Байсеитова н. М



бет38/48
Дата15.09.2023
өлшемі4,32 Mb.
#181155
түріСабақ
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   48
Байланысты:
Лаб сабақтар әдістем елік нұсқауы

Копулировкада — телушіге алынған қалемшенің 2-3 бүршігі болуы кажет, телінушінің қалемшесі мен телітушінің сабағынан қиғаш кесінді жасалады және де компоненттердің камбий қабаттары сәйкес келетіндей диаметрлері бірдей болады. Коп­улировка жасалған жерге балшық немесе ағаш көмірінің, ұнтағын сеуіп қояды. Бұл телінген жерге ауру тудыратын микроорганизмдердің ұяламауы үшін қажет. Ал ағаштар мен бұталарды теліген кезде компоненттердің диаметрі сәйкес келе бермейді. Мұндай жағдайда кесінділеп телудің басқа тәсілдері қолданылады.
1 - сурет. Телу тәсілдері:
1 - телу үшін дайыңдалған телінуші қалемше, 2 - жарықшақтап
телу, 3 – копулировка, 4 – окулировка, К - көзше (бүршік).


Ж ы н ы с с ы з к ө б е ю - споралары немесе зооспоралар арқылы жүзеге асады. Споралар (грекше spore-тұқым) құрлық өсімдіктеріне тән, олар өз бетінше қозғала алмайды, салмақтары өте жеңіл болғандықтан, ауа толқыңдары арқылы таралады. Зо­оспоралар (грекше «zoo» — жануар, zoospore — қозғалатын спора) суда, ылғалға қаныққан топырақта өсетін өсімдіктерге тән, б
ұлар талшықтармен жабдықталған, соның көмегімен өз ортасында қозғала алады. Споралар арқылы төменгі сатыдағы өсімдіктердің басым көпшілігі (балдырлар, саңырауқұлақтар), жоғары сатыдағы мүк тәрізділер мен папоротник тәрізділер көбейеді. Бұл кейінгілерін тұқым арқылы көбейетіндерден жеке-жеке типке бөлді. Мысалы, мүктер типі, папоротник тәрізділер типі, ашық тұқымдылар типі және т. б. деген сияқты. Ботаниктердің басым көпшілігі осылардың ішіндегі соңғы пікірді құптауды.


Қайталау сұрақтары 

  1. Өсімдіктердің ұрпақ шығаруы ? 

  2. Өсімдіктердің көбеюі ? 

  3. Қолдан вегетативтік көбейту дегеніміз не ?

  4. Телу және оның түрлері ?



Әдебиеттер тізімі:
1. Н. Мухитдинов, Ә Бегенов, С Айдарова. Өсімдіктер морфологиясы мен
анатомиясы. Алматы, РБК, 1993.
2. Ағелеуов Е., Дөненбаева К., Агитова К. Өсімдіктер анатомиясы мен морфологиясы. -Алматы, 1998ж.
3. Мухитдинов Н.М, Бегенов А.Б., Айдосова С.С. Өсімдіктер морфологиясы мен анатомиясының практикумы. -Алматы,1994ж.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   48




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет