Байсеитова н. М



бет48/48
Дата15.09.2023
өлшемі4,32 Mb.
#181155
түріСабақ
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   48
Байланысты:
Лаб сабақтар әдістем елік нұсқауы
Лекция жинағы,Өсім анат-морф, EnglishPhoneticsEssays
Эвгалофиттер - нағыз галофиттер. Бұл термин гректің "ау" жақсы, нағыз "галос" - тұз, "фитон" - өсімдік деген сөздерінен құралған термин. Увгалофиттерді, кейде тұз жинаушы өсімдіктер деп те атайды. Оның себебі топырақтагы тұздар суда еріген күйінде тамыр жүйелері арқылы өсімдікке қабылданылып, оның денесіндегі клетка шырындарында жиналады. Тұздар топырақта неғұрлым көп болса, өсімдік клетка шырындарында солғұрлым көп жиналады. Жиналған тұз өсімдіктердің клетка шырындарының концентрациясы осмос қысымын арттырып сортаң топырақтан - судың қабылдануын жақсартады.
Крипгалофиттер - деген гректің "крипо" - бөліп шығару
деген сөзінен құралған. Бұлар денесіндегі артық тұздарды сыртқа бөліп шығарып тұратын өсімдіктер. Бұған кермек, жыңғыл, ала-
бұта сияқты жапырақтарының сыртына бөлініп шыққан тұздардың жұқа қабыршағы қаптап, соның салдарынан жапырақ сырты жылтырап тұратын өсімдіктер жатады. Кейбір крипгалофиттердің жапырақтарының үстінде өзінің денесіндегі артық тұздарды сыртқа бөліп шығаратын арнаулы бездері болады. Мысалы, кермектің жапырағының 1 шаршы мм көлемінде осындай бездің саны 700-ге дейін жетеді. Бұл бездер бір сағат ішінде 0,05 мг- ға дейін ас тұзын бөліп шығара алады.
Гликогалофиттер - грекше "гликос" - тәтті деген сөз. Дене мүшелеріне түздарды өткізбейтін гликогалофиттер. Тұзданған сортаң топырақта өскенімен бұл өсімдіктердің (мысалы кейбір сор жерлерде өсетін жусандар) тамырының ішкі анатомиялық құрылысында пробка қабаттары өте ерте пайда болады да, топырақ ерітіндісіндегі тұздар осы пробка қабатынан өте алмағандықтан өсімдік тұз көп мөлшерде жиналмайды.
Тұз жинағыш галофиттер. Бұған көкпек, алабұтаның кейбір түрлері жатады. Бұл өсімдіктердің денесіне енген артық тұздар сыртқа бөлініп шықпай жапырақтың астыңғы не үстіңгі бетіне орналасқан қуыс бездерге жиналады.
Псаммофиттер - грек сезі "псамос "- құм, фитон - өсімдік деген сөздерден құралған термин. Құмды шөлдала өсетін негізгі қасиеті сусымалы құмның қолайсыз әсеріне төтеп беруге бейімделген өсімдіктер.
Сусымалы құм сусыған кезінде псаммофиттердің тамырларын көбінесе ашылып қалады не болмаса сабақтары құмға басылып қалады. Ашылып қолған тамырлары құрғақ ауада қадса, аңызақ желдің, ыстықты өткізбей, тамыр бойындағы суды сыртқа шығартпай, тамырдың ішкі тканьдарын құрғақшылықтан қорғайды. Сондықтан да жүзгіннің, шайырдың, теріскеннің көшпелі сусы­малы құмдарда тамырлардың көбі ашық жатса да, өсімдік бұдан еш зақым шекпей көгеріп өсіп тұрады.
Құмда өсетін ақселеу, қияқ, еркек шөп сияқты псаммофиттер көбісінің тамырлары ұзына бойы майда құм қиыршықтарынан құрылған түтікпен қапталған. Оның себебі өсімдік тамыры арқылы сыртқа кілегейлі органикалық зат бөліп шығарып отырады. Шырын зат тамыр айналасындағы майда құм қиыршықтарын бір-бірімен жапсырып, қураған соң қатты цементтелген түтік пайда бола­ды. Тамыр осы түтік ішінде орналасады. Түтік пен тамырдың арасындағы аздаған қуыстықтың ішінде ауа бар. Мұндай түтік құм сусуы кезінде ашылып қалған өсімдік тамырын күн сәулесінің ыстық зардабынан қорғап, аңызақ желді өткізбей, тамырда құрғатпай жақсы сақтайды.


Қайталау сұрақтары:
1. Өсімдіктердің жарыққа бейімделуі.
2. Өсімдіктердің температураға бейiмделуi.
3. Өсімдіктердің ылғалдылыққа бейiмделуi.
4. Өсімдіктердің тұзды топыраққа бейiмделуi.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   48




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет