Бағыты: химия Орындаған: 7 сынып оқушысы Намаз Ақерке Ғаниқызы


Зиянды тағамдарды көп қолданғаннан пайда болатын аурулар



бет6/10
Дата15.02.2023
өлшемі474,91 Kb.
#168862
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
031 02.12.22

2.3 Зиянды тағамдарды көп қолданғаннан пайда болатын аурулар
«Ауру – астан» десек те, оған өзіміз мән бере бермейміз. Қазақстандықтар соңғы жылдары зиянды тағамның тұтқынына айналды. Жеңіл асқа жерік көп. Бұл тағам түрі - ағзаға аса қауіпті дейді елдегі гастроэнтерологтар. Еліміздегі адамдардың 80 пайызы дұрыс тамақтанбайтын болып шықты. Соның салдарынан ел арасында ас қорыту жүйесінің бұзылуы, яғни ішек қабаттарының қабынуы, асқазан ісігі сынды дертке шалдығушылар саны көбейген. Өкініштісі сол, соңғы кезде асқазаны ауыратындардың дені жастар. Асқазан ісігіне жетпесе де, ішек қабаттарының қабыну, ойық жараның асқынуы секілді дерттер.
Қазіргі адамдарға тағамның сапасы емес, тез дайындалатындығы маңызды.Кез – келген тағамға қосымша дәмдеуіштер қосылады. Соның бірі - натрий глутанаты. Ол аллергиялық әсерлер береді. Жүйке жүйесінің жұмысына кедергі келтіріп, тыныс алуды қиындатады. Республикалық диагностикалық орталықтың бөлім меңгерушісінің айтуынша, күніне қаралуға 60- 70 адам келеді екен. Жас мөлшері 5 жастан жоғары қарай. Барлығы да жоғарыда айтылған асқазан дертінің себебінен бас сұғады екен. Оның себебі дұрыс тамақтанбау.Тамақтану академиясы бастаған отандық гастроэнтерологтар шала піскен тамақпен күресті күшейтуге мәжбүр. Тіпті тамақтану пирамидасын да ұсынып отыр. Пайдасы сол, қарныңызға ел қондырып, көңіліңізді толтырады демесеңіз, жылдам әзірленетін тағамдардың зияны көбірек. Ол көптеген аурулардың бастауы.
Антисанитарлы жағдайда дайындалған, оған қосылатын заттардың қайда және қанша уақыт тұрғаны белгісіз тағамдар холестерин деңгейін арттырып, аш – ішек пен жүрек – қантамырларында түрлі аурулар туғызады.
Нәрлік құндылығы төмендеген өнімдер адам ағзасында олар ақырын, прогрессивті түрде ағзалар мен жасушаларды бұзады. Бұл әртүрлі ауруларға, яғни ерте қартаю мен мезгілсіз өлімге алып келеді. Сапасы төмен, канцерогені өте жоғары өнімді пайдаланып жүрген кісінің дертіне дауа жоқ. Қылтамақ сияқты емі жоқ аурулардың бәрі де осы канцерогендік заттардан туатынын ғылым дәлелдеп отыр.
Жылдар бойы улы заттар жиналған адамның ағзасы генетикалық өзгерістерге ұшырайды. Ал геннің өзгеруі адамның азуына, көңіл – күйінің құлдырауына әкеп соғады. Бауырдың, талақтың, бүйректің қатерлі ісігіне шалдығуына себепкер осы канцерогендер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет