Адсорбцияланған ауа – топырақтың қатты бөлігінің бетіне сіңген түрлі газдар.
Қарашіріндісі мол гранулометриялық құрамы ауыр құрғақ топырақтарда оның мөлшері мол
болады.
Еріген ауа – топырақ ылғалы құрамында кездесетін түрлі газдар. Олар – қөмірқышқыл
газы, аммиак, оттегі, күкіртті газ.
Топырақ бойынан атмосфераға көмірқышқыл газының бөлінуі топырақтың
тыныстануы деп аталады. Ал топырақ ауасымен атмосфера ауасы арасында газ алмасу
құбылысын
аэрация
деп атайды.
Аэрация құбылысының оңтайлы жүруіне топырақтың
ауа қасиеттері өз әсерін
тигізеді. Оларға топырақтың ауа өткізгіштігі және ауа сиымдылығы жатады.
Топырақтың
ауа өткізгіштігі
оның өз бойынан ауаны өткізу қабілетімен сипатталады. Топырақтың
жалпы
ауа сыйымдылығы
деп түйіртпектілігі бұзылмаған құрғақ күйінде оның бір
көлемінде бар ауаның пайыз арқылы сипатталған көрсеткіші.
Топырақтың жылу құбылымы
– топырақ жылуының ең басты көзі күн энергиясы
болып табылады, ал аздаған бөлігі жердің
ішкі қабаттарындағы химиялық, биологиялық
және радиоактивты процестерден пайда болған жылудың,
жердің жоғарғы қабаттарына
жылжыуынан келеді.
Күн энергиясынан келген жылудың бір бөлігін топырақ өз бойына сіңіріп, оны
төменгі қабаттарына қарай өткізеді, ал қалған бөлігін кері шағылыстрады. Топырақтың жылу
құбылымы климаттық жағдайларға тәуелді болады. Оның жыл мезгілдеріндегі және
тәуліктік өзгерістері топырақтың жылу құбылымының өзгерісін тудырады. Топырақтың
жылу және су құбылымы топырақ құралу үрдісінің бағыты мен жылдамдығын, топырақтығы
физикалық-
химиялық, химиялық, биохимиялық және биологиялық үрдістер жағдайын
анықтайды. Себебі топырақ құрамындағы қосылыстардың еруі мен тұнуы микроорганизмдер
мен фауна тіршілі температурамен тікелей байланысты. Сондықтан жылу құбылымының
заңдылықтарын білу және оны реттеудің маңызы зор. Жылу қасиеттері мен жылу құбылымы
туралы А.П. Вайков, А.Ф.Чудновский, В.Н. Димо және басқа ғалымдар өз үлестерін қосты.
Топырақтың
жылу қаблеттеріне жылу сіңіру, жылу сыйымдылығы және жылу
өткізгіштігі жатады.
Достарыңызбен бөлісу: