Байсеитова н. М



бет2/48
Дата15.09.2023
өлшемі4,32 Mb.
#181155
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   48
Байланысты:
Лаб сабақтар әдістем елік нұсқауы
Лекция жинағы,Өсім анат-морф, EnglishPhoneticsEssays
Лабораториялық сабақ №1


Зертханалық жұмыстың тақырыбы: Микроскоптың құрылысы, онымен жұмыс істеу. Препарат жасау әдістері.


Мақсаты: Микроскоптың негізгі бөлімдері, құрылымы және қолданылуын білу. Микроскоппен жұмыс істеу тәртібін меңгеру. Уақытша препарат даярлау, паренхималық және прозенхималық клеткаларды қарау, оларды салыстыру.


Студенттердің алдын –ала меңгеруі тиіс дағдылары:
1.Лабораториялық сабаққа арналған дәптер мен альбомның болуы;
2. Бақылау сұрақтарына дайындалу;
3. Лабораториялық сабақтың барысын оқып, меңгеріп келу;
4. Лабораториялық сабақты лекциямен байланыстыра білу.
Сабаққа қажетті объектілер мен құрал-жабдықтар: жарық микроскопы, зат және жабын шынылары, препарат дайындауға қажетті құрал-жабдықтар.
Қысқаша теориялық мазмұны: Микроскоп - өте майда денелерді ұлғайтып көрсететін, көлемі көздің көру мүмкіндігінен анағұрлым жоғары оптикалық аспап. Көзі дұрыс көретін адам қатар орналасқан екі нүктені немесе сызықты ажыратып көру үшін көру қашықтығы 0,1 мм-ден, яғни 100 мкм-ден жақын болмауы керек. Егер қашықтық бұдан жақын болса, онда екі нүкте немесе сызықтың арасы қосылып кетеді. Адамның көзінің көру мүмкіндігі 100-150 мкм. Жарықтың көмегімен микроскоптардың көрсету мүмкіндігі адам көзінің көру мүмкіндігінен 300-500 есе артық. Ал электрондық микроскоптардың ұлғайтуы ондағын, жүздеген, мыңдаған есеге жетеді.
Оқу орындарында, сол сияқты биологиялық және медициналық лабороторияларда МБР-1 биологиялық микроскопы кең қолданылады. Микроскоп оптикалық бөлік және механикалық бөліктен тұрады. Оптикалық бөлікке объективтер, окуляр және жарық түсіру жүйесі жатады.
Объектив – бұл микроскоптың ең мыңызды бөлігі. Объектив – ішінде бір ретпен құрастырылған линзалары бар темірден жасалған қуыс цилиндр. Объективтің үлкейтіп көрсетуі линзалардың санына тікелей байланысты, линзалар саны, 8-10 болады. Өсімдіктеранатомиясы мен морфологиясынан өткізілетін практикалық сабақтарда әдетте 8 есе, 40 есе, сирек жағдайда 90 есе үлкейтетін объективтер пайдаланады. Қанша есе үлкейтетінін цифрлар объективтің бүйір жағына жазылады. Объективтердің көрсету мүмкіндігі әр түрлі. 8 есе үлкейтетін объективте көрсету мүмкіндігі шамамен 1,5 мкм, 40 есе үлкейтетін объективте 0,5 мкм, ал 90 есе үлкейтетін объективте – 0,25-0,30 мкм шамасы.
Объективтің препарат жақтағы ең шеткі линзасы фронтальды линза деп аталады. Затты зерттеу барысында микроскопты үлкен объективке ауыстырғанда өте қажет. Өйткені объективтердің үлкейту мөлшері артқан сайын фронталбды линзасы мен жабын әйнектің арасындағы қашықтық кеми түседі.
Сонымен объектив арқылы объектінің анық үлкейтілген кері бейнесі және оның құрылымының нәзік бөлшектері нақты көрінеді.
Окуляр темір цилиндрде құрастырылған 2-3 линзадын тұрады. Линзалар арасында тұрақты диафрагма бар. Окуляр диафрагмасы оның көру аймағының шекарасын анықтайды. Окулярдың ұлғайтуы әр түрлі. Мысалы, 7х, 10х, 15х, 20х. Микроскоппен зерттелетін объектінің неше есе үлкейтілгенін білу үшін окуляр бетіндегі цифрды объективтің бүйір жағындағы цифрға көбейтеміз.
Жарық түсіру жүйесінде зат үстелшесінің астында иристі диафрагмалы конденсор және айна орналасқан. Конденсор цилиндр пішінді металмен көмкерілген екі линзадан тұрады, объектіге жарық жинау қызметін атқарады. Конденсордың фронтальды линзасының зат үстелшесінің деңгейінде немесе одан шамалы төмен тұрғаны жөн. Конденсордың иристі диафрагмасы – дөңгелек құрсауына жылжымалы етіп бекітілген бірнеше жұқа пластинкалардың жүйесі. Конденсордағы бұранда арақылы диафрагма саңылауының көлемін өзгертіп, айнадан конденсорға келетін жарықтың мөлшерін реттеуге болады. Диафрагмадан төмен кеңістікте горизанталь бағытта қозғалтуға болатын металмен көмкерілген күңгірт линза бар, ол микроскоптың кіші объективтерімен жұмыс жасаған кезде қажетке қарай пайдаланады. Айна мен конденсор зат үстелшесінің саңылауы арқылы жарықты объектіге бағыттау үшін қажет. Айнаның бір беті ойыс, екінші беті жазық. Айна беттерінің пайдаланылуы бөлмеге жарықтың қалай түсетініне байланысты. Жарық шашырап түскен жағдайда ойыс тік түскен жағдайда жазық бетін пайдаланады. Айнаның жиегі темірмен көмкеріліп, микроскоптың мойнына қозғалмалы орнатылған.
Микроскоптың механикалық жүйесі оның оптикалық бөлімін жұмысқа қосады. Микроскоптың механикалық бөлімі төмендегідей құрамнан тұрады: табан, микрометренді механизм және микрометренді бұрандадан құралған қорап, мойын, макрометрендік бұранда (үлкен) конденсордың кронштейні, конденсорды қозғайтын бұранда револьвер және зат үстелшесі. Микроскоп табаны таға пішінді, сирек жағдайда төртбұрышты болып келеді. Қораптың екі жағындағы микрометрендік бұранда арқылы микроскоптың мойны мен объективті қарапайым көзбен байқау мүмкін емес (микрометрмен өлшенетін) қашықтыққа жылжытылады.
Микроскоптың мойнына тубус, револьвер және макрометрендік бұранда бекітілген. Макрометрендік бұранда микроскоптың мойны мен кіші объективті қажетті қашықтыққа (жоғары, төмен) қозғайды. Макрометрендік бұранданы сағат тілінің бағытымен бұрандаға тубус төмен түседі де, сағат тіліне кері бағытта бұрандаға жоғары көтеріледі. Тубус (түтік) – іші қуыс цилиндр. Ол микроскоптың мойнына стопорлы бұранда арқылы бұралған. Қажет болған жағдайда бұранда арқылы тубусты босатып, толық шеңбер бойымен айналдырып қозғауға, көлбеу тубусты тік тубусқа, немесе, керісінше, ауыстыруға болады. Тубустың жоғары жағына окулярлар бекітіледі.
Өзінің қажетіне қарай бұрау арқылы ұяларына енгізілген активтерді алмастыру үшін револьвер пайдаланылады.
Микрометрлік бұрандасы бар қорапшаға жылжымалы конденсор кронштейні бекітілген, оның оң жағындағы бұранда арқылы конденсор жоғары-төмен жылжытылады.
Препаратты қоюға арналған зат үстелшесінің пішіні дөңгелек немесе төрбұрышты. Үстелшенің ортасында конденсордың фронтальды линзасы шығып тұратын тесігі болады. МБР-1 микроскопының үстелшесі дөңгелек, екі бөлімнен тұрады: төменгі жағы табанына қозғалмайтындай болып бекітілген, ал жоғарғы жағы бүйір жақтарындағы екі бұранда арқылы шектелген қашықтыққа, алға, артқа, оңға және солға жылжытылады. Зат үстелшесіне препарат екі клемма арқылы қысып ұсталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   48




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет