Бағдарламасындағы ait/abt 4339 «Әскери информациялық технология»



бет12/40
Дата24.11.2023
өлшемі0,9 Mb.
#193304
түріБағдарламасы
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   40
Байланысты:
Ә инфо Тех ЛЕКЦИЯ ТЕЗИСТЕРІ

3. Лекция мазмұны
Ақпараттық жүйелер мен ақпараттық технологияларды құру жобалаудың күрделі процесі болып табылады. Жобалаудың мақсаты жобалаушы құжаттарды дайындау мен ұйымның басқарудың адам-машиналық жүйесін енгізу болып табылады. Жобалау процесінде экономикалық объектінің ең маңызды сиапаттамалары анықталады, оның ішкі және сыртқы ақпараттық ағымдары зерттеледі, зерттелуші жүйенің және оның элементтерінің математикалық және физикалық баламалары жасалады, адам мен басқарудың техникалық құралдарының өзара әрекеттесу шарттары белгіленеді.
Ақпараттық технологияның жобаланушы технологиялық жабдықтауының міндетті элементтері болып табылатындар: ақпараттық, лингвистикалық, техникалық, программалық, математикалық, ұйымдық, құқықтық, эргономикалық.

  1. Ақпараттық жабдықатау (АЖб) – АЖ-де циркуляцияланатын ақпараттың көлемдері, орналастырылуы, ұйымдастыру формалары бойынша жобалық шешімдердің жиынтығы.

  2. Линвистикалық жабдықтау (ЛЖ) – табиғи тілдің формалауына, қолданушылардың есептеу техникасының құралдарымен араласу барысында ақпараттық бірліктерді құру және сәйкестендіруге арналған тілдік құралдардың жиынтығы.

  3. Техникалық жабдықтау (ТЖ) – АТ жұмысын қамтамасыз ететін техникалық құралдар кешені болып табылады (ақпаратты жинау, тіркеу, беру, өңдеу, кескіндеу, тираждауға арналған техникалық құралдар, оргтехника т.б.).

  4. Программалық жабдықтау (ПЖ) – ақпараттық жүйелердің функциялары мен есеперін жүзеге асыратын және техникалық құралдар кешенінің тұрақты жұмысын қамтамасыз ететін программалар жиынтығын құрайды.

  5. Математикалық жабдықтау (МЖ) – функционалдық есептерді шешуде және жобаланушы жұмыстарды автоматтандыру процесінде қолданылатын ақпаратты өңдеудің математикалық әдістері, модельдері мен алгоритмдерінің жиынтығы.

  6. Ұйымдық жабдықтау (ҰЖ) – АЖ-ні жобалау процесінде құрылған, бекітілген және пайдалану негізінде жататын құжаттар кешені.



  7. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   40




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет