Күтілетін нәтижелер:
- өзінің тынысын басқара алады;
- барлық дыбыстарды анық және әртүрлі қарқында дыбыстайды;
- дауыс күшін өзгертіп, түрлі интонацияда дыбыстайды;
- сезім ырғағы мен қозғалыс үйлесімін сыңарымен сәйкестендіре отырып, сақтайды;
- сахнаны, алаңды бағдарлай алады;
- театрландырылған қойылымды дайындау барысында ересектермен және құрдастарымен өзара әрекет ете алады;
- әдеби кейіпкерлердің әрекеттеріне өзінің көзқарасын білдіреді, оны адамгершілік нормалары мен түсініктері тұрғысынан бағалайды;
- достық қарым-қатынас және өзара көмек көрсетеді.
II ЖАРТЫЖЫЛДЫҚ
Сөйлеуді дамыту
Сөйлеудің дыбыстау мәдениеті
Есту зейінін және тілдегі дыбыстарды дұрыс айту біліктерін жетілдіру.
Сөздердегі дауысты және кейбір дауыссыз дыбыстарды (п-б, т-д, к-г,ф-в,с-з-ц), анық айтуларын қалыптастыру.
Тілдің қарқынын өзгерту біліктерін бекіту: баяу сөйлеу,жаңылтпаштар оқу. Артикуляциялық аппаратты одан әрі жетілдіру.
Сөздік қор
- тілдік ойындар мен жаттығуларды қолдана отырып, балалардың сөздік қорларын дамыту және байыту;
- заттар тобын білдіретін сөздерді балалардың сөздік қорларына- жалпылаушы сөздерді түсіну арқылы ендіру (ойыншықтар, киім, аяқ киім, ыдыс, жиһаз)
- балалардың сөздік қорларын тұрмыстық электротехника заттарының және ұлттық заттардың атауларымен байыту,
олардың атауларын, заттардың қолданысын түсіндіру;
- мағынасы қарама - қарсы антоним сөздерді балалардың сөздік қорларына ендіру, сөзге қызығушылықты дамыту;
- тәулік бөліктерін атауға үйрету (таңертең, күндіз, кеш, түн).
Күтілетін нәтижелер:
- ана тілінің барлық дыбыстарын дұрыс айтады;
- құрдастарымен және ересектермен қарым-қатынасқа түсе алады, олардың өтініштерін орындайды;
- тілде сөйлемдердің әртүрлі түрлерін, қосымшаларды қолданады;
- көрнекі берілген жағдаяттарға сүйенбей - ақ сөздерді қолданады, сөйлеуде етістіктерді белсенді қолданады;
- жеке тәжірибесінен суреттің мазмұны бойынша шағын әңгімелер құрастырады.
Көркем әдебиет
Оқып беру және әңгімелеу
Мазмұнды эмоционалды қабылдай білу, кейіпкерлерге жанашырлық таныта білу біліктерін, ертегіні баяндау ерекшелігін байқауды жетілдіру.
Шығарма мен өлеңді ажырата білуді; көркем шығармаларда түрлі өмірлік құбылыстар: мереке, өмірден алынған күлкілі және байсалды үзінділер бейнеленуі мүмкін екендігін түсіне білуді қалыптастыру.
Таныс шығармаларда бағдар жасай білуді, оларды суреттерден танып, мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру біліктерін бекіту.
Мәнерлеп оқу
Балаларды жатқа эмоционалды, мәнерлі айта білуге, сөздерді анық айтуға, логикалық екпіндерді сақтауға, өлеңнің ұйқасын, халықтық тақпақтардың ырғағын, қуанышты, сүйсінуді бере білуге үйрету.
Күтілетін нәтижелер:
- әңгімелерді тыңдайды, айтып бере алады, өлеңдерді жатқа айтады;
- таныс ертегілерді айтады, ойыншықтар бойынша шағын әңгімелер құрастырады;
- өзіне ұнайтын бірнеше шығармаларды айта алады;
- ойында әдеби бейнелерді қолданады;
- таныс шығармаларды мазмұндау кезінде мәтін мазмұнына, кейіпкерлерге, олардың қылықтарына өзінің қатынасын эмоционалды түрде білдіреді.
Достарыңызбен бөлісу: |