Бағыты: Тіл және өлкетану Ғылыми жетекшісі


II ӘБІШ КЕКІЛБАЕВТІҢ «МАХАББАТ МҰНАРАСЫ» ШЫҒАРМАСЫНДАҒЫ ДИАЛЕКТ СӨЗДЕРДІҢ ҚОЛДАНЫСЫ



бет4/12
Дата26.09.2023
өлшемі62,31 Kb.
#182524
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
Какен Назерке 11”С”

II ӘБІШ КЕКІЛБАЕВТІҢ «МАХАББАТ МҰНАРАСЫ» ШЫҒАРМАСЫНДАҒЫ ДИАЛЕКТ СӨЗДЕРДІҢ ҚОЛДАНЫСЫ
2.1 Ә.Кекілбаевтың «Махаббат мұнарасы» шығармасынан терілген диалект сөздердің тақырыптық топтамасы
Етістікке тән диалектизмдер (Іс-қимылды білдіреді)

1

Сары ала күйменің ішінде сусылдақ құмаққа
шашасын қаптырып, малтыға жорғалап келе жатқан көп аттың тұншыға жапа-тармағай дүсірін тыңдай-тыңдай
мезі боп кетіп, тұсындағы селдір пердені ысырып сыртқа қарады-ақ –көзіне ылғи сол түседі. (Әбіш Кекілбаев «Махаббат мұнарасы» 11бет)

МАЛТЫ (Гур.,Есб) үнсіз, тыныш отыру. (Қазақ тілінің аймақтық сөздігі. 473 бет)



2

Оларды омақастарған тек бұның аяу білмес алмас қылышы ғана ма?
(Әбіш Кекілбаев «Махаббат мұнарасы» 14бет)



ОМАҚАС 1 (Көкш., Қ.ту; Рес., Омбы) бірлесу, татуласу
ОМАҚАС 2 (Қост.,Торғ.) жер бөлгенде шекарасына үйген топырақ. (Қазақ тілінің аймақтық сөздігі 536 бет)

3

Тек қажып қалма... Тоқмейілсіп қалма... (Әбіш Кекілбаев «Махаббат мұнарасы» 16 бет)

ТОҚМЕЙІЛ (Гур,Маң.) Шаршау, қажу (Қазақ тілінің аймақтық сөздігі 688 бет)

4

Ол бұлаққа беттегенде төңіректегі сақшылар мен сарай қызметкерлері де көзге көрінбей жымып береді. (Әбіш Кекілбаев «Махаббат мұнарасы» 21 бет)

ЖЫМУ. 1 (Түрікм, Красн, Небид, Ашх, Таш.) қашу, жасырыну.
(Қазақ тілінің аймақтық сөздігі 450 бет)

5

Көк сүңгіге ілінгендер ақырғы рет аспанды бір рет көріп қалайыншы дегендей, басын әнтек шошаң еткізіп, шалқая бір қарайды да, сосын мойындары сылқ құлап, найза ұшында қан сасып жатқан қара жерге тесіле қарап тұрып қалды. (Әбіш Кекілбаев «Махаббат мұнарасы» 27 бет)

ӘНТЕК. (Өзб., Там.) қателесу, жаңылысу. (Қазақ тілінің аймақтық сөздігі 106 бет)

6

Манадан бері қауқиып тұрған мамық көрпе әлдеқандай сиқыр құштарлық билеп алған темір тегеуірін жас құшақтың мытып қысқанына шыдай алмай, еріген қардай боп, шөжіп барады. (Әбіш Кекілбаев «Махаббат мұнарасы» 54 бет)

ШӨЖУ. (Алм, Еңб. Қаз.) сену, сеніп қалу. (Қазақ тілінің аймақтық сөздігі 762 бет)

7

Адамдар- тек күндіз ғана адам, ал т үннде олардың өзге жануарлардан ешқандай айырмасы жоқ, пыр-пыр ұйықтайды, қасында әйел жатса, барша жан-жануарлардың қай-қайсысындай о да шырпынып алас ұрады. (Әбіш Кекілбаев «Махаббат мұнарасы» 57 бет)

ШЫРПЫНУ. (Түрікм. Красн, Таш, Ашх, Мары.) айбат шегу (Қазақ тілінің аймақтық сөздігі 778 бет)

8

Мұнараға жеткенше, байтақ шаһардың сыртында шалқып жатқан шалқар кеңістікті қайта көргенше, дызығып жаны қалмайды. (Әбіш Кекілбаев «Махаббат мұнарасы» 100 бет)

ДЫЗЫҒУ. (Ақт, Қараб.) жанталасу, аптығу, сасқалақтау. (Қазақ тілінің аймақтық сөздігі 206 бет)







Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет