Құрал құрылымы:
Кіріспе (өзектілігі, негіздемесі, дайындау қажеттілігі);
Негізгі бөлім:
Мектепке дейінгі ұйымдардың музыка жетекшілерінің педагогикалық үдерісті ұйымдастыру және олардың ерекшеліктері;
Ересек жастағы балаларды би және музыкаға оқытуда мектепке дейін ұйымдардың музыка жетекшілерінің іс-әрекетін жоспарлау және ұйымдастырудың заманауи әдістері мен нысандары.
«біз мектепке барамыз» (5 жастан 6 жасқа дейін) мектепке дейінгі ересек жастағы балаларды тәрбиелеу мен оқыту бағдарламасына сценарийлер дайындау.
Күтілетін нәтижелер:
Музыка жетекшілерінің педагогикалық шеберлігін мен кәсіби құзыреттілігін мектепке дейінгі ұйымдардың білім беру қызметін ұсыну сапасын арттыру.
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМДАРДЫҢ МУЗЫКА ЖЕТЕКШІЛЕРІНІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҮДЕРІСТІ ҰЙЫМДАСТЫРУЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында педагогикалық үдерістің ерекшеліктерін, оның дамуының заманауи үрдістерін қарастырайық.
Баланың музыкалық даму үдерісі жалпы педагогикалық үдерістен біршама оқшау жүреді. Бұл балаларды музыкалық дамытуы арнайы педагогпен (музыка жетекшісі) арнайы бөлмеде (музыка залы) атқарылуымен байланысты. Мұндай ұйымдастырудың артықшылықтары ерекше. Алайда, бұл тәжірибеде баланың музыкалық дамытудың мақсатты үдерісі музыкалық ойындар мен сабақтар үшін арнайы бөлменің табалдырығын аттаған кезде аяқталуына алып келеді.
Сондықтан, балалардың музыкалық дамыту және тәрбиелеу үдерісін жаңарту және жаңғырту келешегі біртұтас педагогикалық үдеріс логикасында оның орын алу заңдылықтарын қарастырумен байланысты.
Педагогикалық үдеріс дегеніміз не?
Заманауи педагогикалық ғылымда педагогикалық үдерістің мәнін ұғынудың әртүрлі көзқарастары бар. Жалпы мағынада, педагогикалық үдеріс – білім беру, тәрбиелеу, оқытудың алға қойылған мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған балалар мен педагогтардың белгілі бір білім беру үдерісі мен уақыт шеңберінде дамитын арнайы ұйымдастырылған өзара әрекеті.
Жағдайды талдау, педагогикалық міндеттерді айқындау, шешім нұсқаларын жобалау және іске асырудың оңтайлы шарттарын таңдау кезеңдері.
Педагогикалық үдеріс субъектілерінің өзара әрекеті мен іс-әрекетін ұйымдастыруын қарастыратын міндеттерді шешу жоспарын іс жүзінде жүзеге асыру кезеңі.
Алға қойылған міндеттерді шешу нәтижелерін талдау кезеңі.
Барлық балаларда музыкалық қабілеттілік әртүрлі пайда болады. Кейбір балаларда бір жасында барлық үш негізгі қабілеттіліктер айқын көрінеді, жылдам және оңай дамиды. Бұл баланың музыкаға деген қабілеттілігін көрсетеді. Ал кейбір балаларда мұндай қабілеттілік кейінірек байқалып, қиындықпен дамиды. Балаларда музыкалық - есту қабілеті - әнді дауыспен айту қабілеті немесе әнді естуі бойынша музыкалық аспапқа салу қабілеті барынша қиынырақ дамиды.
Мектеп жасына дейінгі көптеген балаларда бұл қабілеттілік бес жасқа қарай дамиды. Б.М.Теплов пікірінше, қабілеттіліктің болмауын немесе әлсіз көрсеткіші болып табылмайды.
Бала өсетін (әсіресе, өмірінің бірінші жылында) ортасының маңызы зор. Музыкалық қабілеттіліктердің ерте жастан қалыптасуы жеткілікті музыкалық әсер алған балаларда байқалады.
Егер қандай да бір қабілеттіліктің дамуы кешеуілдесе, басқа қабілеттіліктердің дамуын тежейді. Сондықтан, музыкалық қабілеттіліктердің динамикалығы мен дамуын мойындай отыра, бір реттік сынақ жүргізіп, олардың нәтижесінде баланың музыкалық болашағын болжау орынсыз. Л. С. Выготскийдің пікірінше, балалардың дамуына үнемі диагностика жүргізу қажет. Жылына 1-2 рет жүргізілетін музыкалық қабілеттіліктер диагностикасы әрбір баланың өзіндік даму және тиісінше сабақ мазмұнын түзету туралы қорытынды жасауға мүмкіндік береді.
Музыкалық тәрбиелеу бойынша жұмыстарды жоспарлау мен есебіне балалардың бағдарламалық дағдылары мен қабілеттерін игеруіне бақылау ғана кіреді. Оқыту дамытушы сипатта болуы үшін дағдылар мен қабілеттерді игеруіне ғана емес, бірінші кезекте балалардың музыкалық қабілеттіліктерін бақылау қажет.
Музыкалық-дидактикалық ойындар мен құралдар арқылы мектепке дейінгі ересек жастағы балалардың музыкалық-сенсорлық қабілеттерін дамыту.
Мектеп жасына дейінгі балалардың музыканы интонациялық қабылдау негізінде олардың музыкалық-сенсорлық қабілеттіліктерін дамыту.
Белгілі ғалымдардың, педагогтардың зерттеуі баланың есте сақтау, ойлау, көз алдына елестету қабілеттіліктерін ерте жастан қалыптасуы қажеттілігі мен мүмкіндігін дәлелдеді.
Музыка әрқашан қоғамда ерекше орын алады. Көне ғасырларда музыкалық-медициналық орталықтар адамдарды жүйке жүйелерінің бұзылуынан, уайымнан, жүрек-тамыр жүйелерінің ауруынан емдеген. Музыка адамның ой-өрісіне жауап беретін жасушалардың өсуін жылдамда отырып, интеллектуалды дамуына әсер етеді. Музыка арқылы адамның эмоционалдық хал-жағдайына әсер етуге болады.
Адамның есту сезімталдығы жоғары болғанда үйлесімді дыбыстардың эмоционалдық әсері күшейе түседі. Дамыған музыкалық есту оған қойылатын талаптарға одан да жоғары талапты қажет етеді. Сезімтал есту қабілеті эмоционалдық күйзелістерін жарқын түске бояйды.
Музыкалық қабілеттіліктерді дамыту үшін барынша қолайлы жағдай болып табылады. Бала кезінде музыкалық талғамды, эмоционалдық ықыластылықты дамыту «болашақта адамның жалпы рухани мәдениетінің бөлігі ретінде оның музыкалық мәдениетінің іргетасы» қаланады.
Педагог-музыканттар әр баланың бойында музыкалық іс-әрекетке деген негізгі қабілеттері болатындығы туралы пікірге келді. Олар музыкалық қабілеттіліктердің негізін құрайды.
Музыкалық қабілеттілік мәселелерін зерттеу саласындағы мамандар мен ғалымдар пікірінше, «дамымайтын қабілеттілік» ұғымы ақылға қонбайтын болып табылады.
Баланың музыкалық дамуы үшін туылғанынан барлық қажетті жағдайлар жасалса, онда оның музыкалық қабілеттіліктерін қалыптастыруда едәуір нәтиже беретіндігі дәлелденген. Табиғат адамға қоршаған ортаны көру, сезу үшін барлық дерлік мүмкіндіктерді берген: жоғары дыбысты есту, ырғақ сезімі. Әрбір баланың бойында осы қабілеттердің болуы еститін музыканы жаңа мазмұнмен толтырады. Музыкалық қабілеттіліктердің дамуы – балаларды музыкалық тәрбиелеудің басты міндеттердің бірі болып табылады. Педагогика үшін музыкалық қабілеттіліктердің табиғаты туралы түбегейлі мәселе олар адамның бойында тумысынан бар немесе оқыту мен тәрбиелеудің қоршаған ортасының әсер ету нәтижесінде дамитындығы болып табылады.
Музыкалық педагогика мен психология қалыптасуының әртүрлі тарихи сатысында және қазіргі таңда теориялық әзірлемелерде, тиісінше, музыкалық қабілеттіліктерді дамыту мәселесінің тәжірибелік аспектіде әртүрлі тұрғылар бар.
Б. М. Теплов өз еңбектерінде музыкалық қабілеттіліктердің даму мәселесіне терең жан-жақты зерттеу жүргізді. Музыкалық қабілеттіліктердің туа біткендігі туралы мәселеде өз позициясын нақты айқындады. Музыкалық іс-әрекетті табысты жүзеге асыру үшін қажетті музыкалық қабілеттіліктер, Теплов пікірінше, «музыкалылық» түсінігіне бірігеді. Ал музыкалылық «бұл музыкалық іс-әрекеттің кез келген түрімен байланысты музыкалық іс-әрекет сабағы үшін қажетті қабілеттіліктердің кешені».
Музыка – музыкалық ладпен (мажор, минор) белгілі бір түрде ұйымдастырылған тембр, динамика, жоғарылығы әртүрлі болатын түрлі дыбыстардың қозғалысы. Музыкалық мазмұнды тереңірек қабылдау үшін адам есту қабілеті арқылы қозғалатын дыбыстардың саралануы, ырғақтың мәнерлігін айыра алатын қабілеті болуы керек.
Музыкалық дыбыстардың әртүрлі қасиеттері бар, олардың тембрі, динамикасы, ұзақтығы, жоғарылығы болады. Оларды жеке дыбыстарға ажырату қарапайым сенсорлық музыкалық дыбыстарды құрайды.
Дыбыс ұзақтығы музыкалық ырғақтың негізінде жатыр. Эмоционалдық мәнерлілік, музыкалық ырғақ сезімі адамның музыкалық қабілеттіліктерінің бірін музыкалық-ырғақ сезімді құраса, жоғарылық, тембр және динамика тиісінше жоғары дыбысты, тембрлі және динамикалық естудің негізін құрайды.
Лад сезімі, музыкалық-есту және ырғақ сезімі музыкалылықтың түйінін құрайтын үш негізгі музыкалық қабілеттіліктерді құрайды.
Лад сезімі – бұл эмоционалдық күйзеліс, эмоционалдық қабілеттілік. Сонымен қатар, лад сезімінде музыкалылықтың эмоционалдық және есту жақтарының бірлестігі байқалады. Ладтың жеті сатысының бірі тұрақты, біреуі тұрақсыз дыбысталады. Осыдан туындайтыны, лад сезімі – музыкада көрсетілген музыканың жалпы сипаттамасын ғана емес, тұрақты, аяқталмаған және аяқтауды талап ететін дыбыстар арасындағы белгілі бір қатынастарды ажырата білу. Лад сезімі музыканы эмоционалдық күйзеліс, «сезімталдық қабылдау» ретінде қабылдау кезінде байқалады. Теплов Б. М. оны «музыкалық естудің естілім, эмоционалдық компонент» деп атайды. Ол музыканы таныған кезде, дыбыстардың ладын айқындау кезінде байқалуы мүмкін. Мектепке дейінгі жаста лад сезімінің даму көрсеткіштері музыкаға деген қызығушылық пен сүйіспеншілігі болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |