Байсеитова н. М


Өсімдіктердің температураға бейiмделуi. А



бет45/48
Дата15.09.2023
өлшемі4,32 Mb.
#181155
түріСабақ
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   48
Байланысты:
Лаб сабақтар әдістем елік нұсқауы

Өсімдіктердің температураға бейiмделуi. Ағзадағы зат алмасуды түзетiн химиялық реакциялардың жүруi орта температурасына байланысты. Суыққа төзiмдi түрлер табиғатта криофильдер деген экологиялық топ түзедi. Олар жасуша температурасы -8-100 С кезiнде де активтi тiршiлiгiн сақтайды.
Криофильдерге бiрнеше топтың өкiлдерi жатады: бактериялар, саңырауқұлақтар, қыналар, мүктер.
Жоғары температура кезiнде өмiр сүру активтiлiгiн жоймайтын ағзаларды- термофильдер деп атайды. Оларға микроорганизмдердiң көптеген топтары жатады. Кейбiр бактериялар +1800 С-та бiрнеше минут тiршiлiгiн сақтай алады.
ґсiмдiктердi суыққа бейiмделуiне байланысты ұш топқа бөледi.
1. Суыққа төзімсіз өсiмдiктер. Орта температурасы судың қату нүктесiнен асып кетсе, өсiмдiктердiң жасушалары зақымдалады немесе тiршiлiгiн жояды. Себебi, нуклеин қышқылдары мен ақуыздың алмасу процесi бұзылады, ферменттердiң активтiлiгi жойылады. Оларға тропикалық ормандардағы өсiмдiктер мен жылы теңiздiң балдырлары жатады.
2. Аязға төзiмсiз өсiмдiктер. Олар төмен температураға шыдайды, бiрақ ұлпаларында мұз қата бастаса тiршiлiгiн жояды. Олардың суыққа шыдамдылығының себебi, суық түскен кезде цитоплазмасы мен жасуша шырынында активтi заттардың концентрациясы артып, қату температурасы –5-70 С-қа дейiн төмендетедi. Оларға субтропикалық мәңгi жасыл ағаштар мысал бола алады.
3. Аязға төзiмдi өсiмдiктер. Мұндай өсiмдiктердiң жер бетiндегi мүшелерi аязда қатады, бiрақ өмiр сұру қабiлетiн жоғалтпайды. Оның себебi, олар суыққа ерте дайындалады. Мысалы, денесiнде қант (20-30), көмiрсулар мен кейбiр амин қышқылдарын, т.б. сумен байланысқан қорғаныс заттарын жинап алады. Нәтижесiнде аязға төзiмдiлiгi артады.
Жоғары температураға бейiмделуiне байланысты өсiмдiктер үш топқа бөлiнедi.
1. Ыстыққа төзiмсiз түрлер. Олардың жасушалары +30+400С-та бүлiнедi (эукариотты балдырлар, судағы гүлдi өсiмдiктер).
2. Ыстыққа төзiмдi түрлер. Тұздылығы жоғары топырақтың, құрғақ аудандардың өсiмдiктерi, олар +50, +600 С-та ыстыққа 1,5 сағатқа дейiн төзе алады (шөл, жазық далалардың, құрғақ субтропиктiк аймақтардың өсiмдiктерi).
3. Ыстыққа шыдамды прокариоттар. Бұл топқа термофильдi бактериялар мен көк-жасыл балдырлардың кейбiр түрлерi жатады. Олар температурасы +80, +900С ыстық бұлақтарда өмiр сүредi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   48




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет