Бағдарламасындағы ait/abt 4339 «Әскери информациялық технология»


Оқытудың техникалық құралдары: интеракт. тақта, карта



бет5/40
Дата24.11.2023
өлшемі0,9 Mb.
#193304
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   40
Байланысты:
Ә инфо Тех ЛЕКЦИЯ ТЕЗИСТЕРІ

4 Оқытудың техникалық құралдары: интеракт. тақта, карта .
5 Лекцияның әдістері мен түрлері: баяндама
6 Әр түрлі күрделілік деңгейдегі тапсырмалар
1 деңгей:

  1. Қазіргі оқыту технологияларының мақсаты және олардың дәстүрлі оқыту жүйесінен айырмашылығы айтыңыз

  2. Оқытуды технологияландыру бағыттары мен негізгі белгілеріне тоқталыңыз

  3. Педагогикалық технологияларды оқып-білуде мақсатын атап көрсетіңіз

2-деңгей:

  1. Оқытуды белсендіру және интенсивтендіру негізінде педагогикалық технологиялар жайында мағлқмат беріңіз

  2. Оқыту технологияларын жобалау заңдылықтары мен ұстанымдары жайында түсіндіріңіз

  3. Білім берудегі педагогикалық технологиялардың түрлері және оларға жалпы сипаттама беріңіз



3-деңгей

  1. Жаңа педагогикалық технологияларды ендіру жолдарын талқылаңыз

  2. Оқытудың модульдік жүйесін түсіндіріңіз

  3. Модульдік оқытудың құрылымы талдаңыз

7 СӨЖ және ОБСӨЖ тапсырмалары

  1. Оқу тәрбие процесіне модульдік оқыту технологиясын енгізу тиімділігі

  2. Ақпараттық технологияларды құрудың методикалық негіздері.

  3. Ақпараттық технологиялардың даму тенденциялары

  4. Ақпараттық технология түрлері

  5. Ақпараттық жүйенің және ақпараттық технологияның сапасы мен стандарты

3 Лекция. Сабақтың тақырыбы: «IT-технология түсініктері. Информациялық технологияның даму кезеңдері.»


1.Мақсаты мен міндеттері: Білімгер ІТ-технологиялардың мүмкіншіліктері жайында, оның қолданылуы жайында мағлұмат алып, болашақта оны өз тәжірибесінде пайдалана білу қажет.
2. Лекция мазмұны:
ЖАТ( жаңа ақпараттық технология) жағдайында адамдардың қызметін ұйымдастырудың түрлері мен әдістері туралы білімдерді меңгеруге, әртүрлі операциялық жүйелермен жұмыс істеу біліктілігін меңгеруге, текстерді редакциялауға жөне басқа да дербес компьютерлерде қолданбалы пакеттермен жұмыс істеуді үйренуге мүмкіндік береді.
Әлемдік қоғам, біріншіден, дамыған мемлекеттер мықты ақпараттық инфрақұрылымды құрастырған және бір ақпараттық кеңістік ұйымдастырған, үздіксіз дамитын, кеңейетін және жітілдіретін. Ақпарат қор болды, оны жинауға, өндеуге, қолдануға және таратуға болады. Мемлекет жоғары экономикалық және әлеуметтік жетістіктерге жете алады және әлемдік экономикалық жүйеде толығымен серіктес ролін атқара алады егер де ол қоғам өмірінің барлық аумағында, әсіресе бизнес пен басқаруда, ақпараттық технологияларды (АТ) және ақпараттық жүйелерді көлемімен қолданса.
Ақпараттық технология –ЭЕМ –нің көмегімен ақпаратты жинау, енгізу, тасымалдау, сұрыптау, іздеу, реттеу, өзгерту және өңдеу жұмыстарының тізбегі. Ақпараттық технологияның өндірістік технологиядан айырмашылығы оны адамның қатысуынсыз роботтар іске асыратын үздіксіз процеске айналдыруға болмайды. Өйткені ол құжаттың көшірмесін алу, есепке енгізу, есеп шығару секілді жұмыстармен қатар шығармашылық ізденісті талап ететін шешімдер қабылдау, мәселені жүргізу жолын өзгерту, бірнеше мүмкіндіктерді салыстыра отырып, олардың ішіндегі ең тиімдісін іріктеп алу сияқты таңдау жұмыстарын кеңінен жүргізумен өте тығыз байланысты болады. Сондықтан ақпараттық технология “ адамдық факторға” үлкен көңіл бөледі және оның шеңберлік деңгейінің өсуіне әсер етеді. Ақпараттық технологиялардың мүмкіндіктері биснесте де басқаруда да өте кең және әр түрлі. Бұл аумақтарда ақпарат АТ-ның қолдануының жаңа көкжиектерін ашады. Бағдар бөлінетін жүйелерді жетілдіру мен енгізуге бағытталған, әсіресе клиент (тұтынушы) - сервердің архитектурасы, торлық технологиялардың барлық түрлерін кеңімен қолдану.
Ақпаратты өндеуге қолданылатын кейбір адам қызметінінің аумақтары тізбесін береміз:
білім беру;
банктік қызметтің барлық жақтары;
сақтандыру және кауіппен басқарудың барлық түрлері;
байланыс, әсіресе спутниктер арқылы;
бағалы қағаздарды және тауарларды сату;
медициналық диагностика;
жарнама және сауда;
тауарлырдың сыртын көркемдеу және ораушы;
баспа қызметі, жаңалықтарды және ойын-сауықты жинау;
видеографикадан және лотереядан ойын ұйымдастыру және жүргізу;
жазуды байқау, бақылау және жүргізу;
болжау және модельдеу;
тегік инженерия және биологикалық жинақтау.
Дербес компьютерлер ЖАТ негізі іспетті. 1981ж ІВМ фирмасы дербес компьютер (ДК) жасауы және оның нарыққа жол тартуы барлық америка қоғамы үшін терең экономикалық жөне әлеуметтік зардап келтірді. Біріншіден, ол америка кәсібіне (бизнесіне) қатысты, өйткені сапалы өзгеріске төтеп берді. Былайша айтқанда, компьютерлендіру шағын кәсіпкерліктің гүлденуіне жол берді. Олар ірі кәсіпкерлікпен бәсекелестікте тең түсуіне мүмкіндік алды. Дербес компьютердің кең қолданылуы корпорацияларды үйымдастырудың жаңа модельдерін туғызды. Әсіресе бүтіндей өндіріс орындары мен оның салаларының жұмысын басқаруда дербес компьютер негізінде жілілік технологиялардың дамуы өте маңызды орын алады. Дербес компьютердің пайда болуы жүз мыңдаған жұмыс орнының ашылуына мүмкіндік береді, көптеген талантты адамдарға сәтті жол ашылды. Дербес компьютердің енгізілуімен өте ауыр және бірсарынды еңбектің үлесі азайды да олардың еңбек өнімділігі едәуір өсе түсті, сонымен бірге жүмыс. орындары сапалы өзгерістерге ұшырады. Дербес компьютер іскер адамның дербес құралына айналды.

Біз ақпараттандырылған қоғамның дамуының толық қайшылықгы және әруақытта қүбылыстарды бағалауда бір мағыналы шешуге бола бермейтін жаңакезеңіне кірдік. Біздің түрмысқа техникалық жағынан өте күрделі қүрылғы-дербес компьютер енді. Дербес есептеулер технологиясы ақпараттарды өндеудің жаңа функционалдық мүмкіндіктерінәкелді, ал бүдан сәл бүрынырақ ол ғылыми қиял ғана болатын. Дербес компьютердің қолданылу әдісі өте кең. Адам баласының ақпараттарды өңдеу істерін-ол сандық,, текстік графиктік, аудио-және бейне ақпараттар болсын, орындай береді. Ал бүл өріс кеңінен де дамуда, яғни күн өткен сайын жаңа есептер пайда болуда, сол сияқты ішіне қарай тереңдей түсуде, яғни бұрынғы есептер қайта қаралып, тиянақталып , күрделене түсуде. Қазіргі кезде дербес компьютерді пайдаланбаған бірде-бір ғалым, инженер, әкімшілік, ұйымдастырушы немесе делдалдар жоқ десе де болады.


Ешбір өнеркәсіп технологиясы есептеу техникасын өндіру технологиясы сияқты өте тез қарқынмен дамып отырған жоқ. Ал бұл адамзат қоғамының белгілі бір ғылыми-техникалық деңгейге жеткен обьективті талабынан туындайды. Әртүрлі мемлекеттердің инфрақұрылымына компьютердің ену ауқымы мынадай: Барлық өтіп жатқан процестердің бәріне өте үлкен ықпал етеді,иолар ақпараттық, технологиялық, әлеуметтік, экономикалық. Практикалық және ғылыми есептерді шешуде компьютердің қолданышуының барлық құбылымының жиынтығы қоғамды ақпараттандыру деп аталады. Үдемелі ақпараттандыру — ілгерішіл (өрлеу) процесс, өйткені оның даму дәрежесіне әрбір мемлекеттің экономикалық мүмкіндігі тәуелді. Дербес компьютердің пайда болуы басқа да мынадай алдыңғы қатарлы технологиялық-дербес компьютер үшін әртүрлі құрылғыларды шығаратын жоғарғы өнімді автоматтандырылған кешендер және есептеу жүйелерінің көптеген басқа да компоненттерімен бірге белгілі бір дәрежеде микроэлектроникада революциялық жетістік болып табылады. Дербес компьютерді тетіктермен қамтамасыз етуде өрлеу(ілгерілеу) бағдарламаны қамтамасыз етугеәсереткенібелгілі, ал ол өз кезегінде дербес компьютердің сааплы түгынуына елеулі ықпал етті. Сонымен, дербес компьютердің жетістігі (табысы) өзара байланысты ғылым мен техниканың көптеген технологиялық жетістіктермен дайындалғаны заңдылық.
Қоғамды ақпараттандыру. Дүние жүзінің өркендеген елдері куатты ақпараттық құрылымды күрды және бірыңғай ақпараттық кеңістікті қалыптастыруды жоғарғы қарқынмен іске асыруда. Мемлекет жоғарғы экономикалық және әлеуметтік жетістіктерге жетуі мүмкін және дүниежүзілік экономикалық жүйеге тең құқылы бәсекелес болуға үміткер бола алады, егер ол мемлекетте ақпараттық технологиялар мен ақпараттық жүйелер қоғамның барлық өрісінде қолданьшу табатын, әсіресе кәсіпкерлік пен басқару істерінде қолданыс табатын болса.
Ақпараттындыру адам қызметінің, нарықгағы кез-келген адамның және мемлекеттің барлық істеріне бағытталған болу керек.и Ақпараттандыру адам қызметінің барлық өрісінде ақпараттық технологияны (АТ) жаппай қолдануды, ақпараттық жүйені қүруды, кез-келген экономикалық, ұйымдық немесе әлеуметтік қүрылымның қызмет етуіне әсерлі қолдануды көздейді.
Ақпараттандыру және ақпараттық ортаны құру үрдісі материалдық өндірісті, әлеуметтік өрісті және қызмет көрсетуді көрсетуді қамтиды және мыналарды атқарады:
• өндірісті, өңдеуді және ақпаратты таратуды қамтитын ақпараттық техника мен технологияны қүру:
• ақпараттандыру қүралы мен үдерісін дамытуды -және қолданьшуын . қамтамасыз ететін инфрақұрылымды талдауды:
ақпараттың өзін, ақпараттандыру өнімдерін жөне қызмет көрсету өндірістерін: Ақпараттандырудың инфрақұрылымы мынаны иемденеді:
1) ақпараттандыру обьектілері мен технологиялардың өзара бірлесе жұмыс істеуі үшін байланыс жолдары, есептеу құралдары мен желі торлары жүйесін;
2) аппараттар кешенінің қызмет етуін қолдап отыратын бағдарламалық қүралдарын;

3) ақпараттандыру құралдары мен мәліметтер жиынтығын;


4) осы технологияны тиімді пайдалануға қабілетті мамандарды дайындау жүйесін;
5) ақпараттандыру үдерісін тиімді дамытуға мүмкіндік жасайтын экономикалық және қүқықгық механизмдерді. Ақпараттандырудың экономикалық мақсаттары.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   40




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет