Диктант № 1
Пән: Қазақ тілі
Сынып: 6
Күні:
Бақылау жұмысының мақсаты:1. Ұсынылған лингвистикалық нысандарға талдау жасату арқылы меңгерген білім, білік, дағдыларын қолдана алу деңгейін анықтау.
2. Тыңдаған мәтінді орфографиялық, пунктуациялық нормаға сай сауатты жазу дағдыларын бақылау.
Бақылау диктанты.
Табиғатпен сырласу
Табиғат! Сен әлемдегі барша байлықтардың анасы, сұлулық атаулының данасысың. Сенің жұпар ауаң, аппақ қарың, мөлдір суың, жасыл кілемге көмкерілген ну қайыңды орманың, өскен аң мен құсың – бәрі – бәрі керемет!
Ол – сенің ғана сұлу бейнен. Осындай әсем де кең құшағыңда дүниеге келген адамзат баласы қандай бақытты! Мен де бақыттымын.
Мен сенің топырағыңнан жаралдым, табиғат ана. Біздің бірімізді әнші, бірімізді жыршы, бірімізді жазушы, бірімізді суретші ететін де сенсің. Өз басым табиғаттың әсемдігін анамның аялы алақанындай көремін. Егер мен ақын болғанымда, өмір бойы тек сен туралы ғана жыр жазар едім. Сенің әрбір тасың, топырағың, құпияға толы сырлы әлемің – бәрі – бәрі таусылмас жыр ғой.
Грамматикалық тапсырма.
І нұсқа. ІІ нұсқа
1. Дерексіз зат есім дегеніміз не? 1. Дереті зат есім дегеніміз не?
Мәтіннен мысал келтір. Мәтіннен мысал келтір
2. Морфологиялық талдау жасаңыз. 2. Морфологиялық талдау жаса.
Суретші, орманың. Әнші, қарың.
3.Мәтіннен түрленген зат есімдерді 3. Тәуелденіп барып септелген
тауып, түрлену жолын анықтаңыз. зат есімдерді тауып, септік
жалғауын белгілеңіз.
11.
Пән: Қазақ тілі
Сынып: 6
Күні:
Бақылау диктантының мақсаты: Оқушылардың алған білімдерін , грамма-тикалық тапсырманы орындауын тексеру.
Бақылау жұмысы мына білім мен біліктілікті анықтауға бағытталған:
- сауаттылығын;
- сын есімнің ережесін;
- сын есімнің мағыналық түрін;
- морфологиялық талдау жолы мен тәсілін.
Диктант
Татьяна әні
Әйгерімнің кең үйінде Базаралыны үлкен ықыласпен күткен
ажар бар. Кілемдер тұтылып, әсем оюлы сырмақтар жазылыпты.
Абай айналасындағы жастардың бәрі Базаралының қабағына
қарайды. Сағынған достар пейі-лін танытады. Күндізгі түстік
үстінде Базаралы үздік-үздік әңгімелер айтып отырды. Өзі көрген
жерлерді, елдерді сөйледі.
Кешкі отырыста Абай мәжілістің бетін өзгертті. Жастарға
ән-сауық жөнінен тілек білдірді. Жастар кезегімен өнерлерін
көрсетіп, сүйсіндіруде. Базаралыға сезімтал Абай қауымы ем
тауып, сынығын сылап тұрғандай.
Аздан соң Әйгерім Татьяна әнін айта жөнелді. Үй іші ұйып
тыңдады. Базаралы Абайдың бұл айтылған өленінің барын да білмейші
еді. Ол шетке кеткен соң туған ән екен.
(93 сөз).
Грамматикалық тапсырма.
Сын есім дегеніміз не? Мысал келтір.
Мәтіннен сын есімдерді тауып, мағыналық түрін анықтаңыз.
Сөйлемнен сын есімдерді тауып, морфологиялық талдау жасаңыз.
Диктант № 3
Пән: Қазақ тілі
Сынып: 6
Күні:
Бақылау жұмысының мақсаты: Өтілген тақырыптар бойынша оқушылар-дың білім, білік- дағдыларын және оқытудың нәтижелігін анықтау.
Бақылау диктанты мына білім мен біліктілікті анықтауға бағытталған:
сауаттылығы;
сан есімнің түрлеріне талдау ;
морфологиялық талдау;
сөйлемді сөз табына ажырату.
Кел, балалар, оқылық!
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық! –
деген өлең жолдары өмірге келгелі бір ғасырдан аса уақыт өтті. Бірақ ол күні бүгінге дейін балаларды оқып, білім алуға шақырған ұран болып келе жатыр. Осы өлеңнің ата аталған сайын оның авторы, қазақтың ұлы ағартушысы, педагогі, ғалым, жазушы Ыбырай. Алтынсариннің есімі ойға оралады. Жасынан зерек, зейінді Ыбырай оқуды бар ынтасын сала беріле оқиды. Көп ұзамай үздік оқушылаодың бірі болып, оған « аға шәкірт» атағы беріледі. Мектепті 1850 жылы өте жақсы деген бағалармен бітіреді.
Ол кезде қазақ жерінде білім беретін мектеп деген атымен жоқ еді.
Сондықтан Ыбырай қазақша мектеп ашып бала оқытуды арман етеді...
Ол арманы 1864 жылы 8 қаңтар күні орындалды. Торғайда Ыбырайдың арман еткен мектебі ашылып, өзі оның мұғалімі болды.
( Ол кім? Бұл не?, 100 сөз.)
Грамматикалық тапсырма.
І нұсқа ІІ нұсқа
1. Сан есім дегеніміз не? 1. Реттік сан есім дегеніміз
Мәтіннен мысал келтір. не? Мәтіннен мысал жаз.
2. Реттік сан есімді мәтіннен тауып, 2. Дара реттік сан есімді
сатылай комплексті талдау жаса. мәтіннен тауып, сатылай
комплексті талдау жаса.
3. Құрамында сан есім бар мақал – мәтел жазыңыз. Сан есімдердің астын сызып, мағынасын ажыратыңыз.
13.
Диктант № 4
Пән: Қазақ тілі
Сынып: 6
Күні:
Бақылау диктантының мақсаты: Өтілген тақырыптар бойынша оқушылардың білім, білік- дағдыларын және оқытудың нәтижелігін анықтау. Алған теориялық білімдерін практикада қолдану, жазбаша талдау жасай отырып, білімдерін бекіту
Бақылау диктанты мына білім мен біліктілікті анықтауға бағытталған:
сауаттылығын;
есімдіктің түрлену жолын;
морфологиялық талдаудың жолы мен тәсілін.
Алтын адам
Астанада мұражайдың түр-түрі бар. Балалар оларды аралап, көп қызықтады. Әсіресе, археология мұражайына жасалған экскурсия оларға қатты ұнады.
Мұражайда экспонаттар қазіргі Қазақстан жерінде ерте замандар да қандай тайпалар мекендегенін білдіреді.
Археологтар табылған еңбек құралдары, ыдыстар, әшекей бұйымдарға қарап, біздің ата-бабаларымыздың қалай өмір сүріп, немен шұғыл данғандарын анықтап отыр.
Балалар бір экспонаттың жанынан көпке дейін кетпеді. Онда жас ханзада – сақ жауынгерінің бастан-аяқ алтынмен әдіптелген киімі қойылған.
Оның дулығасы мен кіреуке сауытына зергер бабамыздың бірі адамдардың, құстардың, ағаштардың, таулардың суретін бейнелеп, алтын табақшалармен әшекейлеген.
Осы жауынгер киімін әшекейлеген алтындар Есік қорғанында екі мың жылдан астам уақыт жатса да, күні бүгінге дейін сақталған.
(101 сөз)
Грамматикалық тапсырма.
І. Есімдік дегеніміз не? Мәтіннен мысал жазыңыз.
ІІ. Морфологиялық талдау: оның, біздің деген сөздерге.
ІІІ. Мәтіннен түрленген есімдіктерді тауып, түрлену жолын түсіндіріңіз.
14.
Диктант № 5
Пән: Қазақ тілі
Сынып: 6
Күні:
Бақылау жұмысының мақсаты:1. Ұсынылған лингвистикалық нысандарға талдау жасату арқылы меңгерген білім, білік, дағдыларын қолдана алу деңгейін анықтау.
2. Тыңдаған мәтінді орфографиялық, пунктуациялық нормаға сай сауатты жазу дағдыларын бақылау.
Бүркіт
Бүркітті үйге енгізіп, тұғырдың үстіне қондырды. Жәнібек қасынан қалмай жүр. Қыранды жақыннан көргені – осы. Көзі қандай өткір! Жанжал іздегендей жалт – жұлт қарағанда, өңменіңнен өтеді. Тұмсығы қалмақы қайқая біткен. Үлпілдеген балақ жүні мен мойнында ғана қызғылт жолақ бар.
Басқа жері көмірдей қап – қара. Сары сақтиян саусақтары бұж – бұж боп, шорланып біткен. Бұл да Базекеңнің өзіндей кәрі болса керек. Шар болаттай қара көк тегеуріні мұқала бастаған. Жем бере қоймадың деп ызалаңды ма, шұрық – тесік тұғырды сықырлата қысып жіберді.
-Тәк – тәк... Бүгін сіркесі су көтермей, шөлкестеніп отыр. Бәлем, тұра тұр, томағаңды кигізіп қояйын.
Базар сөйлей жүріп бір қуыс былғарыны бүркіттің басына кигізе салды. Жаңа ғана шатынап тұрған тентек құс баладай момақан күйге түсті.
( Қ. Жұмаділов, 110 сөз.)
Грамматикалық тапсырма.
І нұсқа ІІ нұсқа
1 Көсемше дегеніміз не? 1.Етістік дегеніміз не?
Мәтіннен мысал келтір Мәтіннен мысал келтір.
2. Морфологиялық талдау. 2. Морфологиялық талдау.
Қондырды, қысып жіберді Кигізе салды..
3.Мәтіннен көсемшелі етістікті тауып, 3. Мәтіннен есімшелі етістікті
тұлғалық талдау жасаңдар. тауып, тұлғалық талдау жа-
саңдар.
15.
Диктант № 6
Пән: Қазақ тілі
Сынып: 6
Күні:
Бақылау жұмысының мақсаты: 1.Өтілген тақырыпты меңгеру дәрежесін анықтау. Үстеуден алған теориялық білімдерін теорияда қолдана алуын тексеру.
2. Тыңдаған мәтінді орфографиялық, пунктуациялық нормаға сай сауатты жазу дағдыларын бақылау.
Аққу
Мен шыққан төбе онша биік емес. Мен төменге көз салдым. Осы төбенің етегінен әрмен қарай қалың құрақ өсіпті. Одан әрі етіктің ұлтаны тәріздес шалқар көл жатыр. Әлі күн көзі түсе қоймаған көл беті қарауытып көрінеді. Ортасында бір топ үйрек жүзіп жүр. Көлдің қамыс жақ жиегінде қоңырқай қасқалдақтар жүзіп барады. Үп еткен жел жоқ. Көл суы мөлдіреп жатыр.
Бір кезде оң жағымнан әсем әуез естілгендей болды. Шырқау аспанда ән салып келе жатқан екі аққу екен. Қуанғанымнан айқайлай жаздадым. Қос сұлу құс қанаттарының сыбысына қайран қалып тұрмын. Аққуларды бұрын жақын жерден көрген емес едім.
( 92 сөз ).
Грамматикалық тапсырма.
І. Үстеу дегеніміз не? Үстеудің мағыналық түрлерін жазыңыз.
ІІ. Мәтіннен мекен үстеуді тауып, морфологиялық талдау жасаңыз.
IІІ. Мәтіннен үстеулерді тауып, сұрағы мен сөйлемдегі қызметін анықтаңыз.
16.
Диктант № 7
Пән: Қазақ тілі
Сынып: 6
Күні:
Бақылау жұмысының мақсаты: Өтілген тақырыптар бойынша оқушылар-дың білім, білік- дағдыларын және оқытудың нәтижелігін анықтау.
Бақылау диктанты мына білім мен біліктілікті анықтауға бағытталған:
- сауаттылығы;
- еліктеуіш сөздің түрлерін анықтау;
- сатылай комплексті талдау;
- сөйлем мүшесіне талдау.
Құстар көбейіп кетті. Ертеден кешке дейін дүр – дүр етіп, ағаштан – ағашқа қонып, у –шу базар жасап, мәз – мейрам болып, шықылықтасып тыным таппайды. Ноян қарқ – қарқ күлді. Бұл кезде сытыр – сытыр етіп жаңбыр жауа бастады. Күн шатыр – шұтыр күркіреді де, жаңбыр селдете құйды. Аяқ астынан пырылдай ұшқан торғайлардан жалтаң – жұлтаң үркектеп, ауыздығын қарш – қарш шайнайды. Арық жиегіндегі тісіне ілінген көкті бытыр – бытыр үзіп тұрған торы ат естіп пысқырып қойды.
( 68 сөз).
Грамматикалық талдау.
І. Еліктеу дегеніміз не? Еліктеудің мағыналық түрлерін жазыңыз.
ІІ. Мәтіннен еліктеуіш сөздерді тауып, астын сызыңдар.
ІІІ. Берілген еліктеу сөзге сатылай комплексті талдау жасаңыз.
ІҮ. Мына сөйлемді сөйлем мүшесіне талдап, еліктеу сөздің сөйлемдегі қызметін анықтаңыз.
17.
Диктант № 8
Пән: Қазақ тілі
Сынып: 6
Күні:
Мақсаты: Оқшау сөздердің негізгі белгілерін, түрлерін ажыратуы, тыныс белгісін дұрыс қою, сөйлем ішінде орналасу орнын анықтай алуын бақылау.
Одағай сөздерді дұрыс тауып, координаталық жүйеге дұрыс сәйкестіруін анықтау.
Код арқылы диктант жазу нұсқауы.
Мұғалім оқып тұрған әр сөйлемінен одағай сөздерді тауып, координат системасынан Х осіндегі орналасқан сөйлемдер арқылы У осіндегі одағай түрлерімен қиылысын нүкте арқылы белгілеп алып, әр нүкте арасын кесіндімен қосу керек.
Код арқылы диктант жазу.
-Түу, есім жаңа кірді ғой!
- Ту –у, тауда күркірегені қандай!
- Әттең, әке – шешесі мал бағып көрмеген көше баласының мұрнына мұның иісі де бармайды – ау!
Пұшайт – пұшайт,
Төрт түлікте момыным.
5. – Жә, көрген – білгенінді тез айт!
6. Аухау – аухау деп кешкі тымық даланы басына көтерді.
7. – Пәлі! Ақын ғой мынауың!- деді Қоржынбай.
8. - Тарт, тіліңді!
9. – Қос – қос,
Тана көзін нұр төккен,
Осыншалық үркек пе ең?
18.
Диктант № 9
Пән: Қазақ тіл
Сынып: 6
Күні:
Бақылау жұмысының мақсаты: Оқушылардың тақырып бойынша меңгерген білім, білік пен дағдыларын жан – жақты пайдаланып, сауатты, каллиграфиялық нормаға сай жаза алуын, әр тапсырманы жүйелі орындауын тексеру.
Абай келбеті
Абай ата – жүзі ашық, ажары сыртында, көзі өткір, ашуы да, қуануы да жылдам, ширақ жанды адам. Мәжілісі қызықты, сауықшыл, дастарқаны аса мол.
Таңертеңгі шайына: кейде жұмыртқа қостырып құймақ құйғызады, кейде самса пісіртеді. Шайын стақанға құйғызып, ыстық күйінде ішпей, салқындаған кезінде жұта салады. Қантсыз шай ішпейді, бірақ қантты көп жегіш емес.
Ұйқысы шағын, жалпы халықтан кеш жатып, ерте тұру – жалпы әдеті.
Көрпе үстінде, ақ жастыққа шынтақтап, не бауырына басып, бас киім кимей, не тақиясын киіп, көйлекшең отырады.
Жарқын жүзбен, ашық көңілмен қытықсыз келетұғын адамды аңсап, сағынып, ондай адамы келгенде баласы я туған бауыры келген кісідей қуанады. Бұйымтайын бірден айтпайтындарға, ұрыны жақтайтындарға ризашылығы жоқ әділетті адам.
Жасында асық, кейін тоғызқұмалақты беріліп ойнаған. Түн болғанда әмсе біреуге ертегі айтқызып, я өзі айтып отырғыш әдеті болған.
Грамматикалық тапсырма.
І. Шылау дегеніміз не? Шылаудың қандай түрлері бар?
ІІ. Мәтіннен шылауларды тауып,астын сызыңдар.
ІІІ. Шылауларды түр-түріне ажыратып, сөйлемде қандай қызмет атқарып тұрғанын көрсетіңдер.
19.
Қазақ тілі пәнінен бақылау жұмысының талдау
2008-2009 оқу жылы
6-сынып
Мақсаты: _________________________________________________________
______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Міндеті:__________________________________________________________
______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
__________________________________________________________
______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Бақылау жұмыстарының сандық мәліметтері
Жұмыстың түрі
|
Оқушы саны
|
Жазғаны
|
Бағалар
|
Үлгерімі
|
Сапасы
|
5
|
4
|
3
|
2
|
|
|
«0»
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Ж.Ж.
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Ж.
|
|
|
|
|
|
|
|
|
сапасы үлгерімі
20.
Стандарт бойынша жақсы меңгерілген тақырыптар;
1. ________________________________________________________________
2. ________________________________________________________________
3. ________________________________________________________________
4. ________________________________________________________________
5. ________________________________________________________________
6. ________________________________________________________________
7. ________________________________________________________________
8. ________________________________________________________________
Жіберілген қателер жігі;
1. ________________________________________________________________
2. ________________________________________________________________
3. ________________________________________________________________
4. ________________________________________________________________
5. ________________________________________________________________
6. ________________________________________________________________
7. ________________________________________________________________
8. ________________________________________________________________
Себептері;
1. ________________________________________________________________
2. ________________________________________________________________
3. ________________________________________________________________
4. ________________________________________________________________
5. ________________________________________________________________
6. ________________________________________________________________
7. ________________________________________________________________
8. ________________________________________________________________
Оқушылар тарапынан: үй тапсырмасын жүйелі орындамау;
өздігімен жұмыс орындау; өтілген тақырыптар қайталанбайды (сабақты көп босатады)
Мұғалім тарапынан:
1. ______________________________________________________________
2. ______________________________________________________________
3. ______________________________________________________________
Ұсыныстар:
_____________________________________________________________
_____________________________________________________________
Мұғалім _________________________________________________________
Павлодар облысы
Ертіс ауданы
Қарақұдық ЖОББМ
Қазақ тілі
Диктанттар жинағы
6 сынып
Достарыңызбен бөлісу: |