудан еңбектеу, доғаның астымен өрмелеу, гимнастикалық қабырға бойымен жоғары өрмелеу және одан төмен түсу дағдыларын қалыптастыру.

Тепе-теңдік сақтау. Тура жолмен, тақтай бойымен, арқан бойымен жүру кезінде тепе-теңдікті сақтау дағдыларын қалыптастыру.

Сапқа қайта тұру. Өз бетінше сапқа тұру, шеңбердегі өз орнын табу (бағдары бойынша) дағдыларды қалыптастыру.

Жалпы дамытушы жаттығулар

Көру бағдарларын, сөз нұсқауларын пайдалана отырып (жануарлардың қимылдарына еліктеу), ойын түріндегі жаттығуларды педагогпен бірге орындауға үйрету. Заттармен және заттарсыз жаттығуларды орындау.

Қол мен иыққа арналған жаттығулар

Біліктері қалыптастыру:

- қолдарын жоғары, екі жаққа созып көтеру;

- затты бір қолдан екінші қолға алдыңғы жақтан, арқа жақтан, бастан жоғары жақтан ауыстыру;

- қолды алға созып, бастан жоғары көтеріп, артқа шапалақтау.

Кеудеге арналған жаттығулар:

- допты бір-біріне бастан асыра беру(алға-артқа);



- түрегеліп тұрып солға, оңға, алға, артқа еңкею.

Аяққа арналған жаттығулар

- аяқтың ұшымен жүру;

- қатарынан 2-3 рет жартылай отырып-тұру;

- қолды алға созып, қолды тізеге таянып отырып-тұру;

- тізеден бүгілген аяқты кезек-кезек көтеру;

- жерге отырып, құм салынған қапшықты табанмен қармау;

- жанына қарай нық қадаммен таяқты бойлап жылжу.

Спорттық жаттығулар

Шанамен сырғанау. Биік емес төбеден өздігінен, бір-бірін сырғанату біліктіліктерін қалыптастыру.

Велосипед тебу. Үш дөңгелекті велосипед тебу дағдыларын жетілдіру.

Жүзуге дайындық. Суға түсу, судан шығу, суда ойнау дағдыларын қалыптастыру.

Өз бетінше қимыл әрекеті. Дербес қимыл әрекеттеріне,дене шынықтыру жабдықтары мен құралдарын пайдалану қызығушылығына қолдау көрсету.

Шынықтыру және сауықтыру жұмыстары

Шынықтыру шараларын жүргізу, жаттығулар мен массаж жасау.

Күн тәртібіне сәйкес балалардың күн сайын таза ауада болуын қамтамасыз ету.

Дағдыларды қалыптастыру:

- мәдени-гигиеналық шараларды орындау;

- ересектердің көмегімен шынығу тәсілдерін орындау.



Күтілетін нәтижелер:


- берілген бағытты сақтай отырып, тура, аяқтарды тыпырлатпай жүре біледі;

- тепе-теңдікті сақтап, бағытты және жүгіру қарқынын өзгерте отырып жүгіре алады;

- жүгіру мен жүру кезінде, кедергілері бар жазықтық бетімен, заттарды аттап өтуде тепе-теңдікті сақтай алады;

- төрттағандап еңбектей алады, гимнастикалық қабырға бойымен ерікті тәсілде өрмелей алады;

- екі аяқпен, бір орнында тұрып ұзындыққа секіру біледі;

- допты берілген бағытта домалата алады, допты екі қолмен кеудемен лақтырады, доппен еденге соққы береді, оны жоғары лақтыра алды, заттарды оң және сол қолмен лақтыра алады.


«КОММУНИКАЦИЯ» білім беру саласы

«Коммуникация» білім беру саласының базалық мазмұны:

- сөйлеуді дамыту;



- көркем әдебиет;

- орыс тілі (қазақ тілінде оқытылатын топтарда) ұйымдастырылған



оқу қызметінде жүзеге асырылады.

Мақсаты: Инновациялық әдістер мен технологияларды қолдана отырып, әлеуметтік ортада қарым - қатынас жасау үшін тілді игеру және коммуникативтік дағдылары дамыту.

Міндеттері:

-балалардың іс-әрекетінің түрлі нысандары мен түрлерінде ауызекі сөйлеуін дамыту;

- әдеби тілде сөйлеуді дамыту;

- сөз өнеріне баулу;



- қарым-қатынас мәдениетіне, көркем қабылдау мен эстетикалық талғамға тәрбиелеу;

Дидактикалық және дамытушы ойындар мен жаттығуларды қолдану арқылы сөздік қорын байыту.
І ЖАРТЫЖЫЛДЫҚ
Сөйлеуді дамыту

Дағдыларды қалыптастыру:

Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті

- дыбыстарды айта білуге;

- дыбыстардың артикуляциясын нақтылау және бекіту;

- артикуляциялық аппаратты дамыту.

Сөздік қор:

- ойын мен ойын жаттығулары арқылы сөздік қорын кеңейту;



- заттардың бөлшектерін ажыратуға және атауға үйрету;

- балалардың сөйлеу тілін заттардың қасиеті мен сапасын білдіретін сөздермен байыту;

- жалпы белгілері бойынша заттарды топтастыру (ойыншықтар, киімдер, аяқкиімдер, ыдыстар, жиһаздар).

Тілдің грамматикалық құрылымы:

- сөздерді жіктелуіне, септелуіне қарай келістіру, зат есімдерді үстінде, астында, артында, жанында тәрізді көмекші сөздермен бірге қолдану;

- сөйлеуде зат есімдерді жекеше, көпше түрде қолдану.

Байланыстырып сөйлеу:

Дағдыларды қалыптастыру:

- суреттерді, заттарды қарастыруда, тірі және өлі табиғат нысандарын бақылау кезінде байланыстырып сөйлеу;

- шағын тақпақтар мен өлеңдерді жаттау;

- ересектердің сөзін тыңдау және түсіну;

- тілдік әдептің сәйкес түрлерін дұрыс қолдану;

- ересектермен әңгімелесу кезінде берілген сұрақтарды тыңдау және түсіне білу;

- кейіпкерлерді сипаттау үшін дауыс ырғағының мәнерлі қарапайым тәсілдерін қолдану;

- рифмді және сөздік ойындарға назар аударуын, қызығушылығын тәрбиелеу;

- таныс ертегілерді ойнауға және сахналауға деген ынтасын, қызығушылығын баулу.


Күтілетін нәтижелер:


- зейін қойып тыңдай біледі;

- дауысты және дауыссыз дыбыстарды анық айтады;

- дұрыс сөйлеу қарқынына ие;



- қоршаған ортаға қатысты түрлі сұрақтарға жауап береді;

- барлық сөз таптарын қолданады;

- қажетті сөздер мен сөз тіркестерін қолданады;

- сөздер мен сөз тіркестерін айтады;

- сөздерді жекеше, көпше түрде, септік жалғауларын қолданады;

- заттарды, әрекеттерді, құбылыстарды атайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   62




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет