Байсеитова н. М


Лабораториялық сабақ № 22, 24



бет39/48
Дата15.09.2023
өлшемі4,32 Mb.
#181155
түріСабақ
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   48
Байланысты:
Лаб сабақтар әдістем елік нұсқауы

Лабораториялық сабақ № 22, 24


Лабораториялық жұмыстың тақырыбы: Гүл құрылысы
Сабақтың мақсаты: Гүл және гүл бөлімдерінің жалпы құрылысымен танысу.
Сабаққа қажетті объектілер, құрал-жабдықтар: 1. Өсіп тұрған немесе күні бұрын спиртке салынған қызғалдақтың, алманың, капустаның, қиярдың, шиенің, сарғалдақтың, картоптың, тау қалақайының, асбұршақтың, уқорғасынның, талдың түлдері. 2. Әр түрлі гүлдердің макеттері. 3. Тозаңқап және жатынның кесіндісінің тұрақгы микропрепараттары. 4. Стереомикроскоп, лупа, сапты ине, пинцет, зат әйнегі, екі түсті шыны тақта, өткір ұстара.


Т а п с ы р м а л а р.
1. Гүл бөлікерінің орналасу заңдылықтарын зерттеу.
2. Әр түрлі өсімдік гүлдерінің тостағанша және күлте жапырақшаларына, аталықтары мен аналықтарының сыртқы құрылысындағы ерекшеліктеріне талдау жасау.
3. Гүл қоршауларына, андроцей, гинецейлерінің құрылысына қарай гүлдердің әр түрімен танысу.
4. Симметриялы гүлдерге талдау жасау.
5. Гүлдердің формуласын жазып, диаграммасын сызу.
6. Жатын типтері, гиницей типтері және плацентация типтерінің ерекшеліктеріне көңіл аудару.
7. Тозаңқап ұясымен және тұқым бүрінің анатомиялық құрылысымен танысу.
Актиноморфты гүлдер. Кез келген өсімдік гүлінің құрылысымен танысуды екі түсті шыны тақта немесе бір парақ қағаз бетіне гүл бөліктерін, гүлдегі орналасу ретін бұзбай, жекелеп, қою- дан бастаған жөн. Ол үшін алдымен гүл серігінің тостағанша жапырақшаларын ең сырт жағына (гүл серігінің сыртқы шеңбері), желектерді оның іш жағына (гүл серігінің ішкі шеңбері), желектердің іш жағына аталықтарды орналастырып алып, бұлардьыңнақ ортасына, қалған бос жерге аналықты қою керек. Әр гүлдің аналығын ұзынынан және көлденеңінен кесіп, оның ішкі құрылысының ерекшелігін байқау қажет. Аналықтың асытна гүл кіндігімен гүл сағағын орна ластырған жөн. Осыдан соң оларды лупамен, микроскоппен карап, әрқайсысының құрылысын, ондағы өзгешеліктерін жеке- жеке зерттеп шығу қажет. Зерттеген кезде гүлдін жеке бөліктеріне арнайы тоқталған жөн. Жоғарыда айтылған тәртіп бойынша актиморфты қос қабат гүл серігі гетерохламидті мысал ретінде кәдімгі алма өсімдігінің гүлін талдап көрейік (134- сурет).
1 – ж ұ м ы с. Алма гүлінің құрылысы. Алма гүлі гетерохламидті гүлдер типіне жатады. Тостағанша жапырақшаларының саны 5, жартылай кіріккен үш бұрышты - қандауыр

8-сурет. Алма гүлінің құрылысы


пішінді, төмен карай иілген; күлте желектері ірі, саны 5, түсі ақ немесе қызғылт, пішіні жұмыртқа тәрізді, қысқа тырнақшалы, күлте желектері бір-бірімен қиылысады. Олардың қилысқан жерлерінің сырт жағынан тостағанша жапырағы орналасады; аталықтарының саны 20-30, үшшеңбер түзген. Дөңгелек немесе сопақтау келген тозаң қаптары ұзына аталық жіпшелеріне жалғасады; в) аналық саны I, бес жеміс жапырақшасынан тұрады, синкарпты. Аналықтың қанша жеміс жапырақшасынан пайда болғанын жартылай кіріккен стилодий санына қарап анықтайды. Төменгі түйінді, әр ұяда екілеп тұқым бүрі бар. Алма гүлінің формуласы Са(5)С05А0(5). 1. Жұмыс барысында алманың гүл шоғырының суретін салып, гүлдің бөліктерін (гүл сағағы, гүл жапырақша т.б.) белгілеу; 2.Гүл кесіндісінің суретін салып, төменгі жатын стилодий, аналық бөліктері, гүл серігін (тостағанша жапырақшалары, күлте желектері тырнақша, желбір) аталықтарын белгілеу; 3. Гүлдің күлте желектерісіз аталықтарысыз суретін салып, одан жартылай кіріккен стилодийлерді белгілеу. 4.Жатынның көлденең кесіндісі суретінен жатын ұяларын және тұқым бүрлерін белгілеу, 5. Гүлдің формуласын жазып, диаграммасын сызу.


2 - ж ұ м ы с. Батпақ құртқашашы. (Jris pesndacorus) гүлінің құрылысы.Батпақт құртқашашы гүлінің құрылысын алма гүліне жасаған талдау ретімен жалғастырамыз. Морфологиялық құры- лысы жағынан алма гүлінен басты айырмашылығы бұл өсімдік гомохламидті күлте тәрізді гүлге жатады (135-сурет).


Күрделі монохазии гүл шоғырын түзетін ірі гүлдерін жабын жапырақ жауып тұрады. Гүлдерінің гүл сағақтары қысқа, гүл шанағын үлпек гүл жапырақшаларытұтас жабады.
Ашық сары түсті күлте желектері екі шеңбер түзеді. Гүл серігінің сыртқы шеңберінің желектері ірі, жоғарғы жағы енді, жұмыртқа тәрізді болып, төмен қарай жіңішкеріп, жиектері толқынды, гүлденген кезде төмен қарай иіліп тұрады. Ішкі шеңбер жапырақтары теріс қандауыр тәрізді, үшкір, сыртқы күлте желектерімен 2-3 есе қысқа, жиектері сирек толқынды, негізі негізі ішке қарай иілген. Аталық саны 3. Тозаңқаптың астыңғы жағындағы жіпшесі енді (жалпақ), одан төмен қарай үш қырлы, гүл серігінің түтігіне бекінген және түтіктегі ұзын шырындықпен(нектарник) кірігіп кеткен.
Гүл түйіні (жатын) ұзын, үш қырлы, үш ұялы, әр ұяда тұқым бүрі екі қатар түзіп орналасқан. Аналық мойыны қысқа, гүл серігінің түтікшесінен жоғары көтеріліп тұрады, пішіні таспа тәрізді, сопақша немесе желек тәрізді саны 3. Жоғарғы жағында екіге бөлініп ашаланған стилодийлері бар, төменгі беткейінде аналық ауызының бүртіктері мен тілшелі өскіншесі жақсы байқалады. Батпақ құртқашашы гүлінің формуласы: *P3+3A3G(3).
Жұмыс барысында гүл құрылысының ерекшеліктеріне аса көңіл аударып, мынадай суреттер салып, белгілеу. 1. Гүл шоғырының көрінісі, ондағы гүл жапырақ (жабын жапырақ) пен гүл жапырақшалары; 2. Гүл серігінің сыртқы және ішкі шеңбері желектерінің иілу ерекшеліктері; 3. Серігінсіз гүл көрінісінің суретіндегі аталықтардың пішіндері, орналасу ерекшеліктері және желек тәрізді стилодийлері бар аналық мойыны; 4. Гүл түйінінің көлденең кесіндісі. Жұмысты гүлдің формуласын жазып, диаграммасын сызумен аяқтау.







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   48




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет