Бала қолына садағын алып, тастан-тасқа қарғып, асыға-үсіге манағы әйел су алуға кіріп кеткен кеуекке қарай жүгірді. (Әбіш Кекілбаев «Махаббат мұнарасы» 55 бет)
КЕУЕК.
(Гур, Маңғ, Түрікм, Красн, Таш.) Тау үңгірі.
Құдық түбіндегі балшықтың құлауынан пайда болған қуыс. (Қазақ тілінің аймақтық сөздігі 325 бет)
5
Әуелі қыстықтың шетіндегі қозы-лақ жайылып жүрген кішкене қолаттан асып, кебіртік жалдың басына шықты. (Әбіш Кекілбаев «Махаббат мұнарасы» 87 бет)
ҚОЛАТ.
(Алм, Шел.) жыра, сайдың қолтығы.
(Алм, Нар.) таудағы жайылым.
(Шығ. Қаз, Зайс.) шымды, қара топырақты жер. (Қазақ тілінің аймақтық сөздігі 416 бет)
6
Сонау ойда, айнала қырпық-қырпық кебір жоталар қоршаған ұзыншуақ тайпақ қолатта, жарлының дастарқанына шашып тастаған бір уыс жүгерідей бытырай шашылып қыстақ жатыр; кемірейген саз балшық дуалдармен қоршалған шөкім-шөкім танаптық жерлер шытыраның көзіндей ию-қию. (Әбіш Кекілбаев «Махаббат мұнарасы» 87 бет)
ТАНАП.
1. (Шымк, Сайр.) айналым, егіс егілетін жерді нашарлатып алмау үшін әр жылы әртүрлі егіс егіп отырады.
2. (Қарақ.) өлшем. Бір танап жер. (Қазақ тілінің аймақтық сөздігі 645 бет)