Х. Тәрбие жұмыстары
Тәрбие жұмысының қорытындысы
2014-2015 оқу жылы
Мектептегі тәрбие жұмысының нәтижелігінің бір ұшы ата-аналармен, қоғамдастықпен мектептің бірлескен әрекетінде екені еш уақытта күмән туғызбайды. Бала мектеп табалдырығын аттағанға дейінгі оның алғашқы ұстазы – ата-анасы. Мектеп пен отбасының ынтымақтастығын жүзеге асыруда сынып жетекші және тәрбиешілер негізі рөл атқарады.
Тәрбие жұмысының мақсаты:
Сапалы білім мен жан-жақты тәрбие беру арқылы адамгершілігі зор, рухани-шығармашылығы бай, отаншыл,полимәдениетті жеке тұлға қалыптастыру.
Тәрбие жұмысының міндеттері:
-Тәрбие бағыттары бойынша іс-шаралар өткізу;
-Мерекелік сынып сағаттары мен кездесулер ұйымдастыру;
-Интеллектуальды ойындар мен жарыстар жүргізу.
Тәрбие жұмысының 2014-2015 оқу жылына арналған кешенді жоспары негізінде тәрбиенің 12 бағыты бойынша тәрбиелік жұмыстар жүргізілді:
Азаматтық – патриоттық, құқықтық және полимәдениеттік тәрбие бағытының мақсаты:
Қазақ халқының тарихы мен салтын, тілін сүю және құрметтеуге, оның таңдаулы дәстүрлерін сақтауға, дамытуға, Қазақстанның басқа халықтарының мәдениетін зерттеу және игеруге негізделген азаматтық ұстанымды және патриоттық сананы, құқықтық және полимәдениетті, ұлтаралық мәдени қарым-қатынасты, әлеуметтік және діни төзімділікті қалыптастыру.
Тәрбиенің «Интернат-менің өз үйім», «Ұрпақтар сабақтастығы», «Туған өлкем», «Мен- Қазақстан азаматымын» ішкі бағыттарын негізге ала отырып, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған мектеп кітапханасында Тұңғыш Президент күніне арналған тақырыптық стендтер, көрмелер ұйымдастырылып, «ҚР Тұңғыш Президенті» тақырыбына 11 сыныптарында тарих пәні мұғалімдері ашық сабақ, «Біздің еліміздің Президенті» атты бастауыш сынып оқушыларында танымдық сауалнамалар жүргізіп, қазақ тілі және орыс тілі пәні мұғалімдері «Тұңғыш Президент күні тарихи маңызы зор мереке» әдеби кеші, ҚР Тұңғыш президентінің ел өркендеуі мен дамуындағы рөлі, Егеменді Қазақстанның тарихына арналған тақырыптық әңгімелер мен сынып сағаттары, 9 -сынып оқушыларына «Азаматтық, патриоттық тәрбие берудегі тарихи тұлғаның рөлі» он-лайн режимінде сабақ, «Менің елімнің көшбасшысы» атты тақырыптық шығармалар сайысы, Қазақстанның әлемдік қауымдастықтағы алатын орны туралы сынып сағаттары мен викториналар, дөңгелек үстелдер, «Тәні саудың жаны сау» Бірінші Президент күніне арналған спорттық іс-шара, жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеуде қосқан үлестері үшін ең үздік педагогтарды, оқушылардың ата-аналарын мадақтап, салтанатты жиындар мен жиналыстар ұйымдастырылды.Қазақтан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған келесі тақырыптарда «Біздің жолымыз – бірлік» бұрышын, көрмелер, ҚР Тәуелсіздік күніне арналған тарих сабақтары, М.Мурсалимовтың естелігіне арналған ұлдар арасындағы еркін күрес турнирі, оқушы жастар арасында «Мәңгілік ел – біздің күш қуатымыз» атты эссе сайысы, «Мәңгілік ел – біздің күш қуатымыз» атты тәрбие сағаттары, «Тәуелсіз Қазақстан балалар көзімен» суреттер байқауы, оқушыларға арналған «Абылай және оның дәуірі» «Қазақ халқының ұлттық орнаменті» тақырыптық экскурсиялар, «Жас қаламгер және жас журналистер» байқауы, «Тәуелсіз Қазақстанның құрылу кезеңдері» дөңгелек үстел, «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік!» тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиналыс және мерекелік концерт ұйымдастырылып өткізілді. Отан Қорғаушылар күні – Абылай хан, облыстық өлкетану, мектеп мұражайларына, әскери бөлімге, ҚР ІІМ ұлттық Гвардия ішкі әскери институтына экскурсиялар ұйымдастырып, ҰОС ардагерлерімен, Ауған жауынгерлерімен, әскерге шақырылған дейінгі жастармен, ішкі әскери институт оқытушыларымен кездесулер, «Бейбітшілік пен мейірімділіктің қорғауында» тақырыбына суреттер байқауы, «Біз бірлесіп, жеңіске жеттік!» тақырыбына сынып сағаттары, газет конкурстары, кітапханада көрме, «Жас сұңқар», «Жастар», «Құлагер» облыстық спартакиада бағдарламасында армрестлинг және Жазғы Президенттік көпсайыс спорттық іс-шаралар, «Салют, Жеңіс!» патриоттық әндердің конкурсы, Отан қорғаушылар күніне және «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығына» және мектеп кітапханасында тақырыптық стендттер, көрмелер, 10-сыныптарда ашық сабақ, суреттер байқауы, сынып сағаттары, спорттық іс-шаралар, 9-10 сыныптарда дөңгелек үстел, «Біз – жеңістің ұрпақтарымыз» атты тақырыпта патриоттық әндер сайысы, 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы жеңістің 70-жылдығына арналған мерекелік концерт өткізілді.
Рухани-адамгершілік тәрбие бағытының мақсаты:
Рухани адамгершілік құндылықтар мен білім жүйесін дамытып қалыптастыру; кәсіптік және адамгершілік әдептерге байланысты білімді игеру , өндірістік және қоғамдық іс-әрекеттерде іске асыру.
Осы мақсатты іске асыру барысында психолог арнайы тақырыптық ата-аналар жиналыстарын жүргізіп, ата-аналармен «Мен қандай анамын-әкемін?», «Бала бойындағы адамгершілік қасиеттер» сияқты сауалнамалар алынды және тренингтер, әңгімелер мен талқылаулар жүргізілді. Оқушылардың өнерін дамыту мақсатында мектепте би, ән, домбыра үйірмелері жұмыс істейді.
№
|
Үйірме жетекшісі
|
Үйірме атаулары
|
Пәндік бағыттар
|
1
|
Тукенова К.Ж.
|
«Өздік басқару»
|
|
2
|
Нургожин Ш.М.
|
«Өлкетану»
|
Тарихи зерттеу
|
3
|
Тургунов А.А.
|
Домбрыра оркестрі
|
Аспаптық орындаулар
|
4
|
Есенгалиева Ж.К.
|
Драм.үйірме
|
Әдебиет/ театр
|
5
|
Темірболатов Ж.Ғ.
|
Музыка студиясы
|
Музыка/ өнер
|
6
|
Жангудина М.А.
|
Хореография
|
Би өнері
|
7
|
Кабдулбариев Е.Т.
|
Хор, вокал.студия
|
вокал
|
8
|
Молдыбаева А.Г.
|
Мұражай жұмысы
|
Әдебиет/ тарих
|
9
|
Коспанов Д.К.
|
«Жас ұлан»
|
Патриотизм рухында жасөспірімдерді тәрбиелеу
|
10
|
Ескендиров А.К.
|
Шахмат
|
Шахмат ойнау шеберліктерін арттыру.
|
Үйірме жұмыстарының мақсаты: оқушылардың бойындағы дарындылықтарын ашу, дүниетанымын кеңейту, шығармашылық қабілеттерін, таным көкжиектерін арттыру. Осы уақытқа дейін үйірме жұмыстары біршама жұмыстар атқарды. Атап айтсақ, қыркүйек айында «Білім күні» мен «Тілдер апталығында» би және музыкалық студия, домбыра оркестрі, драмалық үйірме өз жұмыстарын көрсетсе , «Ұстаздар күнінде» бар үйірме мүшелерінің қатысуымен комақты жұмыс көрсетілді. Алғаш өткізілген «Еңбек және Қарттар күнінде» үйірме мүшелері толықтай іс-шараға қатысып, оқушылары көңілден шығарлықтай өнер көрсетті. «Күзгі бал» мен «Танысу кеші» іс-шараларында да оқушылар өз үйірмелерінен алған өнерлерін ортаға сала білді. Шахмат ойнау шеберліктері де қала, облыс көлемінде жетістіктерге жетті.
Халықаралық 8-наурыз мерекесіне арналған «Өмірде ана-бұлақ, ана-пана, өмірді өркендетер ана ғана» барлық сыныптарда сынып сағаттары, мектеп кітапханасында осы тақырыпта көрме ұйымдастырылып. «Ана менің өмірімде» суреттер байқауы, Қазақстан Республикасының 2006-2016 жылдарға арналған Гендерлік теңдік стратегиясының негізгі ережелерін талқылау 10-11 сыныптарында диспут, дөгелек үстел, «Шеше көрген тон піәшер...» 5-9 сыныптарда қол өнер көрмесі, отбасындағы балалық шақ, ана туралы құндылықтарды сақтауда «Бала тәрбиелеудегі ана рөлі» 5-6 сыныптарда ата-аналар жиналысы, «Ардақты ұстаздар галереясы» 10-сынып мұражайға саяхат, мерекелік спорттық іс-шаралар: волейбол, шахматтан сайыстар, «Өмірдің иесі сен, ғазиз Ана!», «22-Наурыз мейрамына» арналған мектепте мейрамды атап өтуге байланысты шығармашылық топ құрылып, «Салем, Наурыз» тақырыбына байланысты стенд әзірленіп, газеттер мен викториналар, «Наурыз – табиғат таңы» атты тақырыпқа суреттер көрмесі, мектеп кітапханасында «Көктем мен жаңарудың мерекесі» көрмесі, Наурыз мейрамын тойлауына байланысты «Салт дәстүр және әдет-ғұрып» туралы ата-аналармен бірлесіп тәрбие сағаттары, «Мерекелік дастархан» ұлттық асхана тағамдыры, мерекелік спорттық іс-шаралар, «Наурыз туралы не білесің» сауалнама, «Қош келдің, нұрлы Наурыз» атты концерттік, театрландырылған бағдарлама ұйымдастырылып өткізілді.
Отбасы тәрбие бағытының мақсаты:
Тәрбиеленушілердің санасында дәстүрлі ұлттық және моральдық құндылықтар отбасы негізінде қалыптастыру.
Осы бағыт негізінде «1-5-сынып оқушыларының мектепке бейімделудегі қиындықтары» тақырыбында айлықтар өткізілді, айлық барысында әлеуметтік педагог, сынып тәрбиешілері ата-аналармен тығыз жұмыс жүргізді, әр оқушының жекелеген психологиялық ерекшеліктері мен отбасындағы тәртіп жағдайы зерттеліп, оқушының бейімделуіне ықпал ететін факторлар қолға алынды. Әр сынып ата-аналарымен тестілеу, сауалнамалар өткізу: «Оқыту мен тәрбиелеудің келешегі», «Ата-ананың өз баласына көзқарасы», Жеке ата-аналармен тақырыптық кеңестер өткізіліп, ата-аналар жиналысына оқушылар шығармашылығынан көрме ұйымдастырылды. Ата-аналардың қатысуымен ашық сабақтар, тәрбие сағаттары, суреттік диагностикалары: «Менің жанұямдағы демалыс күндері», «Менің туған күнім» және мектеп пен отбасы серіктестігі: бірлесіп өткізетін мерекелер, үй тапсырмасын орындау, бала тәрбиесінде білікті көмек көрсету, ата-аналардан «қолдаушы» топтарын ұйымдастыру, қыз балаларға арналған жиналыс «Ұлттық гендерлік тәрбие ерекшеліктері», «Этнопедагогика негізіндегі қыз бала тәрбиесі» ұдайы өткізілді.
Өзін-өзі тану мен өзін-өзі дамыту қажеттігін қалыптастыру бағытының мақсаты: өзін-өзі тану жастарға қоршаған ортаны түсінуге, оған өзінің қатыстылығын саналы сезінуге, қоршаған ортаға өзінің көзқарасын жалпы адамзаттық құндылық ұстанымына жүйелеу, өзінің өмірлік ұстанымын анықтау. Адам-адам, қоғам-қоғам, адам-техника, адам-табиғат жүйесіне терең білім қалыптастыру.
Оқушыларды сыныптан тыс үйірмелерге, клубтарға қабылдау, Жалпымектептік спорт мерекесін өткізу «Күзгі кросс», қыз балалар жиналысы «Санитарлық-гигиеналық талаптардың орындалуы», «Мектеп ережесімен жете танысу», «Мектеп интернатындағы бос уақытың: спорт және салауаттылық», интернат тәрбиешіленулерінің күн тәртібін қадағалап отыру, «Спортты сүйетін жанұям» атты ата-аналармен бірге спорттық сайыстар өткізу, оқушылардың гигиеналық тазалығын қалыптастыру, дамыту, Қалалық басқа білім мекемелерімен серіктестік спорттық сайыстар өткізу, «Жанұядағы салауатты өмір салты» тақырыбында тәрбие сағаттар, интернат бөлмелері мен мектеп ғимаратын көркейту жұмыстарының барысы қадағаланды.
Коммуникативті мәдениетті қалыптастыру бағытының мақсаты: Тәртіп қағидасын анықтайды, құндылықтар жүйесін, идеалдарды, нормаларды айшықтайды және шығармашылық қызметте өзінің дербестігін көрсетуде қарым-қатынасты ұйымдастыруға, байланысты орнатуға, оларды дамытуға, келісуге, тәртіпке келтіруге және түзетуге көмек беру.
Еңбек және экономикалық тәрбие бағытының мақсаты:
Жас ұрпақты еңбек етуге,үнемділікке, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу, үйрету.
Бастауыш және жоғары сынып оқушыларын негізгі экономикалық ұғымдармен таныстыру және білімнің құндылығын, кез келген жұмысты біліктілікпен орындау үшін оның қажеттілігін, келешектегі мамандық таңдауы мен қоғам өмірінде белсенді қатысушы бола білуін көрсету. Нарықтық экономиканы ұлттық спецификаны, сабақтарда алған білімдері, дағдылары мен біліктерін есепке ала отырып, оқушыларды заманауи өмірдің маңызды салаларын түсінуге, жеке және ұжымдық еңбек қызметіне белсенді араласуына дайындайды. Ішкі бағыттары: «Біздің отбасымыз», «Біздің мөлтек ауданымыз», «Біздің қала», «Біздің аймақ»
«Экологиялық тәрбие» , «Дене тәрбиесі мен салауатты өмір салтын қалыптастыру», « Эстетикалық тәрбие», «Әлеуметтік-мәнді және жеке қасиеттерін қалыптастыр», «Кәсіби-шығармашылық тәрбие», «Интеллектуалды мәдениетті дамыту» бағыттары бойынша жұмыстар атқарылып, ой-пікір алаңына айналған дөңгелек үстелдер, ұстаздардың өзара пікір алмасулары өткізілді.
«Қазақстан халқы ассамблеясының 20 жылдығына» мектепте 5-11 сыныптарында «Қазақстан халқы ассамблеясы» атты сынып сағаттары, «Достық үйі» суреттер байқауы, «Көп ұлтты болуымыз – біздің байлығымыз, мақтанышымыз...» тақырыбына 9-11 сыныптармен кеш өткізілді. Қазақстан Халқының бірлік күні – білім алушылар тарихи-өлкетану мұражайына және мектеп мұражайына апарып, ұлттық мәдени орталықтардың өкілдерімен кездесіп, дөңгелек үстел, Қазақстан халқының бірлік күні мерекесінің маңыздылығын ашып көрсететін дәрістер, сынып сағаттар, Қазақстан халқынынң бірлік күніне арналған мерзімді басылым материалдары бойынша көрмелерді рәсімдеу, «Бір шаңырақ астында» мерекелік іс-шара ұйымдастырып өткізілді.
25 мамыр күні «Сыңғырла соңғы, қоңырау!» атты 1-4 сыныптарда 22 мамыр, 5-8 сыныптарда 23 мамыр және 9-11 сыныптарда 25 мамыр күндері салтанатты мектепшілік іс-шара өткізілді.
Бүгінгі тәуелсіз еліміздің дамып, одан әрі өсіп - өркендеуі мен бәсекеге барынша қабілетті болуы, ең алдымен жастардың білімділігі, мәдениеттілігі, саяси саналылығы мен өмірге бейімділігіне байланысты болса керек. Жеке адамның дамуы мен оны дұрыс тәрбиелеу, педагогикалық және психологиялық бағыт – бағдарға тікелей байланысты. Сол себепті балаға тәлім – тәрбие беріп, оны білім – ғылымға баулитын ұстаздары мен тәрбиешілердің міндетті түрде білікті, көрегенді, әрі өнегелі болғаны дұрыс. «Білімдіден шыққан сөз, талаптыға болсын кез» - деп ақын Абай айтқандай, ақыл – ой тәрбиесінде пікірлесу, пікірталас арқылы ой дамыту, оқушы тұлғасының өзіндік ерекшеліктеріне сәйкес оның дарынын дамытуға, интеллектісін арттыруға ат салысатын адамның өзі осыған сай болғаны дұрыс.
ХІ. Әлеуметтік және психологиялық қызмет
Әлеуметтік және психологиялық жұмыстар қорытындысы
2014-2015 оқу жылы
Әлеуметтік және психологиялық қызметтің мақсаты:
Оқушылардың әлеуметтенуін және қалыпты мінез-құлықтарын қалыптастыру және зиянды заттарды қолданудың алдын- алу,толық емес отбасылармен жұмысты нығайту.
Балалардың әлеуметтік құқығын қорғау және балалардың дамуына жағдай жасау, сонымен қатар мектеп пен отбасы арасындағы қарым қатынасын құру. Балалардың құқықтық білімін жетілдіру, әкімшілік, отбасылық, қылмыстық құқық заңдары негізге алып, заңға бағынатын азамат тәрбиелеу бүгінгі танда басты мәселе. Осыған орай біздің мектепте оқу жылының басынан сыныптардың тізімі құрастырылып, көпбалалы отбасылар, толық емес отбасылар, жеткілікті қамтамасыз етілмеген отбасылар балалары, жаңа келген оқушылардың әлеуметтік жағдайын анықтап, тізімдері құрылып, оқушылардың мектепке келуі, сабаққа қатысуы қадағаланды.
1-4 тоқсан аралығында 1-11 сыныптарда «Ақ құс» бағдарламасы бойынша зиянды заттарды қолданудың алдын алу үшін тәрбие сағаттары жүргізілді.
АҚТҚ/ЖҚТБ мәселелерінің алдын алу жұмыстары жүргізілді: 01.11.14-01.12.14ж. АҚТҚ мен күрес күніне айлық ашылды, стенд әзірленді, салауатты өмір салты орталығының маманымен кездесу өткізілді, оқушылармен тәрбие сағаттарында бейне фильмдер көрсетілді, тест алынды, тренингтер, «Ғасыр дертіне қарсымыз» атты дөңгелек үстел өткізілді, «Нашақорсыз әлем» суреттер сайысы, «Мен өмірді таңдаймын» үгіт-насихат, спорт ойындары, ұжыммен профилактикалық әңгіме өткізілді.
Балалар мен жасөспірімдер арасындағы суицидтің алдын алу және ұйымдастыру жұмыстары жүргізіліп, суицид, суициалды (әрекет және өзін-өзі өлтіру) жағдайлардың алдын алу және ұйымдастыру жұмыстарын күшейтіліп және балалар мен жасөспірімдер арасында өз-өзіне қол салу жағдайларын зерделеніп, балалар мен жасөспірімдердің аутодиструктивті мінез-құлқына ықпал етуші жағдайлар мен себептерді анықтау, біздің мектепте суицидтің алдын алу мақсатында ішкі істер, денсаулық сақтау, білім беру органдарының өзара әрекеттестігі туралы іс-шаралар жоспары жасалынды. Каникул күндері кәмелетке толмағандардың психологиялық жағдайын нығайтуға арналған апталықтар, айлықтар өткізіліп, дағдарыс ахуалындағы балаларға көмек көрсетілді.
Жыл басынан ЖӨИ қызметкерімен бірлесіп жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу үшін оқушыларға дәріс оқылып ата-аналармен және балалармен жеке әңгімелер жүргізілді. Мектеп жасындағы балаларға қатысты нормативті құжаттамен, заң актілерімен таныстырылып, «Қала тынысы» кәмелеттік жасқа толмағандар арасындағы заң бұзушылықтардың алдын-алу жұмыстары туралы, өңірдегі криминалды жағдайлар бойынша әлеуметтік қызметпен мектеп әкімшілігімен хабардар етілуде. Жатақхана режимінің сақталуы, оқушылардың тәртібі қадағаланып отырды.
«Терроризм мен діни экстремизмнің» алдын алу бойынша сыныптарда тәрбие сағаттары өткізілді, ЖӨИ қызметкері және ҰҚКД өкілдерімен осы тақырыпта дәріс оқылды. «Телефондық терроризмнің» алдын алу мен ескерту тақырыбында әлеуметтік педагог, кәмелетке толмаған істері жөніндегі полиция инспекторы, тәрбиешілердің тікелей қатысуымен барлық сыныптарда арнайы сабақтар өткізілді, әлеуметтік педагогтың басшылығымен денсаулық сабақтары, жеке гигиенаны сақтау, алкогольдің, темекінің, нашақорлықтың зияны, сабақтарда және интернат бөлмелерінде техника қауіпсіздігін сақтау жөнінде жиналыстар, ата-аналар жиналысына қатысып, оқушылар ережесінің орындалуы мен бала құқығының сақталуын бақылау үнемі жүргізіліп отырды.
«Балалар құқығын қорғау» апталығына қатысты тәрбие сағаттары, оқушылармен сурет көрмесі, жергілікті ішкі істер бөлімшелеріне саяхат жасалды. Қажетті оқушылармен алдын алу жұмыстары, кеңес беру, ата-аналар жиналыстарында жанұя тарапынан заң бұзушылықтын алдын алу шаралары, ата-аналарға ақпарат беру, құқық туралы түсінік беру, жанұяның бала тәртібіндегі рөлін кеңінен түсіндіру, бірігіп жұмыс атқару негізгі жоспарға сәйкес өткізілді.
5-11 сыныптарға Қазақстан діни басқармасынан Қызылжар мешітінің бас иманы Дүйсенбай Кенжетай Байкемелұлы, «Мұхсин»-мешітінің иманы Абылай Құрмашұлы Құрсақов және найб иман Бақаев Қаратай Нұғыманұлы «Дін мен дәстүр» тақырыбына кездесу өткізілді.
Мектепте оқушылардың демалыс уақытында сынып жетекшілері, педагог-психологпен, әлеуметтік педагог және тәрбиешілермен «Жолда абай болыңыздар!», «Абайлаңыз, тайғанақ!» қауіпсіздік ережелері бойынша сабақтар өткізілді. 2014-2015 оқу жылының жылдық жоспар негізінде психологиялық ағарту, психологиялық диагностика, психологиялық дамыту мен түзету және кеңес бету бағыттары бойынша жұмыстары жүргізілді.
Бастауыш сыныптардың мұғалімдері «Ақылдылар мен тапқырлар» ойындарын өткізіп, әлеуметтік педагог, психолог және кітапханашы «Кітап-даналық қоры», «Қоғамдық әдеп» тақырыбы бойынша алдын алу жұмыстары, тақырыптық көрмелер ұйымдастырылды.
Мектеп оқушыларымен жүргізілетін күнделікті қызметтер аясында елжандылыққа баулу, мектеп, жол ережесін сақтау бойынша жеке оқушылармен әңгімелер де жүргізіліп отырды.
Қыз балаларға, ұл балаларға арналған жиналыстар жеке өткізіліп, санитарлық-гигиеналық мәселелермен қатар, адамгершілік тақырыбында да сауалнама мен әңгімелер жүргізілді: «Сыныптағы ахуал мені қанағаттандыра ма», «Дос бола білемін бе?» және т.с. сынып ішіндегі рухани-адамгершілік қарым-қатынас, оқушылардың ұстаздар мен мектеп қызметкерлеріне, қоршаған ортасына деген көзқарасын позитивті тұрғыда қалыптастыру бойынша үнемі жұмыстар жүргізіліп отырды.
Мектеп интернатының меңгерушісі, педагог-психолог, әлеуметтік педагог, тәрбиешілер мен бірлесіп оқу жылынан бастап оқушыларды интернатқа қабылдауды ұйымдастырып, қажетті заттармен қамтамасыз етіп, балалардың интернат өміріне бейімделуіне мүмкіндік жасап, көмек беріп, оқушылардың әлеуметтік жағдайын анықтап, тұрмыс линейкаларын өткізу және тұрмыс секторының жұмысын бақылап, балаларға демалыс орындарын ұйымдастырып, айына бір рет ұлдармен және қыздармен кездесу ұйымдастырып, жеке әңгімелер, балалардың тамақтануын қадағалап, ата-аналармен жұмыс жасап, дәрігермен кездесу ұйымдастырып, қауіпсіздік ережесі бойынша үнемі жоспарға сәйкес жұмыстар жүргізіліп өткізілді.
Мектеп кітапханасы айына 1 рет оқушылардың оқулықтарына рейд жасап, мектепте өтетін іс-шараларда көрмелер, стендттер әзірленіп, балалар кітапханасына саяхатқа баруға көмектесіп, кітаптарды өңдеп, анықтамалық басылымдарға үгіт насихат жүргізіліп, көрме әдебиетті уақытылы тапсыруды қадағалап, кітапханалық сабақтар, викториналар өткізілді.
Толық емес жанұялар саны 15, ата-анасының біреуі жоқ болған жанұяларда тәрбиелік мәселелерді шешуде кейбір адамгершілік-психологиялық ыңғайсыздықтар болуы мүмкін. Бүгінгі таңда біздің мектепте көпбалалы отбасылар саны-12, олар ұдайы біздің қадағалауымызда. Әлеуметтік педагогтың жұмысын ұйымдастыру барысында диагностикалық қызмет, өз қызметіне қажет ететін балаларды анықтау, кәмелетке толмағандардың, ата-аналардың құқықтық тәрбиесін ұйымдастыру, қиын оқушылармен жұмыс, сынып жетекшілері, медициналық қызметкерлер, ата-аналар комитетімен, пән мұғалімдерімен қарым-қатынасты үйлестіру мектеп басшысының ұдайы қадағалауында.
ХІІ. Кітапхана жұмысы
Әбу Досмұхамбетов атындағы
облыстық дарынды балаларға
мамандандырылған гимназия-
интернат директоры
К.Ж.Тукенова
« 05 » қыркүйек 2014ж
Мектеп кітапханасының төлқұжаты
Білім беру ұйымының ресім и атауы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің «Әбу Досмұхамбетов атындағы облыстық дарынды балаларға мамандандырылған гимназия-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекеме
Окушылар/сынып-комплектілер саны (аралас оқыту жағдайында – оқыту тілдеріндегі сыныптар саны көрсетіңіз) ______________________________________________22 сынып___
Кітапхананың құрылған жылы ___________________________________________1935 жылы____
Пошталық мекен-жайы ________________________________Петропавл қаласы, Симашко-2
Телефон ______________________________________________________________47-57-34______
E-mail ______________________________________________ ____daryn_petropavl@mail.ru_____
Мектеп басшысының аты-жөні ______________________Тукенова Күлжан Жұмашқызы______
Мектеп кітапханасы меңгерушісінің _______________Абенова Үміт Мұхтарқызы______
(аты-жөні мен ресми атқаратын лауазымын толық көрсетініз)
Мектеп кітапханасының телефоны _____________________________________________(жоқ)___
Толтырылған күні _____________________________________________ ____05.09.14 жылы____
Достарыңызбен бөлісу: |