Байсеитова н. М


Микроскопты пайдалану тәртібі



бет3/48
Дата15.09.2023
өлшемі4,32 Mb.
#181155
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   48
Байланысты:
Лаб сабақтар әдістем елік нұсқауы

Микроскопты пайдалану тәртібі. Микроскоп өте күрделі де нәзік оптикалық аспап, сондықтан онымен жұмыс жасау өте сақтықты қажет етеді.
1. Микроскоп тұрақты жұмыс орнына бір қолмен мойнынан, екінші қолмен табанынан демеп ұстап әкелінеді.
2. Микроскоп жұмыс орнында үстелдің жиегінен шамамен 2-3 см ілгері сол иықтың қарсысына қойылады. Оның оң жағында сызу дәптерімен препарат жасауға бос орын қалдырылады.
3. Микроскопты жұмыс қалпына келтіру үшін: а) оның оптикалық линзаларын, айнасын жұмсақ матамен сүртеді; ә) конденсордың фронтальды линзасын микроскоп үстелшесінің деңгейіне көтереді; б) конденсордың төменгі жағындағы күңгірт линзаны (светофильтр) сыртқа қарай жылжытып, иристі диафрагманы ашады; в) кіші объективті зат үстелшесіне 1 см қашықтыққа дейін түсіреді; г) оң көзді ашып тұрып, сол көзбен окулярдан қарап, айнаны жарық көзіне бағыттау арқылы көру аймағының тегіс жарық болуын қамтамасыз етеді.
4. Препарат зат үстелшесіне ондағы объект объектив пен үстелшенің тесігіне сәйкес келетіндей етіп қойылады. Бүйір жағынан қарап тұрып макрометренді бұранданы сағат тілінің бағытында бұрау арқылы объективтің фронтальды линзасы мен препараттың арасындағы қашықтық 4-5 мм қалғанша объективті төмен түсіреді. Окуляр арқылы қарап отырып, тубусты төмен түсіруге болмайды. Мұндай жағдайда фронтальды линза зат әйнегін сындырып, линзада сызаттар пайда болып, істен шығады.
5. Окулярға сол көзбен қарап отырып, макрометрендік бұранданы сағат тіліне қарсы бағытта бұрап, объективті объектінің бейнесі анық көрінгенше көтереді. Препарат зат үстелшесінің жиегіндегі бұрандамен немесе қолмен жылжытылып, объектінің керекті жері көру аймағының ортасына нақты көрінетіндей етіп қойылады. Окулярдан қараған кезде сол ғана емес, оң көз де ашық болуы керек.
6. Объектіні үлкен объективпен қарау үшін сол қолмен микроскоптың мойнынан ұстап (салмақ түсіруге болмайды), оң қолмен револьверді бұрап, кіші объективті үлкен объективке ауыстырады. Объектив орнына түссе, сырт еткен дыбыс естіледі. Енді микрометрендік бұранданы ілгері, кейін бір қалыпты баяу бұрап, объектінің бейнесін анық көруге болады. Микрометрендік бұранданы бір жағына қарай жарты айналымнан артық бұрауға болмайтынын есте сақтау керек.
7. Микроскопты жұмыс аяқталғанша бастапқы орнынан қозғауға болмайды.
8. Жұмысты аяқталғаннан соң микроскопты қайтадан кіші объективке ауыстырып, содан кейін ғана препатты зат үстелшесінен алады. Микроскоп бөлімдерінің тұтастығын тексеріп, тазалап, сүртіп, әр түрлі реактивтерден, қышқылдардан бөлек, жабық шкафтарда сақтайды.


1 - сурет. Микроскоптың құрылысы: А - МИКМЕД-1; Б – БИОЛАМ.


1- окуляр, 2 - тубус, 3 - мойыны , 4 -макровинт , 5 - микровинт. 6 – табан; 7 - айна, 8 - конденсор, диафрагма жэне жарық фильтрі, 9 -заттық үстелше , 10 -револьвер, 11 - объектив, 12 - коллекторлік линзаның корпусы, 13 - патрон лампасы, 14 -электр өткізгіш құрылғы.
Микроскоптың механикалық бөліміне - окуляр (17) орналасқан тубус (1), револьвер (5), мойыны (2), зат үстелшесі (7), оның клеммалары (8), микро-(14), макрометрлік (ІЗ) винттері және микроскоп табаны (16) жатады. Тубус - іші қуыс цилиндр. Ол көп микроскоптың мойынына стопорлы бұранда (3) арқылы бұралған. Револьвердің ұяларына обьективтер (6) бұралған, револьверді бұрау арқылы көруге қажетті обьективті қойып алуға болады.

9. Әрбір жұмыс орнына микроскопқа керекті жабдықтар: зат әйнегі мен жабын әйнегі, сапты инелер, ұшы жіңішке (қысқыш) қандауыр, шыны таяқша, тамызғыш, ұстара, қиылған сорғыш қағаздар, таза су құйылған стакан, оптикалық бөлімінің линзаларын, айнаны сүртетін арнаулы жұмсақ мата. Сонымен қарат үстіне зат әйнегін және жабын әйнекті қойып, препарат жасау үшін пайдаланатын бір жарытысы қара, екінші жартысы ақ бояумен боялған көлемі 10х10 см. қалың әйнек.


Зат үстелшесінің үстіне көретін препаратты клеммалар арқылы бектіп алып қарауға болады. Зат үстелшесінің пішіні дөңгелек немесе төрт бұрышты болып келеді. Оны бүйір жағындағы винтті бұрау арқылы оңға және солға жылжытуға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   48




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет