Бағыты: Тіл және өлкетану Ғылыми жетекшісі



бет7/12
Дата26.09.2023
өлшемі62,31 Kb.
#182524
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
Какен Назерке 11”С”

ӘЛЕҢКЕДЕЙ ЖАЛЫНУ.
(ҚХР) пысық, еті тірі. (Қазақ тілінің аймақтық сөздігі 132 бет)

16

Әмірші астамшылық ойлаған шебердің монтаны жанарын қалай құртудың қамына шындап кірісті. (Әбіш Кекілбаев «Махаббат мұнарасы» 174 бет)

МОНТАНЫ. (Рес, Орын.) белсе де білмегенсіп тұратын қу, арамза адам. (Қазақ тілінің аймақтық сөздігі 501 бет)



Зат есімге тән диалектизмдер

1

Кенет,әмірші алдындағы ақ шағылдың үстіне шаншылып шыға келген бір жіңішке сырықты көзі шалды. (Әбіш Кекілбаев «Махаббат мұнарасы» 18 бет)



СЫРЫҚ
1. (Қ.орда., Арал, Қарм, Маңғ.) бақан.
2. (Қ.орда, Қарм, Сыр) жер өлшеуші. (Қазақ тілінің диалектологиялық сөздігі 609 бет)

2

Бұның оң жағында сыртын тай жарғақпен қаптаған қарсы алдындағы күміс тағанның үстіне қойып таспиық тартып отырған ақ сұр хазірет әңгімеге араласты. (Әбіш Кекілбаев «Махаббат мұнарасы» 26 бет)

ЖАРҒАҚ.
1. (Павл., Ерт, Көкш, МХР) Құлын терісінен жасалған киім.
2. Қойдың, ешкінің терісінен илеп рауғашқа бояп өрнектелген.
3. (Алм.,Жам.) Жұқа теріден жасалған ыдыс. (Қазақ тілінің аймақтық сөздігі 239 бет)

3

Тай терісінен жасалған он шақты талыс ет ә дегенше туралып та бітті. (Әбіш Кекілбаев «Махаббат мұнарасы» 66 бет)



ТАЛЫС.

  1. (Қ.орда, Сыр, Шу, Мойын.) шеберлердің аспап салатын ыдысы.

  2. (Орал, Орда, Жән.) мес, торсық. (Қазақ тілінің аймақтық сөздігі 644 бет)

4

Қолдарына сырлы ағаш тегене ұстаған бір топ жігіт шықты. (Әбіш Кекілбаев «Махаббат мұнарасы» 66 бет)



ТЕГЕНЕ.

  1. (Жамб, Шу, Сем, Мақ) жылқының қарны ісіп ауыратын ауру.

  1. (Жамб, Сар, Сем, Шұб.) үлкен шара, табақтың түрі. (Қазақ тілінің аймақтық сөздігі 660 бет)

5

Жез легендегі ыстық суға аяғын малып отырып, су құйып тұрған әйеліне үй қожасына берді. (Әбіш Кекілбаев «Махаббат мұнарасы» 73 бет)

ЛЕГЕН
1. (Жамб, Мер, Луг, Тал, Шымк, Сайр.) ет, тағы басқа тағам салатын жайпақ табақ.
2. (Кекш, Щуч, Омбы) қол жуатын шылапшын. (Қазақ тілінің аймақтық сөздігі 466 бет)

6

Қатар-қатар жүк жиналған керме жіптерге қалыңдықтың киімдері жарқыратып жайып қойылған, жерде қалыңдықтың етіктері, кебіс-м7әсілері тізіліп тұрған әлем-жәлем бөлмеде қыз бен жігіт жалғыз қа8лды. (Әбіш Кекілбаев «Махаббат мұнарасы» 74 бет)



КЕРМЕ.

  1. (Гур, Маңғ, Түрікм, Ашх., Красн., Таш, Орын.) кілем сиякты тоқылып көбіне сәндік үшін керегеге ілінетін, ішіне киім-кешек, үсақ-түйек заттар салына- тын қалта.

  2. (МХР) шымылдықтың желбір- шегі.

  3. (МХР) ат байлайтын жер. (Қазақ тілінің аймақтық сөздігі 320 бет)

7

Көзін ашуы-ақ мұң, жан-жақтан атанақтай жүгірген қызметші қыздардан, бұл ұйықтайтын кең бөлме өңшең бір ақ қанат көбелекке толып кеткендей, құлпырып қоя беретін. (Әбіш Кекілбаев «Махаббат мұнарасы» 122 бет)



АТАНАҚ.
1. (Қарақ.) мал төлінің тұмсығына кигізетін құрал.
2. (Түрікм., Небид., Жеб.) құдықтан су тартқанда аркан жылжып түру үшін салынған блок. (Қазақ тілінің аймақтық сөздігі 77 бет)

8

Бұдан айбынды ма, жоқ әңгіменің төркінін аңғарып қалды ма, ала көзін сабаудай-сабаудай сида кірпіктерінің астына қайтадан көміп алды. (Әбіш Кекілбаев «Махаббат мұнарасы» 173 бет)



СИДА.

  1. (Орал, Орда) тебен

  2. (Гур. Маңғ, Есб, Шевч, Орал, Орда) жазы көктеу үшін қолдан жасалған ағаш не темір ине. (Қазақ тілінің аймақтық сөздігі 600 бет)





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет