8 - сынып оқушылары:
- жылулық процестердегі энегрияның сақталу және айналу заңын түсінуі және тағайындай білуі;
- молекулалық физиканың негізгі ұғымдары мен заңдарының жылу қоғалтқыштарындағы, техникалық қондырғылар мен құралдардағы практикалық қолданыстарын; электродинамиканың негізгі ұзымдары мен заңдарының электр қыздырғыш құралдардағы практикалық қолданыстарын білуі;
- нақты мысалдар мен құбылыстар арқылы термодинамиканың бірінші заңын, өзгермелі электр және магнит өрістерінің өзара байланысы жайлы қағиданы көрнекі түрде көрсете алуы;
- ай фазаларының өзгеруін, Күн мен Айдың тұтылуын, күн мен түннің, жыл мезгілдерінің ауысуын түсіндіре алуы тиіс.
9 - сынып оқушылары:
- механиканың негізгі ұғымдары мен заңдарының жай механизмдердегі практикалық қолданыстарына мысалдар келтіруі;
- нақты тәжірибелер мен құбылыстар арқылы Ньютон заңдарының әсерін, импульс пен механикалық энергияның сақталуын көрнекі түрде көрсете алуы;
- бірқалыпты және бірқалыпсыз қозғалыс кезіндегі дененің жүрген жолы мен жылдамдығын есептеуге арналған формулаларды қолдануы;
- Ньютон, импульстің және механикалық энергияның сақталу заңдарын қолдауға;
- алған білімдерін физикалық құбылыстарды немесе фактілерді түсіндіруге қолдана алуы тиіс.
Қолданылған әдебиеттер:
-
«Занимательная физика» Я.И. Перельман
-
«Беседы по физике» М.И. Блудов
-
«Физика для всех» Л.Д. Ландау, А.И. Китайгородский
-
«Физика. Механика» М.М. Балашов, А.И. Гомонова және т.б.
-
«Хрестоматия по физике» А.С. Енохович, О.Ф. Кабардин және т.б.
-
Интернеттен материалдар.
7- 9 сыныптарға арналған
«Физика оқулықтан тыс»
факультативтік курсының бағдарламасы
Құрастырған: Құрманғалиева С.О.
Түсінік хат
«Физика оқулықтан тыс» факультативтік курсының бағдарламасы оқушылардың қызығушылық бағытын, қабілетін, келешекке ие болуға тиісті мамандыққа бейімделуін қанағаттандыруға бағытталған. Барлығы 34 сағат, аптасына 1 сағаттан.
Достарыңызбен бөлісу: |