Бағыты: Тіл және өлкетану Ғылыми жетекшісі



бет6/12
Дата26.09.2023
өлшемі62,31 Kb.
#182524
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
Какен Назерке 11”С”

СЫПТЫҒЫР. (МХР) арықша, ашаң. (Қазақ тілінің аймақтық сөздігі 629 бет)



9

Әлгі бір жан-жақтан дікіңдеп қоя беретін оспадар сауалдар да табан астында жым болып, әлдеқайда жым-жылас жоғалып кеткендей. (Әбіш Кекілбаев «Махаббат мұнарасы» 39 бет)

ОСПАДАР. (Көкш, Щуч, Еңб.) қулық, айлакер (Қазақ тілінің аймақтық сөздігі. 541 бет)

10

Кешке абажадай кең бөлмеде самсай маздаған самала шырақтар жарығында өзінің мынау ұлан-асыр жарық жалғанда жалғыз екенін ойлап елегізеді. (Әбіш Кекілбаев «Махаббат мұнарасы» 51 бет)

АБАЖА.

  1. (Түрікм, Таш, Тедж.) Үлкен кебеже.

  2. (Гур, Маңғ.) Үлкен. (Қазақ тілінің аймақтық сөздігі 13 бет)

11

Үйреншікті соқпаққа түсіп, текіректей жөнелгісі келген көнбіс ұғымды тағы бір тосын тосқаыл сауал тізгінен тартып, тұқыртып тастады. (Әбіш Кекілбаев «Махаббат мұнарасы» 58 бет)

ТЕКІРЕК. (Гур, Маңғ.) қатты шабыс (Қазақ тілінің аймақтық сөздігі. 661 бет)

12

Қарсы алдындағы түп-түгел хауыз да, ондағы шып-шып шығып жатқан су да сол күйінде қатып-қатып қалған көгіс тозаң, ошақ орнындағы үйінді күл сияқты. (Әбіш Кекілбаев «Махаббат мұнарасы» 61 бет)

КӨГІС. (Қ.орда, Арал, Ақт, Ойыл, Маңғ) көкшіл, көгілдір. (Қазақ тілінің аймақтық сөздігі 330 бет)



13

Әккі кемпір сүлесоқ ханымның көңілін сергітетін әңгімені ақыры тапты. (Әбіш Кекілбаев «Махаббат мұнарасы» 127 бет)

СҮЛЕСОҚ. (Жезқ) ауру да емес, сау да емес (енжар). (Қазақ тілінің аймақтық сөздігі 619 бет)

14

Қақсал кемпір ханымның билік дәмін түсіне бастағанын аңғарып, ішінен қыбы қанып, бұрынғы-бұрынғы ма, енді ауыр денесін асықтай үйіріп, шұнаңдап кетті. (Әбіш Кекілбаев «Махаббат мұнарасы» 130 бет)

ҚАҚСАЛ.

  1. (Өзб.) тіс қаққан.

  2. (Қарақ.) қатаң, катал.

  1. (Қарақ.) тумаған әйел. (Қазақ тілінің аймақтық сөздігі 374 бет)

15

...Әлгіндей ой келгенде жон арқасына ойнақ салған саусақтардың қимылынан да өткен, әлеңкедей жалынып тұрған әлдебір әзәзіл нәпсіні демде тояттатып кететін тосын рахатқа кенеледі. (Әбіш Кекілбаев «Махаббат мұнарасы» 132 бет)



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет