Байсеитова н. М



бет43/48
Дата15.09.2023
өлшемі4,32 Mb.
#181155
түріСабақ
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   48
Байланысты:
Лаб сабақтар әдістем елік нұсқауы

Әдебиеттер тізімі:
1. Агелеуов Е.А және т.б. Ботаника. Өсімдіктер морфологиясы және анатомиясы, Алматы, 1998ж. -368 б.
2. Мухитдинов Н.М, Бегенов А.Б, Айдосова С.С. Өсімдіктер морфологиясы мен анатомиясы. Өңделіп, толықтырылып екінші басылуы. Алматы, 2001ж. Қазақ университеті баспасы.- 279 б.
3. Мухитдинов Н.М., Бегенов А.Б., Айдосова С.С. Өсімдіктер морфологиясы мен анатомиясының практикумы. Алматы,1994ж. -48 б.
Лабораториялық сабақ № 27, 28


Лабораториялық жұмыстың тақырыбы: Жемістің құрылысы. Құрғақ және шырынды жемістер


Сабақтың мақсаты: Студенттерді жемістердің құрылысымен, түрлерімен, атқаратын қызметімен таныстыру.


Қажетті материалдар: Жемістердің түрлері. Құрғақ жемістер. Шырынды жемістер. Бір тұқымды, көп тұқымды жемістер.
Өсімдік гүлдеп болғаннан кейін, аналық жатыны сақталып, ұрықтанып жеміске айналады. Қалған бөлімдері қурап түсіп қалады. Жеміс - көбею мүшелерінің соңғы даму сатысы. Ол бір ғана гүлден дамитын, ішінде тұқымы бар жабық тұқымды (гүлді) өсімдіктердің көбею мүшесі. Барлық гүлді өсімдіктердің жемістері шырынды және құрғақ деп үлкен 2 топқа бөлінеді.
Шырынды жемістердің шырыны мол, жұмсақ болады. Олар жидек, жидек тәрізді, сүйекті деп бөлінеді. Жидек жемістің сыртқы қабығы жұқа, жұмсақ, шырынды, ішінде тұқымдары көп. Мысалы, қызанақ, жүзім, қарақат, алқа, картоп.
Жидек тәрізді жемістердің қабығы қальың қатты. Олар: мандарин, апельсин, лимон, асқабақ, қауын, қарбыз, қияр т.б.Сүйекті жемістердің сыртқы қабығы жұмсақ, шырынды. Ішкі бөлімі сүйектенген, ішіндегі тұқымы біреу немесе бірнешеу (долана). Олар: өрік, шие, алхоры, шабдалы.Құрғақ жемістердің қабы қатты, сүректенген құрғақ (кепкен) болады. Бұлар қақырайтын және қақырамайтын жемістер деп екіге бөлінеді.
Қақырайтын құрғақ жемістердің жеміс қабы қатты, сүректенген, кей түрінде жарғақ тәрізді жұқа: бұршаққап, бұршаққын, қауашақ.Бұршаққап бір ұялы, Тұқым саны біреу немесе бірнешеу болатын құрғақ жеміс. Тұқымдары жеміс жақтауының жиегіне бекиді. Піскенде екі жағындағы жіктері (тістері) өздігінен қақырап ашылып, тұқымдары сыртқа шашылады. Бұл бұршақ гүлділерге тән.
Бұршаққын қос ұялы, ішінде ұзынша тартылған жұқа жарғақты пердесі бар құрғақ жеміс. Тұқымдары пердеге бекінеді. Піскенде жемістің қос жақтауы төменгі жағынан бастап қақырайды. Жемістің бұл түрі шаршы гүлдер тұқымдасына тән (қырыққабат, шомыр, шалқан).
Қауашақ- бір және көп ұялы, көп тұқымды құрғақ жеміс. Түріне қарай қақырау жолы да түрліше. Мысалы, меңдуана қауашағының қақпақшасы ашылса, сасық меңдуана, сүттіген, шегіргүлде жіктері шытынап, ұзыннан жарылып қақырайды.
Қақырамайтын құрғақ жемістерге дәнек, тұқымша, жаңғаққанатты жемістер жатады. Қанатты жеміс серігінің біраз бөлігі жұқарып, қанатқа айналған Тұқымша жел арқылы таралуға бейімделген (үйеңкі, шегіршін, қайың, шаған т.б.). Дәнек - бір Тұқымды жеміс. Тұқымы жеміс серігімен тұтасып бірігіп кеткен астық тұқымдастарға (бидай, жүгері, арпа, тары, күріш) тән.
Тұқымшаның дәнектен айырмашылығы, жеміс серігі тұқымымен бірікпеген, көбінде үлпек айдаршасы болады (бақбақ, күнбағыс, қалуен, өгейшөп, таусағыз, кекіре). Бұл жемістер күрделі гүлділер
Шырынды жемістер. Шырынды жемістердің денесіндегі етінің барлық бөлімі жұмсақ және шырынды болады немесе оның жарым-жартысы катайып барып сүректеніп кетеді. Шырынды жемістер — жидек жеміс (тошала, қызамық, жүзім), жидек тәрізді жеміс (асқабақ, қарбыз, қауын, қияр) және сүйекті жеміс (алхоры, өрік, шие, шабдалы) деп бөлініп келеді.
Өсімдіктің тегіне, пайда болу жолына, құрылысына карай жемістер — нағыз жеміс, жалған жеміс, күрделі жеміс, шоқжеміс болып келеді.
Нағыз жеміс гүлдің тек түйінінен өсіп шығады. Мұнда гүл түйінінің қабырғасы қалыңдап етжеңді жеміс қабырғасына айналады. Оны перикарпий немесе жеміс серігі деп атайды.
Жалған жеміс — жеміс серігі аналықпен бірге гүл кіндігінен өсіп жетіледі. Жалған жемістің құрылысы бірдей емес. Мысалы, алма мен алмұрттың жеміс серігі етті гүл кіндігі болады. Онан ішкері тұқымды қоршап жататын бөлімдері гүл түйінінің қабырғасынан пайда болған арқаулық ұлпалардан құралған. Қауын қарбыз, асқабақ жұмсақ бөлімі — жеміс серігі. Оның сыртындағы қабық бөлімі - гүл кіндігі (ол итмұрында -Rosa саnina Z).
Күрделі жемістер - бір гүлдегі аналықтардан пайда болады. Мысалы, танқурай (Rubus Z), қара бүлдірген (R. Saxatilis) т.б.
Шок жемістер — гүл шоғырындағы жеке гүлдерден өсіп шыққан жемістердің жиынтығын айтады. Мысалы, тұт ағашының әрбір етжеңді жеміс жидектері жеке-жеке жалған жемісшелерден құралады да, олардың жеміс серіктері өзара бірігіп кетеді. Жүзім гүл шоғырынан пайда болған жидектері піскен кезде жеке-жеке жеміс серігі болады. Анасының гүл шоғырының негізгісі етжеңді болады, оған масақтанып орналасқан жеке гүлдер жидекке айналады.
Құрғақ жеміс. Құрғақ жемістің жеміс серігі құрғақ сүректенген болып келеді. Кұрғақ жемістерді қақырайтын және қақырамайтын құрғақ жемістер деп бөледі. Қақырайтын құрғақ жемістердің мынадай түрлері бар: боб (бұршақ, үрмебұтақ, қараған сияқты т.б. бұршақ тұқымдастардың жемістері), бұршаққын (шалқан, panс - Brassica), қорапша (меңдуана, қараот, мыңтамыр, көкнар (Papaver Z). Қақырамайтын құрғақ жемістердің түрлері, бұған: дән (арпа, бидай т.б.), жаңғақ (балқарағай), қанатты жеміс (үйеңкі), шошқа жаңғақ (емен), тұқымша (күнбағыс, бақбақ).
Боб (бұршаққап) — жеміс жапырақшадан пайда болған бір ұялы құрғақ жемістің түрі. Бұршаққап жемістерінің ішінде бір, екі және көп тұқымдары болады. Көпшілігі көп түқымды. Піскен кезде оның бауыр және арқа жағындағы жіктері бірдей қақырайды, ішінен бұршақ жемістері (мысалы, бұршақ, лобия, соя, ақмия, акация т.б.) төгіледі.
Мия (Glucurriza Z) - бұршақ қабының ішінде орналасқан жеке тұқымдарының екі арасы көлденеңінен бөлініп жатады, мұндай жемістерді бунақты бұршаққап деп атайды.Қақыраған кезде мия бұршаққабы шашылып, әртүрлі табиғи құбылыстардың (жел, жаңбыр т.б.) әсерінен алысқа таралады.
Қауашақ - екі немесе одан да көп жеміс жапырақшасынан пайда болған көп тұқымды, бір, екі немесе көп ұялы. Қақырау жолы өсімдік түріне байланысты біреуінде қақпақшасы төбесінен ашылса (меңдуана, көкнар, қара от, мыңтамыр т.б.) екіншісінде төбесіндегі жіктерінен ашылады (қызғалдақ, мақта, пияз, қоңырауша т.б.), ал кейбіреулері төбесіндегі ирекшелері арқылы (қалампырлар, наурызгүл) және жоғарғы жағынан бастап төменге қарай тартылған жіктері арқылы шытынап қақырап ашылады (қоғажай, қоңыраугүл т.б.), бөлшекті қауашақтар да (сүттіген, құлқайыр) кездеседі.
Бұршаққын және бұршаққынша. Бұл екі жеміс жапырақшасынан пайда болған қос ұялы құрғақ жеміс. Егер енінен ұзындығы 3-4 есе артық болса бұршаққап деп аталады, ені мен ұзындығы бірдей болса, не шамалы ғана енді 0,5-1 есе артық болса бұршаққынша деп аталады, мысалы: жұмыршақ (Capsella Medic), ярутка (Tһlaspi Z) жемістері жатады.
Бұршаққынды жемістерге левкой (Маtthiola Вr), шалқан (Brassica rара) т.б. жатады. Бұршаққынның іш жағында ұзынынан бойына тартыла біткен қалтарысы болады. Қалтарыстың жиегіне жабысып майда тұқымдар өседі. Қалтарыс жемісті екіге бөліп тұрады.
Жапыраққап — апокарпты бір жеміс жапырағынан пайда болған бір ұялы көп тұқымды болып келетін құрғақ жеміс. Ол бауыр жағындағы жігінен қақырайды. Мысалы, сарғалдақ, уқорғасын, қазоты, тобылғы т.б.
Қақырамайтын құрғақ жемістердің бір ғана тұқымы болады. Олар дән, жаңғақ, қанатты жеміс, тұқымша т.б.
Дән — бір тұқымды құрғақ жеміс, астық тұқымдастарының дәндері (арпа, бидай) жатады.
Жаңғақ - жеміс серігі қатайып, сүректеніп кеткен, бір тұқымды, құрғақ жаңғақ (балқарағай).Түқымша - екі жеміс жапырағынан пайда болған, қауыз тәрізденген жеміс. Өсімдік тұқымшасының бір шетінде айдарша тәрізді өскіншелері болады, олар жемістен жел арқылы таралады (бақ-бақ, күнбағыс, бетеге т.б.). Жемістің таралуы. Өсімдіктердің жемістері - әртүрлі биологиялық факторлардың (жел, су, адам, жан-жануарлар т.б.) әсерінен өскен орнынан басқа жерлерге таралады. Желмен таралатын жемістер түрлерін анемохорлық өсімдіктер, олардың таралу жолдарын анемохория деп атайды. Жемістердің ерекшелігі: жеміс, құрғақ жеңіл болады. Өсімдіктердің салмақты келетін тұқымдары жемістерінде желмен ұшып жүруге бейімделген қосалқылары болады: бірінде - шілтер қанаты, ұзынды-қыскалы түктер (бақ-бақтіңкі, мақтанікі). Сумен таралатын жемістерді гидрохорлық өсімдіктер дейді. Олардың сумен таралу жолын гидрохория дейді. Сумен таралатын жемістердің өскіншелері болады. Мұндай өсімдік жемісі суда қанша жүзсе де батпайды және шірімейді.Жануарлар арқылы таралатын түрлерді зоохорлық өсімдіктер, олардың таралу жолдарын зоохория деп атайды. Мұндай жемістің өскіншелері, түктері, қылшықтары, ілмектері, қармақшалары болады.Жемістер құстар арқылы таралатын өсімдіктерді орнитохорлық өсімдіктер деп атайды. Етінің сыртқы қабаты (экзокарпииі) әртүрлі ашық түсті шырынды жемістер.Кейбір өсімдік жемістер пісісімен жеміс қауашығы бірден шырт етіп жарылып, оның ішіндегі тұқымдары сыртқа атылып, өзінен ұзақ жерге түсіп таралады (қоғажай, қазтабан, сары қараған, шытырлақ т.б.)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   48




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет