Бағдарламасы ТҮсіндірме жазба мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесін



бет24/62
Дата11.01.2017
өлшемі4,82 Mb.
#7017
түріБағдарламасы
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   62

Музыка


Музыка тыңдау.

Дағдыларды қалыптастыру:

- түрлі қарқындағы музыканы тыңдау;

- музыкалық шығарманы эмоциямен қабылдау.

Ән салу.

Дағдыларды қалыптастыру:

- музыкалық сүйемелдеумен және сүйемелдеусіз ре-ля бірінші октавасының диапазонында ән салу, дыбыстарды биіктігіне қарай ажырату (октава шегінде), әуеннің басталуы мен аяқталуына мән беру.

Музыкалық-ырғақтық қимылдар.

Дағдыларды қалыптастыру:

- қимыл қарқынын өзгерте отырып қимылдау, бір-біреулеп, жұптаса отырып би қиылдарын орындау, жануарлардың би қимылдарын ұқсату;

- ойындарға, хороводтарға қатысу, таныс би қимылдарын қайталау білу.


Күтілетін нәтижелер:


- музыканы тыңдау дағдысын меңгерген;

- музыкалық шығарманың қарқынын айыра алады;

- әуеннің басталуы мен аяқталуына мән береді;

- бір-біреуден, жұптаса ауыса отырып, би қимылдарын орындайды, жануарлардың қимылдарын ұқсатады;



- балаларға арналған музыкалық аспаптарды ажырата біледі және атын атай алады;

- музыкалық шығарманы эмоциямен қабылдайды.

«ӘЛЕУМЕТ» білім беру саласы



«Әлеумет» білім беру саласының базалық мазмұны:

- қоршаған ортамен таныстыру;

- экология негіздері ұйымдастырылған оқу қызметінде іске асырылады.

Мақсаты: балаларда қоршаған ортаға жағымды мінез-құлық пен қарым-қатынасын, эмоциялы елгезектікті, әлеуметтік мәдениет негіздеріне қабілеттілікті қалыптастыру.

Міндеттері:

- балаларды қоршаған ортадағы заттардың атауларымен және олардың міндеттерімен таныстыру, таныс заттарды ажыратуға үйрету;

- Қазақстанның халық ауыз шығармашылығын қолдану арқылы Отанға, отбасына деген сүйіспеншілікті, ересектерге құрмет көрсете білуге тәрбиелеу.
I ЖАРТЫЖЫЛДЫҚ

Қоршаған ортамен таныстыру


Менің отбасым

Отбасылық суреттерді қарастыруға және отбасы мүшелері мен олардың әрекеттерін атауға үйрету. «Отбасы», «Үй», «Демалыста» және басқа мазмұнды-рөлдік ойындарды ұйымдастыру.

Қоршаған ортаны қабылдау, кеңістікте бағдарлау.

Заттар мен олардың көлемін, түсін, пішінін ажырату және атау,қарастыру мен зерттеу дағдыларын қалыптастыру.

Қазақ және басқа халықтардың тұрмыс заттарымен таныстыру.

Заттар, ойыншықтар, кітаптар және ыдыстарға ұқыптылықпен қарауға тәрбиелеу.

Көлік, байланыс құралдары

Көлік құралдарының түрлерімен таныстыру.

Ересектер еңбегі

Мектеп, балабақша, балабақша қызметкерлері туралы ұғымдарын кеңейту.

Жануарлар мен құстарға күтім жасауға баулу.

Қазақстан - менің Отаным

Балалар тұратын қала мен ауыл, Қазақстан Республикасының астанасы, мемелекеттік рәміздері туралы білімдерін қалыптастыру.

Күтілетін нәтижелер:


- отбасы мүшелері мен өзіне жақын адамдардың есімдерін атайды;

- мазмұнды-рөлдік ойындарда отбасы мүшелерінің рөлдерін сомдайды;

- қазақ халықының тұрмыстық заттарын атайды;

- заттар, ойыншықтар, кітаптар және ыдыстарға ұқыптылықпен қарауды біледі;

- көлік құралдарын біледі;

- мектеп, балабақша, балабақша қызметкерлері туралы түсініктерге ие;

- жануарлар мен құстарға қамқорлықпен қарайды;

- өздері тұратын қала мен ауыл туралы, Қазақстан Республикасының астанасы, мемлекеттік рәміздері туралы бастапқы түсініктерге ие.
Экология негіздері

Өлі және тірі табиғат құбылыстары және заттары

Өлі және тірі табиғат жайлы білімдерін қалыптастыру. Табиғат құбылыстарына қызығушылықтарын тәрбиелеу.

Дағдыларын қалыптастыру:

- ауа райының жағдайларын анықтай білу

- табиғат құбылыстарын (маусымдық) бақылау;

Өсімдіктер әлемі

Туған өлкенің кейбір өсімдіктері, көкөністері мен жемістері туралы қарапайым түсініктерін қалыптастыру. Жергілікті аймақта өсетін 2-3 ағаштардың түрлерін танып, атауға үйрету.

Бөлме өсімдіктерінің түрлері, олардың ерекшеліктері туралы білімдерін қалыптастыру.

Жануарлар әлемі

Үй жануарлары және олардың төлдері туралы білімдерін бекіту. Қазақстанды мекендейтін жабайы жануарлар жайлы түсініктерін қалыптастыру. Табиғат бұрышын мекендеушілерді бақылау дағдыларын қалыптастыру.Табиғат бұрышын мекендеушілерге және қыстап қалатын құстарға қамқорлық жасауға тәрбиелеу.

Каталог: wp-content -> uploads -> 2016
2016 -> Дәріс №1 Тақырыбы: Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде
2016 -> ОҚУ Әдістемелік кешен пәН «Қазақ Әдебиетін жаңа технология бойынша оқыту әдістемесі» мамандық
2016 -> Қазақстанның ірі мемлекет қайраткері, ұлт жанашыры, ел қамқоры, халқымыздың біртуар перзенті
2016 -> Сабақтың тақырыбы Үш бақытым. Мұқағали Мақатаев Туған тілім. Дихан Әбілов Жалпы мақсаты
2016 -> «Алаштану негіздері» таңдау курсы Түсінік хат «Алаштану негіздері»
2016 -> Сабақтың атауы Н.Әлімқұлов Қоңырау Мақсаты
2016 -> Силлабус Пән: Педагогика тарихы Курс: 4 Мамандық: 5В010200 «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» Кредит саны: 2 Экзамен: 7 семестр Семей-2015 «Педагогика тарихы»
2016 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
2016 -> Сабақтың атауы Бейнелеу өнерінің түрлері Сілтеме Сабақтың жабдығы
2016 -> Сабақтың тақырыбы: Менің Отаным Қазақстан


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   62




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет