Бағдарламасы Түсінік хат «Тұрмыстағы физика»


Тербелістер мен толқындар- 13 сағат



бет7/8
Дата18.09.2024
өлшемі64 Kb.
#204569
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
7-9-trmystay-fizika-fizika-ok-tys-1

4. Тербелістер мен толқындар- 13 сағат. Тербелістер кинематикасы. Тербелістер динамикасы. Томсон формуласына есептер шығару. Механикалық толқындардың сипаттамалары. Жазық толқын. Вебер-Фехнер заңы. Максвелл теңдеуі. Электромагниттік толқындар шкаласы. Электромагниттік толқындар тақырыбына есептер шығару. Электромагниттік толқындардың ғарыштық көздері. Доплер эффектісі. Опликалық телескоптар, радиотелескоптар.
5. Атомның құрылысы- 8 сағат. Атом құрылысына есептер шығару. Радиоактивті ыдырау заңына есептер шығару. Ядролық реакциялар тақырыбына есептер шығару. Хаббл заңы. Адам өміріндегі астрономияның рөлі.


Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар:
7- сынып оқушылары:
- механиканың негізгі ұғымдары мен заңдарының жай механизмдердегі, машиналар құрылысындағы, су көлігіндегі, гидравликалық қондырғылардағы практикалық қолданыстарын білуі,
- атмосфералық қысымның бар болуын, оның биіктікке байланысты өзгеруін түсінуі;
- Архимед, Гук, Паскаль заңдары мен механикалық энергияның сақталу заңын түсінуі және тағайындай білуі;
- денелердің жүзу шартын көрсете алуы, оған мысалдар келтіре білуі;
- механикалық энергияның сақталу заңын қолдануға, қуат пен қондырғылардың ПӘК-ін есептеуге, Паскаль заңын қолдануға есептерді шығара білуі;
- механикадан алған білімдерін физикалық құбылысты немесе деректерді түсіндіруге қолдана алуы тиіс.
8- сынып оқушылары:
- жылу мөлшерін, газдың атқаратын жұмысын, термодинамиканың бірінші заңын есептеуге арналған есептерді шығара білуі;
- Джоуль- Ленц, Кулон заңдарын, тізбек бөлігі үшін Ом заңы мен зарядтың сақталу заңын түсінуі және тағайындай білуі;
- электр тізбектерін құрастыра білуі;
- магнит өрісінің бар өткізгішке әсерін пайдалануға мысалдар келтіре білуі;
- мына оптикалық жүйелердің: жазық айна, фотоаппарат, проекциялық аппарат, микроскоп, телескоп, «көз-көзілдірік» жүйелерінің жұмыс принципін түсіндіре білуі тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет