Байсеитова н. М



бет14/48
Дата15.09.2023
өлшемі4,32 Mb.
#181155
түріСабақ
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   48
Байланысты:
Лаб сабақтар әдістем елік нұсқауы

2 – ж ұ м ы с. Ырғай сабағының тоз қабаты. Ырғайдың бұтағындағы тоз қабатын зерттеу үшін ырғайдың бір жылдық бұтағынан өткір ұстарамен жұқалап көлденеңінен бірнеше кесінді кесіп аламыз да ең жұқасынан препарат жасаймыз (препарат жасау және бояудың тәртібі бұрынғыша).Жасалған препараттымикроскоптың үлкен объективімен қараса, бірте-бірте пайда болған тоз қабаттары (феллема, феллоген, феллодерма) және оның бұтақтарының ішіндегі негізгі бөліктері көрінеді (34-сурет). Препараттан ырғай бұтағының ішкі бөлігіндегі негізгі екі бөлік көзге түседі. Олар: 1) қабық бөлігі — түсі сарғыштау келеді де мұның құрамында эпидерма, тоз (перидерма) және аздап тірі ұлпалары болады; 2) ішкі бөлігі — мұның түсі бозғылттау, құрылысы ірілі-ұсақты келіп, тор тәрізді болып көрінеді. Бүған өзек пен сүрек бөлігі жатады. ЬІрғай сабағының тоз қабатын зерттеген кезде, алдымен препараттарды хлор-цинк-йодпен бояйды. Реактив сіңгеннен кейін препаратты үлкен объективпен қарап феллогеннің, феллодерманың, колленхиманың және алғашқы қабықтың клетка қабықшалары күлгін көк түске, кутикула эпидерма клеткалары қабықшасының ішкі керегесі және тоз қабатының сыртқы қабаттарының клетка керегелері сарғыш түске, ал қалған тірі клеткалардың протопластары сары түске, крахмал дәндері қара көк немесе көк түске боялғанын көруге болады. Осы препаратты судан III-пен бояғанда тек кутикула мен тоздың сыртқы қабатындағы клетка керегелері ғана қызыл түске боялғанын көреміз. Осы жасалған препараттан өсімдіктің жас бұтақтарының газ алмастыратын мүшесі жасымықшаны да көруге болады. Жысымықша эпидерманың бетіндегі бұрынғы устьицелер орнында пайда болады (35-сурет). Оны сүректі өсімдіктердің қайсысының болсада жас бұтақтарынан оңай табуға болады. Бұтақтардың эпидермасы бетінде пішіні сопақтау, түсі бозғылт, көлемі үлкенді- кіші төмпешіктер көрінеді. Бұлар - жасымықша. Жасымықшаны түзіп тұрған клеткалар арасында ауа қуыстары қалып борпылдақ орналасады. Жасымықша арқылы газ алмасуыүздіксіз жүреді. Кейбір жағдайларда тоз қабаттары мен жасымықша клеткаларын дайын препараттардан (мысалы, ырғай немесе жөке ағашының бұтағының көлденең кесіндісінен жасалған) көруге болады.
3-ж ұ м ы с. Емен діңінің қыртысы. Емен діңі қыртысының құрылысымен танысу үшін дайынпрепаратты пайдаланған жөн. Препаратты микроскоптың кіші объективімен қараған кезде түзу радиальды бағьтта орналасқан тоз қабаттарының клеткаларын оңай тануға болады (36-сурет). Тоз қабаттарының арасында негізгі паренхималық өлі ұлпалардан тұратын күңгірт бөліктер орналасқан. Қыртыстың тереңірек қабаттарында механикалық және өткізгіш ұлпалар кездеседі. Олай болса, сүректі өсімдіктердің кәрі діңін жауып тұратын соңғы жабындық ұлпа қыртыс (сары қабық) бірнеше ұлпалардың жиынтығынан тұрады (36-сурет).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   48




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет