Құқықтық жабдықтау (ҚЖ) – АЖ мен АТ-ны құруда және ендіруде құқықтық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалар жиынтығы.
Эргономикалық жабдықтау (ЭЖ) – АЖ мен АТ-ны өңдеу және функционалдануының әртүрлі кезеңдерінде пайдаланылатын әдістер мен құралдар жиынтығы. Адамның АТ-дағы жоғары сапалы, жоғары эффективті және қатесіз жұмысының оптималды шарттарын құруға, оны тез меңгеруге арналған.
Ақпаратық жүйелерді жобалау технологиясы дегеніміз жүйе жобасы мен оның компоненттерін құрудың немесе өңдеудің ортақ концепциясын жүзеге асыруға бағытталған, логикалық бірізділік бойынша реттелген методикалық тәсілдер, техникалық құралдар мен жобалаушы әдістер терімі. Басқарудың АЖ-сын жасауда жобалау базасының сапасы мен құрамы өте үлкен мәнге ие.
АЖ мен оның басты компаненті – ақпараттық технологияны жобалаудың технологиялық тізбегінің міндетті базалық конструкциясы болып технологиялық операция – технологиялық процестің бөлек тетігі табылады.
Бұл түсінік ақпараттық технологияларды жасау процесін кибернетикалық тұрғыдан қарастыру негізінде анықталады. Берілген процесті автоматтандыру технологиялық процестерді формалау қажеттілігін алдын ала анықтайды, өзара байланысқан жобалық процедураларының тізбегін және олардың бейнеленуін технологиялық бірізді біріктіреді.
Пәндік облысты жоба-алдылық зерттеу объектінің барлық сипаттамалары мен ондағы басқару іс-әрекетін, ішкі және сыртқы ақпараттық байланыс ағымдарын, есептердің мен жаңа технологиялық жағдайларда жұмыс істейтін мамандар құрамын, жүйенің болашақ қолданушылары ретіндегі олардың компьютерлік және кәсіби дайындық деңгейін анықтаудан тұрады.
Бірінші түрді, яғни қолданбалы программалар пакетіне кіретін типтік жобалық шешімдерді пайдаланудың мүмкіншіліктерін қарастырайық. Бәрінен де эффективі ақпараттандырылатын жұмыс түрлеріне келесілер жатады:
бухгалтерлік есеп, басқару және қаржылық та кіреді;
экономикалық қызмет саласына анықтамалық және ақпараттық қызмет көрсету;
Жобалаудың автоматтандырылған жүйелері – жобалау жұмыстарын жүргізудің екінші, жедел дамып келе жатқан түрі.
Құрылымдық методология автоматизациясынан басқа және жүйелік және программалық CASE инженериясының қазіргі заманғы әдістерін қолдану мүмкіншіліктері келесі негізгі артықшылықтарға ие:
автоматтық
автоматтық бақылау (ең алдымен жоба бақылауы) құралдары есебінен жасалатын АЖ (АТ) сапасын жақсартады;
қысқа уақыт ішінде болашақ АЖ (АТ) протатипін құруға мүмкіндік береді, бұл бастапқы кезеңдерде күтілетін нәтижені бағалауға мүмкіндік береді;
құрастырушыны созылмалы күрделі жұмыстан босатып, оған жобалаудың шығармашылық бөлімінде ойын толық жинақтауға мүмкіндік береді;
қазір функцияланып тұрған АЖ-ны (АТ) дамуын және жүруін қолдайды;
Жүйенің адаптациялық қасиеттері ұйымның өндірістік және ішкі басқару ортасының айналасындағы сыртқы фон өзгерістеріне бейімделу қабілеттілігін көрсетеді. Тапсырыс берушінің маңызды міндеті – жобалау кезеңінде бүкіл жүйенің функциялануында маңызды мәнге ие басқарушы және шығатын параметрлер мәндеріндегі ауытқулар жіберу шекараларын қалыптастыру.
Жалпы түрде есеп қойылуы төрт принципиалды маңызды компоненттерден тұрады:
ұйымдық-экономикалық схема және оның сипаттамалары;
Математикалық модель және оның негізінде құрылатын алгоритмдер: анықтылыққа (мірмәнділікке), есептегі әртүрлі альтернативті жағдайларға қатысты инварианттылыққа және нәтижелілікке (оны қадамдардың соңғы санынан шешу мүмкіндігі) қойылатын барлық талаптарды қанағаттандыруы керек. Алгоритмдеудің нәтижесі логикалық құрылған және реттелген блок-схема болып табылады.
Есептердің қойылуы және кейіннен компьютерлік жүзеге асырылуы ақпараттық технологиялардың теориялық негізін тиек ететін негізгі ұғымдарды меңгеруді талап етеді. Оларға жататындар:
экономикалық ақпараттың қасиеттері, ерекшеліктері және құрылымы.;
шартты-тұрақты ақпарат, оның мазмұны мен мәні;
ақпаратты тасымалдаушылар, машиналық тасымалдаушының макеті;