Бағдарламасын жүзеге асыру аясында «Тәрбие және білім»



Дата04.07.2018
өлшемі30,86 Kb.
#46600
түріБағдарламасы
«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында «Тәрбие және білім» базалық

жобасын іске асыру бойынша іс-шаралар жоспары


іс-шаралар атауы

Мақсаты

Күтілетін нәтиже

Тәрбие жұмысының бағытында көрсетіледі

«Саналы Азамат» базалық бағыты

«Мамандықтар әлемі»

«Мамандықтар әлемін ашамыз»

Болашақта Қазақстан экономикасы мен еңбек нарығында қажет және талап етілетін кәсіпті таңдаудағы оқушылардың шығармашылық ізденісін арттыру және қоғамдық маңызы бар кәсіптік бағдар беру мақсатында жобаланған


Кәсіптік ақпарат арқылы оқушылар әр түрлі мамандықтардың маңызы мен мәні туралы түсініктер алады. Мамандық бойынша адамға қойылатын талаптармен таныстырылады. Мамандықтың ерекшелігі, оның қоғамда алатын орны туралы түсініктер беріледі. Кәсіптік бағдарлау жұмысын жүргізу арқылы оқушылар еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіптерді таңдау жағдайы жақсарады

  • Жаңа қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие

  • Рухани-адамгершілік тәрбие

  • Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбиесі




«Жамбыл түлегі»

облыс мектептерінің өз салаларында жетістікке жеткен табысты тұлғалар және талантты түлектерімен кездесу арқылы оқушылармен кәсіпке бағдарлау жұмыстарын ұйымдастыру мақсатында жобаланған

Облыс мектептерінде Жамбыл облысынан шыққан түрлі кәсіп саласының кез-келген табысты өкілдерімен, зор жетістікке жеткен тұлғалармен кездесулер, ынталандыру дәрістері, шағын тренингтер мен «сұрақ-жауап» форматтарындағы шеберлік сабақтары өткізіледі

  • Жаңа қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие

  • Рухани-адамгершілік тәрбие

  • Еңбек тәрбиесі

  • Көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие

  • Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбиесі

"Ауыл тынысы"

қала мектептерінде оқитын оқушыларды ауыл өмірімен, шаруашылық еңбектерімен, таныстыру, ауыл тұрғындарымен қарым-қатынаста болып, ауыл өмірінің тіршіліктерін тәжірибе жүзінде өту, ауылдық жерлерде сұранысқа ие әртүрлі ауылшаруашылық кәсіптері мен мамандықтарына қызығушылықтарын, оқушыларға кәсіби бағдар беру сапасын арттыру және қалалық оқушыларды ауыл шаруашылығын тарту

әлеуметтік тәжірибеден оқушылардың жазғы демалыс айларында ауыл тіршілігімен, шаруашылық еңбектерімен танысудың нәтижесінде эссе байқауы және фото көрме ұйымдастыру күтілуде.

  • Жаңа қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие

  • Рухани-адамгершілік тәрбие

  • Ұлттық тәрбие

  • Көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие

  • Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбиесі




"Қала тіршілігі"

ауылдық оқушыларды қалалық жерлерде сұранысқа ие әр түрлі кәсіптері мен мамандықтарына қызығушылықтарын, оқушыларға кәсіби бағдар беру сапасын арттыру және ауылдық оқушыларды қалаға тарту

әлеуметтік тәжірибеден оқушылардың жазғы демалыс айларында қала тіршілігімен, кәсіптік- техникалық еңбектерімен танысудың нәтижесінде эссе байқауы және фото көрме ұйымдастыру күтілуде.


  • Жаңа қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие

  • Рухани-адамгершілік тәрбие

  • Ұлттық тәрбие

  • Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие

  • Көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие

  • Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбиесі

«Кәсіби үлгідегі модель негізінде интерактивті кәсіби зертханаларды құру»

мамандық таңдау барысында оқушылардың даралығы мен жеке қабілеттілігінің қалыптасуына кәсіптік бағдар мен қолдау көрсету, оқушыларды кәсіптік сынамадан өткізу, мамандыққа бейімдеу мақсатында колледждерде интерактивті зертханалар ашу

кәсіби сынмалардан өту барысында таңдаған сала бойынша жұмыстың мазмұнын, ерекшеліктерін, өткізілген сынамаға қатысты жалпы теориялық білімді, болашақта жұмысқа қажетті материалдар, құрал жабдықтар, жұмысберушілер тарапынан оларға қойылатын талаптарды, енбек қауіпсіздігінің ережелерін біліп шығады. 2022 жылға қарай облыстың 20 колледжінде зертханалар ашылады

  • Жаңа қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие

  • Рухани-адамгершілік тәрбие

  • Ұлттық тәрбие

  • Отбасы тәрбиесі

  • Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие

  • Көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие

  • Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбиесі

  • Дене тәрбиесі, салауатты өмір салты

«WorldSkills»

жұмысшы мамандығының мәртебесін артыру, жастардың кәсіптік білім беруді дамытуға және мансаптық жеке өсуіне қойылатын біліктілігін арттыруға ынталандыру, облыстың экономикасы үшін кәсіптік кадрларды даярлау жүйесін дамыту және қалпына келтіру

Кәсіби шеберліктің ұлттық және халықаралық конкурстарына қатысу үшін үздік жұмыс мамандықтарын анықтау; Оқудың инновациялық формаларына қол жеткізу; Кәсіби біліктілікті және жоғары білікті кадрларды даярлаудың үздік тәжірибесімен танысу

  • Жаңа қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие

  • Рухани-адамгершілік тәрбие

  • Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие

  • Көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие

  • Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбиесі

«Мектепке тағзым»

Облыс оқушыларына мектеп бітіріп жетістікке жеткен табысты түлектердің өмірін үлгі ете отырып, өмір жолын дұрыс таңдауға қабілеттіліктерін арттырып, рухани-адамгершілік бағытты қалыптастырып жүйе құру

барысында облыс бойынша барлық жалпы білім беру ұйымдарында оқушылардың жанұяларымен, ардагер-ұстаздармен, жергілікті қауыммен үнемі тығыз ынтымақтастық қарым-қатынаста жүзеге асырылады.Жыл сайын туған мектептерінің қабырғасында танымал түлектермен кездесулер ұйымдастырылып отырады. Мектеп пен мектеп түлектері арасында тығыз байланыс орнап, ұрпақтар арасындағы сабақтастық қалыптасады. Бітірушілердің жақсы іс-әрекеттері туралы жинақ жарияланады

  • Жаңа қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие

  • Рухани-адамгершілік тәрбие

  • Еңбек тәрбиесі

  • Көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие

  • Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбиесі




  • «BUSINESS»

«Бизнес-клубтар»

оқушылар арасында белсенді өмірлік ұстанымды тәрбиелеу, ақпараттандырылған шешімдерді қабылдау қабілетін, жауапкершілікті болуды қалыптастыру, тәуекелдерді бағалауды үйрету


оқушылар кәсіпкерлермен және бизнесмендермен жеке танысып өз мәселелерімен бизнес-жоспарларын талқылау мүмкіндігіне ие болады. Клубтарда семинарлар, кездесулер, тренингтер, мастер-класстар өткізіледі. Жылдың соңында қатысушылар өздерінің бизнес-жобаларын қорғайтын болады деп күтілуде.

  • Жаңа қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие

  • Рухани-адамгершілік тәрбие

  • Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбиесі




«Кәсіпкерлік негіздері»

оқушыларға кәсіпкерлік, бизнес пен экономиканың негіздері бойынша оқушыларға базалық білімдер беру, өз таңдауы үшін жауапкершілікке үйрету, кәсіпкерлікке ойлау жүйесі мен белсенділік өмірлік ұстанымдарын қалыптастыру

оқушылар кәсіпкерлік негіздерін толық түсініп, қандай кәсіптердің сұранысқа ие екенін біледі деп күтілуде. Бұл курстар мектептерде арнайы сабақ ретінде арнайы дайындалған бағдарламамен жүргізілетін болады.

  • Жаңа қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие

  • Рухани-адамгершілік тәрбие

  • Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбиесі




«Бизнес баспалдағымен»

оқушыларды кәсіпкерлікке бейімдеп, бизнес алаңдарының жұмыстарымен таныстыру


оқушылардың экономикалық білімдерімен мүдделерінің ауқымын кеңейіп байланыс дағдылары қалыптасады. Оқу жылының соңында ең үздік экономикалық ойыншылар анықталады.

  • Жаңа қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие

  • Рухани-адамгершілік тәрбие

  • Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбиесі

«Кәсіпкерлік және бизнес сыныптар»

білім алушыларды болашақ өмірге, бизнес әлеміне дайындау, оқыту, мансаптық бағдарлау. Үздік кәсіпкерлермен, бизнес көшбасшыларымен кездесулер ұйымдастыру


Бұл бизнес-сыныптар танымал кәсіпкерлер, бизнес көшбасшылары, мәдениет қайраткерлері экономикалық, әлеуметтік және мәдени күн тәртібіндегі өзекті тақырыптар мен үрдістер туралы лекцияларды ұсынатын интеллектуалдық сынып болады деп күтілуде.

  • Жаңа қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие

  • Рухани-адамгершілік тәрбие

  • Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбиесі




«Отбасы әлемі»

«Отбасыммен мақтанамын»

отбасы құндылықтарын насихаттау, отбасы беделін, отбасылық тәрбиені нығайту және қолдау, балалар тәрбиесі мен отбасы құндылықтарын нығайту бағытындағы салмақты үлестері бар облыстағы отбасыларды анықтау және қолдау.

Отбасы тәрбиесінің беделін арттыру, үздік отбасын анықтау.


  • Ұлттық тәрбие

  • Отбасы тәрбиесі

  • Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбиесі




Бірыңғай ата-аналар жиналысы

Бала тәрбиесінде мектеп пен отбасы ықпалдастығын арттыру және отбасы тәрбиесіндегі ата-аналардың жауапкершілігін арттыру

Отбасы тәрбиесін жетілдірудің нақты жолдарын қалыптастыру.

  • Ұлттық тәрбие

  • Отбасы тәрбиесі

  • Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбиесі

«Алтын қазына»

«Бояулар құпиясы»

жас суретшілердің эстетикалық, гуманистік және патриоттық сезімдерін, әлемдік және отандық көркем мәдениеттің дәстүрлеріне деген қызығушылықтарын тәрбиелеу; қосымша көркемдік білім беруді дамыту, білім алушының тұлғасын тәрбиелеу, оқыту және шығармашылық дамытудағы балалар көркемөнер мектептерінің рөлін арттыру; кәсіби және мәдени байланыстарды дамыту және нығайту, облыстағы көркемөнер білімінің сапасын арттыру.


Байқауға аудандық, қалалық көркем шығармашылық байқауларының жеңімпаздары – 10-17 (18 жасқа дейін) жастағы білім алушылар қатысады. Бұқаралық іс-шараларға қатысу арқылы көркем шығармашылықты насихаттау, балаларды қосымша біліммен қамтуды арттыру үшін байқау екі кезеңде өткізіледі. Бірінші кезең (іріктеу) – өңірлік: мектепішілік; аудандық (қалалық); облыстық, екінші кезең (қорытынды) – республикалық байқау. Облыстық кезеңнің жеңімпаздары –шығармашылық қабілеттерінің жоғары деңгейін көрсеткен жас суретшілер республикалық турға 8 адам (7 бала және 1 жетекші) жолдама алады.

  • Рухани-адамгершілік тәрбие

  • Ұлттық тәрбие

  • Көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие




«Алтын қазына»

білім алушыларды көркем өнерге, тарихи мұраға араластыру, оларды белсенді шығармашылық қызметке тарту, оларды әлеуметтендіру; бала тұлғасының шығармашылығын, оның әлемді эмоциямен қабылдаудағы эстетикалық сезімін дамыту; балалар шығармашылығының көркем және қолданбалы-сәндік өнеріне деген қызығушылықтарын дамыту; заманауи сәндік-қолданбалы өнердегі халық дәстүрін сақтау және елдің мәдени-тарихи мұрасын арттыру.

Көрме-байқауға аудандық, қалалық көркем шығармашылық байқауларының жеңімпаздары – 11-17 (18 жасқа дейін) жастағы білім алушылардың жұмыстары қабылданады.

Көрме-байқау екі кезеңде өткізіледі. Бірінші кезең (іріктеу) – өңірлік: мектепішілік; аудандық (қалалық); облыстық, екінші кезең (қорытынды) – республикалық байқау. Облыстық кезеңнің жеңімпаздары –шығармашылық қабілеттерінің жоғары деңгейін көрсеткен жас суретшілер республикалық турға 8 адам (7 бала және 1 жетекші) жолдама алады.

  • Рухани-адамгершілік тәрбие

  • Ұлттық тәрбие

  • Көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие




«Шеберлер қалашығы»

білім алушыларды көркем өнерге, тарихи мұраға эстетикалық сезімін дамыту; балалар шығармашылығының көркем және қолданбалы-сәндік өнеріне деген қызығушылықтарын дамыту; заманауи сәндік-қолданбалы өнердегі халық дәстүрін сақтау және елдің мәдени-тарихи мұрасын арттыру.


Көрме-байқауға аудандық, қалалық көркем шығармашылық байқауларының жеңімпаздары – 11-17 (18 жасқа дейін) жастағы білім алушылардың жұмыстары қабылданады.

Көрме-байқау екі кезеңде өткізіледі. Бірінші кезең (іріктеу) – өңірлік: мектепішілік; аудандық (қалалық); облыстық, екінші кезең (қорытынды) – республикалық байқау. Облыстық кезеңнің жеңімпаздары –шығармашылық қабілеттерінің жоғары деңгейін көрсеткен көрмеге қатысушылар республикалық турға 7 адам (6 бала және 1 жетекші) жолдама алады.

  • Рухани-адамгершілік тәрбие

  • Ұлттық тәрбие

  • Көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие




«Дарындылар елі»

«Театрдың ғажайып әлемі»

өзін-өзі танытуға, әлемді эстетикалық және бейнелі тануына ерекше қабілеттерін қалыптастыру және дамыту; сахна мәдениеті мен шеберлігінің жоғары деңгейіне жеткен дарынды орындаушылар мен кәсіпқой педагогтар, балалар мен жастардың театр ұжымдарының ұйымдастырушыларын, балалар мен жастардың театр ұжымдарын анықтау; балалар мен жастардың жаңа театр ұжымдарын құруға ынталандыру; балалар мен жастардың бос уақытын сапалы ұйымдастыруға ықпал ету;балалар мен жастардың театр ұжымдары арасында шығармашылық байланыс үшін жағдай жасау, тәжірибе алмасу.

Байқауға жалпы орта және балаларға қосымша білім беру ұйымдарының балалар театр ұжымдары қатысады. Театр ұжымдарының байқауы 2 кезеңде өткізіледі:

Бірінші кезең (іріктеу) – өңірлік: мектепішілік; аудандық (қалалық); облыстық, екінші кезең (қорытынды) – республикалық байқау. Облыстық кезеңнің жеңімпаздары –сахна мәдениеті мен шеберлігінің жоғары деңгейін көрсеткен дарынды жастардың театр ұжымы республикалық турға 8 адам (7 бала және 1 жетекші) жолдама алады.


  • Рухани-адамгершілік тәрбие

  • Ұлттық тәрбие

  • Көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие




«Ақ шағала»

Білім алушыларды хореографиялық өнерге, тарихи мұраға тарту, белсенді шығармашылық қызметке тарту, оларды әлеуметтендіру; би мәдени дәстүрлерін қалпына келтіру, би мәдениетінің тарихын зерттеу; білім алушылар тұлғаларының шығармашылық, әлемді эмоциялық танудағы эстетикалық сезімдерінің дамуы; білім алушылардың эмоциялық саласының және шығармашылық қабілеттерінің ашылуы; заманауи өнердегі халық дәстүрлерін сақтау; балалардың патриоттық сезімін, ұлттық мәдениетті, халық дәстүрлерін құрметтеуге және аялауға тәрбиелеу.

Байқауға аудандық (қалалық) хореография байқауларының жеңімпаздары болған 10-17 жастағы (18-ге дейін) білім беру ұйымдарының білім алушылары қатысады.

Көрме-байқау екі кезеңде өткізіледі. Бірінші кезең (іріктеу) – өңірлік: мектепішілік; аудандық (қалалық); облыстық, екінші кезең (қорытынды) – республикалық байқау. Облыстық кезеңнің жеңімпаздары –би мәдениеті мен шеберлігінің жоғары деңгейін көрсеткен дарынды жастардың ұжымы республикалық турға 10 адам (9 бала және 1 жетекші) жолдама алады.

  • Рухани-адамгершілік тәрбие

  • Ұлттық тәрбие

  • Көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие




«Жас музыканттар»

балалардың әртүрлі музыкалық аспаптарда ойнауын насихаттау, музыкамен айналысатын ұжымдардың түрлерін дамыту және жетілдіру, білім алушылардың өзі өзі таныту және қоғамға танымал болу мүмкіндіктерін кеңейту; балалар мен жасөспірімдердің ,оның ішінде ауылдық жерде тұратын балалардың әлеуметтік және шығармашылық тұрғыда өзін-өзі танытуға ықпал жасау, үздік классикалық және замануи өнер үлгілерін игеру және орындау.

Байқауға аудандық (қалалық) музыка байқауларының жеңімпаздары болған 10-17 жастағы (18-ге дейін) білім беру ұйымдарының білім алушылары қатысады.

Фестиваль – байқауы екі кезеңде өткізіледі. Бірінші кезең (іріктеу) – өңірлік: мектепішілік; аудандық (қалалық); облыстық, екінші кезең (қорытынды) – республикалық байқау. Облыстық кезеңнің жеңімпаздары –би мәдениеті мен шеберлігінің жоғары деңгейін көрсеткен дарынды жастардың ұжымы республикалық турға 25 адам (22 бала және 1 жетекші) жолдама алады.

  • Рухани-адамгершілік тәрбие

  • Ұлттық тәрбие

  • Көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие




«Ұлы өнертапқыштыққа алғашқы қадам»

«Ұлы өнертапқыштыққа алғашқы қадам»

білім алушыларды жергілікті бюджет қаражаты негізінде өнертапқыштыққа баулу арқылы аймақтық кезеңдеріне (мектепшілік, аудандық/қалалық, облыстық) қатысушылар санынын арттыру; «Ұлы өнертапқыштыққа алғашқы қадам»облыстық инновациялық идеялар байқауы арқылы өнертапқыштықта дарынды балаларды анықтап санын арттыру.

Байқауға аудандық (қалалық) байқауларының жеңімпаздары болған 11-17 жастағы (18-ге дейін) білім беру ұйымдарының білім алушылары қатысады. Бұқаралық іс-шараларға қатысу арқылы көркем шығармашылықты насихаттау, балаларды қосымша біліммен қамтуды арттыру үшін байқау екі кезеңде өткізіледі. Бірінші кезең (іріктеу) – өңірлік: мектепішілік; аудандық (қалалық); облыстық, екінші кезең (қорытынды) – республикалық байқау. Облыстық кезеңнің жеңімпаздары республикалық турға 10 адам (9 бала және 1 жетекші) жолдама алады.

  • Рухани-адамгершілік тәрбие

  • Ұлттық тәрбие

  • Көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие




«Роботтар» көрмесі


ротототехника автоматты жүйесіне оқушылардың қызығушылығын арттыру; робототехника бағыты бойынша алғашқы дағдыларды және білімді сіңіру; болашақ инженер мамандығын танымал ету (наноинжнерия, биоинжинерия, роботозация).

2018, 2019 жылдары аудандар орталықтары мен Тараз қаласында оқушылардың қолымен жасалған робот көрмесі ұйымдастырылады. 2020 – дан бастап 2022 жылға дейін робототехника конкурсы өткізілетін болады

  • Жаңа қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие

  • Рухани-адамгершілік тәрбие

  • Ұлттық тәрбие

  • Көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие

«Техникалық шығармашылық және өнертапқыштық жарысы»

балалар мен жасөспірімдер техникалық шығармашылығына қолдау беру және ынталандыру; оқушыларды ғылыми техникалық шығармашылыққа, өнертапқыштыққа және рационализаторлыққа баулу; талантты балаларды айқындап марапаттау; олардың өзін – өзі жүзеге асыруына жағымды жағдаймен қамтамасыз ету, кәсіби бағдарға қолдау беру, оқушыларға патриоттық тәрбие беру.


Байқауға аудандық, қалалық көркем шығармашылық байқауларының жеңімпаздары – 10-17 (18 жасқа дейін) жастағы білім алушылар қатысады. Бұқаралық іс-шараларға қатысу арқылы көркем шығармашылықты насихаттау, балаларды қосымша біліммен қамтуды арттыру үшін байқау екі кезеңде өткізіледі. Бірінші кезең (іріктеу) – өңірлік: мектепішілік; аудандық (қалалық); облыстық, екінші кезең (қорытынды) – республикалық байқау. Облыстық кезеңнің жеңімпаздары – шығармашылық қабілеттерінің жоғары деңгейін көрсеткен жеңімпаздары республикалық турға 10 адам (8 бала және 2 жетекші) жолдама алады.

  • Рухани-адамгершілік тәрбие

  • Ұлттық тәрбие

  • Көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие

  • Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбиесі




«Кітап – білім бұлағы»

«Шаңырақ» жобасы аясында Назарбаев Зияткерлік мектептерінің тәжірибесін тарату мақсатында «Буккроссинг» – «Bookcrossing» акциясы

Назарбаев Зияткерлік мектептерінің тәжірибесін тарату, өскелең ұрпақтың кітапқа, кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, мектептер арасында байланысты нығайту

білім беру ұйымдарында оқушылар мен педагогтар арасында оқырман аудиториясының саны көбейеді, оқырмандардың кітапқа деген ықыласын ояту, рухани мәдениетін көтеру. Көркем әдебиетке деген қызығушылығын арттырып, әрдайым ізденісте болуға, өзінің білім деңгейін көтермелеп отыруға баулу. Оқырмандарды оқулықты құрметтей білуге, кітапқа деген сүйіспеншілігін арттырып, ұқыпты ұстауға тәрбиелеу

  • Жаңа қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие

  • Рухани-адамгершілік тәрбие

  • Көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие

  • Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбиесі




«Ең үздік кітап оқитын мектеп», «Ең үздік кітап оқитын колледж» облыстық байқау


оқушыларды рухани және интеллектуалды дамуына кітап оқу арқылы қызығушылығын арттыру, кітап оқуды насихаттау

білім беру ұйымдары кітапханаларында оқушылар мен студенттер арасында көркем әдебиетті оқуды насихаттау бойынша кітапхана жұмысының түрлері мен әдістері, яғни оқырмандық акциялар, шығармашылық байқаулар, фестивальдер, интернет-викториналар, олимпиадалар, конференциялар, әдеби оқулар, өткізіледі. «Ең үздік кітап оқитын мектеп», «Ең үздік кітап оқитын колледж» облыстық байқауының жеңімпаздары анықталады

  • Жаңа қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие

  • Рухани-адамгершілік тәрбие

  • Көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие

  • Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбиесі




«Білім беру ұйымдарының кітапханаларын интерактивті тақтамен жабдықтау»


білім беру мекемелерінің кітапханаларын ақпараттық қоғамның талаптарына сәйкес жабдықтау, білім алушыларды жан-жақты ақпараттық қамтамасыз ету

білім мекемелерінің кітапханаларын интерактивті құралдармен жабдықтау


  • Жаңа қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие

  • Рухани-адамгершілік тәрбие

  • Көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие

  • Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбиесі

«Сыйлыққа-кітап»


оқырмандардың сұранысын қамтамасыз ету мектеп кітапханаларының қорын анықтамалық, ғылыми, танымдық және көркем әдебиеттермен толықтыру

білім беру ұйымдары кітапханаларының кітап қорын көбейту, оқырман белсенділігін арттыру, оқушылардың кітап оқуға деген ынтасын дамыту, оқушылардың қайырымдылық қасиеттерін тәрбиелеу


  • Жаңа қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие

  • Рухани-адамгершілік тәрбие

  • Көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие

  • Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбиесі


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет