Бағдарламасында әр сынып бойынша «Дыбыс және әріп»


- сыныпқа арналған «Қазақ тілі» оқу пәнінің базалық мазмұны



бет2/2
Дата27.11.2023
өлшемі20,6 Kb.
#193750
түріБағдарламасы
1   2
Байланысты:
5 СОӨЖ

2 - сыныпқа арналған «Қазақ тілі» оқу пәнінің базалық мазмұны:

  1. Дыбыс және әріп: қазақ тілі дыбыстарын дұрыс айтуға үйрету, қазақ тіліндегі ұқсас дыбыстарды дұрыс айту, олардың дыбысталу ерекшеліктерін түсіну. Әр түрлі дыбыстарды ажырату; сөздегі дауысты, дауыссыз дыбыстарды анықтау, бөліп айту; дыбысты дұрыс айту. Дыбыс және әріп арасындағы байланыс. Жуан, жіңішке дауысты дыбыстар. Дыбыстардың буын құру функциясы. Қазақ тіліндегі әріптердің реті (әліпби). Дауыссыз дыбыстардың бөлінуі. Қатаң және ұяң дауыссыздар. Олардың айырмашылығы;

3-сыныпқа арналған «Қазақ тілі» оқу пәнінің базалық мазмұны:
1) Дыбыс және әріп: қазақ тілде дыбыстарды дұрыс айту: дыбыстардың мағына ажыратушы функциясын практикалық түрде меңгеру. Дыбыс және әріп арасындағы байланысы. Ұқсас әріптерді сөзде, сөйлемде дұрыс қолдану, есте сақтау (бас әріп, кіші әріп). Бас әріптері құсас әріптерді ажырата білу (пт, ш-т, л-м). Дауысты дыбыстардың жуан, жіңішке бөлінуі. Үндестік заңына сәйкес жуан, жіңішке дауысты дыбыстары бар сөздерді дұрыс айту, ажырату. Дауыстылардың буын құру функциясы. Буындардың құрамы: әртүрлі сөздерді буынға бөлу, санын, кезектілігін анықтау. Буын ережелері. Тасымалдау жолдары. Қазақ тіліндегі әріптердің реті (әліпби). Қазақ тілінде әріптердің орналасу тәртібі. Дауыссыз дыбыстардың бөлінуі;

4-сыныпқа арналған «Қазақ тілі» оқу пәнінің базалық мазмұны:

  1. Дыбыс және әріп: қазақ тілде дыбыстарды дұрыс айту: ауызекі сөйлеу тілінде буын және дыбыс үндеcтігін сақтап сөйлеу. қазақ тіліндегі әріптердің орналасу тәртібімен танысу; әліпбидің анықтамасымен танысу, жаттау; сөздерді әліпби ретімен орналастыру. Әртүрлі жазбаша жұмыс түрлерінде дыбысты, әріпті сәйкес дұрыс қолдану (жазба, баспа әріптер). Жуан (а, о, ы, ұ), жіңішке (ә, ө, і, ү) дауыстылар айтылуы мен естілуін ұғыну, сөзде дұрыс жазу. Сөзге дыбыстық талдау жасау. Жұп (а-ә, о-ө, ы-і, ұ-ү) дауыстыларды ажырату. Сөзге дыбыстық талдау жасау. Әртүрлі жұмыс түрлерінде жуан, жіңішке дыбыстыларды дұрыс өзбетімен қолдану. Дауыссыз дыбыстар. Қатаң,ұяң және үнді дауыссыздар.Буын және тасымал: дауыстылардың буын жасай алатыны; сөздерді буынға бөлу; тасымалдау жолдарын мысалдар арқылы ұғыну; тасымалданбайтын сөздер; жуан және жіңішке айтылатын дыбыстар (Ана, Әке). Сөздер мен сөйлемнен жуан және жіңішке болып қолданылған дауыссыздарды табу, астын сызу. «Я, Ю» әріптердің емлесі. Жіңішкелік белгісі (ь) мен айыру белгісі (ъ). «И, Й» әріптердің жазылуы. Осы әріптер кездесетін сөздерге буындық және дыбыстық талдау жасау. «В, Ф» дыбысы мен әріптері. Айтылуы мен жазылуында ажырату. Сөздерге дыбыстық буындық талдау жасау;

Оқыту мақсаттарының жүйесі бойынша күтілетін нәтижелер:


1) «Дыбыс және әріп» бөлімі:

Бөлімшелер

2-сынып

3-сынып

4-сынып

1.1 Қазақ тілі дыбыстарын дұрыс айту



2.1.1.1 қазақ тіліндегі айтылуы ұқсас дыбыстарды дұрыс айту, олардың дыбысталу ерекшеліктерін түсіну; 2.1.1.2 қазақ тіліндегі айтылуы ұқсас дыбыстарды буында, ажырату; 2.1.1.3 қазақ тіліндегі айтылуы ұқсас дыбыстарды сөзде ажырату

3.1.1.1 дыбыстардың мағына ажыратушы функциясын практикалық түрде меңгеру

4.1.1.1 ауызекі сөйлеу тілінде буын және дыбыс үндеcтігін сақтап сөйлеу

1.2 Дыбыс және әріп арасындағы байланыс

2.1.2.1 дауысты, дауыссыз дыбыстар, олардың әріптік таңбалары; 2.1.2.2 акустикалық жағынан ұқсас әріптерді ажырату (жазба әріптер); 2.1.2.3 оптикалық жағынан ұқсас әріптерді ажырату (жазба әріптер); 2.1.2.4 кинетикалық жағынан ұқсас әріптерді ажырату (жазба әріптер)

3.1.2.1 ұқсас әріптерді сөзде, сөйлемде дұрыс қолдану, есте сақтау (бас әріп, кіші әріп); 3.1.2.2 бас әріптері құсас әріптерді ажырата білу (п-т, ш-т, л-м)



4.1.2.1 әртүрлі жазбаша жұмыс түрлерінде дыбысты, әріпті сәйкес дұрыс қолдану (жазба, баспа әріптер)

1.3 Дауысты дыбыстардың жуан, жіңішкелігі

2.1.3.1жуан, жіңішке дауысты дыбыстарды дұрыс айту, ажырату, олардың дыбысталу ерекшеліктерін түсіну; 2.1.3.2 сөздегі жуан, жіңішке дауыстыларды табу

3.1.3.1 үндестік заңына сәйкес жуан, жіңішке дауысты дыбыстары бар сөздерді дұрыс айту, ажырату; 3.1.3.2 сөздерді мәтіннен табу

4.1.3.1 жуан (а, о, ы, ұ), жіңішке (ә,ө,і,ү) дауыстылар айтылуы мен естілуін ұғыну, сөзде дұрыс жазу; сөзге дыбыстық талдау жасау; 4.1.3.2 жұп (а-ә, оө, ы-і, ұ-ү) дауыстыларды ажырата білу; осы дыбыстар кездесетін сөздерге дыбыстық талдау жасай білу; 4.1.3.3 әртүрлі жұмыс түрлерінде жуан, жіңішке дыбыстыларды дұрыс өзбетімен қолдану

1.4 Дыбыстардың буын құру функциясы

2.1.4.1 буын ұғымымен танысу, түсіну; 2.1.4.2 буын құру тәжірибе жүзінде меңгеру; 2.1.4.3 әртүрлі буындарды талдау; 2.1.4.4 буын саны әртүрлі сөздерді буынға бөлу; талдау үлгісін сызу; 2.1.4.5 тасымал жасауды тәжірибе жүзінде көрсетіп түсіндіру; 2.1.4.6 сөздердің дыбыстық, буындық құрамын талдау

3.1.4.1 буынды құрудағы дауыстылардың функциясын түсіну; 3.1.4.2 буындардың құрамы әртүрлі сөздерді буынға бөлу, санын, кезектілігін анықтау; буын ережелерін түсіну; 3.1.4.3 тасымалдау жолдары; тасымалданбайты н екі буынды сөздер туралы білу; 3.1.4.4 буындардың құрамы әртүрлі сөздерді буынға бөлу, санын, кезектілігін анықтау; буын ережелерін қолдану; 3.1.4.5 қазақ тілінде сөздерге қосымшалардың бірыңғай жуан, не бірыңғай жіңішке түрде жалғануын түсіну

4.1.4.1 буын, тасымал ережелерін тәжірибе жүзінде меңгеру; 4.1.4.2 сөздің дыбыстық, буындық құрамын талдау негізінде дұрыс жазу; 4.1.4.3 екпін, екпін түспейтін буындар; 4.1.4.4 екпіннің мағына ажыратушылыққыз меті; 4.1.4.5 бір буыннан, көп буыннан туратын сөздерді тасымалдау

1.5 Қазақ тілі әліпбиі

2.1.5.1 әріптерді тану, әліпбиден әріптерді табу; 2.1.5.2 әліпбиде әріптердің орналасу ретін білу

3.1.5.1 қазақ тілінде әріптердің орналасу тәртібін білу; 3.1.5.2 сөздерді, білім алушылардың тізімін әліпби ретімен орналастыру; 3.1.5.3 тақырыпқа қатысты жаттығулармен тапсырмаларды орындау

4.1.5.1 қазақ тіліндегі әріптердің орналасу тәртібін білу; 4.1.5.2 алфавит анықтамасымен танысу, жаттау; 4.1.5.3 алфавит ретін бекітуге арналған әртүрлі тапсырмаларды өздігінен орындау

1.6 Дауыссыз дыбыстардың топтамасы

2.1.6.1 дауыссыз дыбыстарды дұрыс айту, ажырату; 2.1.6.2 қатаң және ұяң дауыссыздар; олардың айырмашылығы түсіну

3.1.6.1 қатаң, ұяң дыбыстарды атау, ажырату; 3.1.6.2 мәтіннен қажет сөздерді табу, жазу; 3.1.6.3 үнді дауыссыз дыбыстармен танысу, ажырата білу

4.1.6.1 қатаң, ұяң, үнді дауыссыздарды әртүрлі жаттығуларда, тапсырмаларда орфоэпиялық нормаларға сәйкес дұрыс қолдану; 4.1.6.2 «Я, Ю» әріптердің емлесі; 4.1.6.3 жіңішкелік белгісі (ь) мен айыру белгісі (ъ); 4.1.6.3 «И, Й» әріптердің жазылуы. Осы әріптер кездесетін сөздерге буындық және дыбыстық талдау жасау;

Орындаған:Құрманғали Диана





Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет