Фразеологизмдер — тарихи категория: бұл оған дәуірлік сипат береді. Тұрақты сөз тіркестері жеке сөздер сияқты тілдік единица ретінде жұмсалады да үнемі дамуда болады. Бірақ бұл құбылыс лексикаға карағанда, фразеологизмдерде өте баяу. Оны әр кезде қалыптасқан тұрақты сөз тіркесінен айқын көреміз.
Фразеологизмдердің дамуының негізгі екі түрі бар: Бірінші, тұ-рақты сөз тіркестері, ең алдымен, сол тілдің иесі болып табылатын халықтың ұлттық ерекшелігіне қарай жасалып, қалыптасады. Бұл
102
әр тілдің өзінің ішкі даму процесімен байланысты болады. Екіншісі — тұрақты сөз тіркестері дамуының сыртқы процесі. Халықтар арасындағы қарым-қатынас бір тілден екінші бір тілге фразеоло-гизмдердің ауысып отыруына мүмкіндік туғызады. Фразеологизм-дер бір тілден екінші тілге сөйлеу тілі және жазба нұсқалар (пуб-лицистика, көркем әдебиет т. б.) арқылы ауысады. Мәселен: көк базар, көз бояу, өмір сабағы, эрбір істің басталуы Қиын, ештен кеш жақсы, жылтырағанның бэрі алтын емес, бейбітшілік көгершіні т. б. тіркестер біздін, тілімізде орыс тілінің ықпалымен қалыптасып, фразеологиялық қорымызды байыта түсуде.
Сондай-ақ, Келдім, көрдім, жеңдім (Юлий Цезарь). Уақыт біздің пайдамызға қызмет етеді (Гладстон). Бэрі де ағады, бэрі де өзгереді (Гераклит). Стиль — ол адам (Бюффон) т. б. сияқты әр түрлі халықтың афоризмдері де бізге орыс тілі арқылы енгені
белгілі.
Сөйтіп, 'қай тілдің болмасьш фразеологиясы халықтардың өз
ара қарым-қатынаста болуының нәтижесінде бірін-бірі толықтырып отырады. Ал бұл мәселе, бір жағынан, фразеологизмдердің сәтті аударылуына да байланысты. Яғни бір тілдегі фразеологизмдердің екінші бір тілге аударылғанда олардың жымдасып, жатық болып жұмсалуында. Оған В. И. Ленин шығармаларынан мысалдар келтіруге болады: қай жер жақсы болса, отан сол жерде (где хорошо, там отечества) 3-том, 340-бет; Жақсы аяқталған істің бэрі жақсы (все хорошо, что хорошо кончается) 33-том, 242-бет; Әрбір жемістің өз уақыты бар (всякому овощу свое время) 13-том, 295-бет; Жақсы даудан жаман бітім артық, (худой мир лучше доброй ссоры) 5-том, 382-бет; Ештен кеш жақсы (лучше поздно, чем никогда) 6-том, 270-бет; Әрбір істің басталуы қиын (всякое начало трудно) 8-том, 102-бет; Жылтырағанның бәрі алтын емес (не все то золото, что блестит) 20-том, 340-бет. Мұнда фразеологизмдердің жігі білінбей жымдасып, көңілге қонымды болып, соншалықты жатық аударылған. Бұлардың “кірме” екені бізге ешбір сезілмейді. Бірақ, кейде аудармашылар әріп қуалаймыз деп тұрақты сөз тіркесінің өңін айналдырып, түсініксіз етіп жібереді.
В, И. Ленин шығармаларында кейбір фразеологизмдердің қазақша аудармасы қазақ оқушыларымызға түсініксіз болып шыққан:
1. Орыстың ескі сөз қолдануы бойынша, бұл жердегі қоғам деліп отырғаны — өздерін жердің тұзымыз деп санайтын, өздерін тә-каппарлықпен “интеллигенциямыз” деп атайтын “көпшілік пікір” тудыратын т. б. жэне көксейтін либералдьқ чиновниктердің, бур-жуазиялық интеллигенттердің, еріккен рантелердің жэне өр көкірек өзіне мэз қолы бос жұрттың бір тобы болып табылады (12-том, 373-бет)._______
1 В И. Ленин шығармаларын аудару принциптері жөнінде М Жан-ғалин өзінщ “Об основных принципах перевода с русского на казахской язык” деген тақырыпта жасаған баяндамасында тоқталған (Доклады от Казатстана на междуреспубликанском совещании по вопросам перевода литературы с русского на языки народов Средней Азии, Казахстана и Азербайжана. Алма-Ата, 1958 г)
103
2. Өзін жердің кіндігі деп есептеуге дағдыланған ескі буржуа-зиялық және империалистік Европа бірінші империалистік қыр-ғында сасық бітеу жарадай, шіріп барып жарылды (33-том, 346-бет).
3. Иттің көмілген жері осы.Бұлтарыстардың, софизмдердің, ала аяқтық бұрмалаулардық барлығы Каутскийге күш жұмсауреволюциясынан жалтару үшін, өзінің одан безуін, өзініц либерал-дық жұмысшы саясаты жағына, яғни буржуазия жағына шығуын бүркеу үшін керек болып отыр. Иттің көмілген жері осы (28-том, 235—236-беттер).
4. Петроград көтерілісін болдырмауға Қаменев пен Зиновоевтің істеген эрекеттері жөнінде көтермекші болған “дауыл” стақандағы судың бұрқылы болып шықты (26-том, 297-бет).
Бұл мысалдардағы тұрақты тіркестерді түсіну қиын. Мұнда дәлме-дәл аударылып, әріп қуалаушылықтың салдарынан түп нұс-қадағы тұрақты тіркестердің мағынасы түсініксіз болып шыққан, образдылық сипаты сақталмаған.
Фразеологизмдерді бір тілден екінші бір тілге аударуда әр ха-лықтың өзінің тілді қолдану дәстүрін мұқият ескеру қажет. Со-нымен бірге ол фразеологизмдердің ең алғаш қай тілге тән екенін және оның қалай қалыптасқанын білу керек. Мысалы, жоғарыда келтірілген “Вот где зарыта собака (иттің көмілген жері осы) мен “Буря в стакане воды” (стакандағы судың бұрқылы) деген сөй-лемшелер — орыс тілінде басқа тілдердің әсерінен туган аудар-малар.
“Иттің көмілген жері — осы” деген сөйлемше ең алғаш неміс тілінде қолданылып қалыптасады. Мұның қалыптасу тарихы былай болған: XVI ғасырда өмір сүрген бір неміс жауынгерінің иті болады. Ол ит бір кезде иесін өлімнен алып қалса керек. Иттің бұл жақсылығын бағалаған иесі оған өлгеннен кейін айрықша көз тартарлық әсем ескерткіш орнатады. Ескерткішті көруге жер-жер-ден адамдар келетін болған. Олар келген бетте жергілікті тұрғын-дардан: “Әйгілі ит қайда көмілген” (Где зарыта знаменитая собака?) деп сұрайды екен. Осылайша айтыла-айтыла, ол ақыры қанатты сөзге айналып кеткен.
“Буря в стакане воды”— стақандағы судың бұрқылы сөз тірке-сінің де осындай қалыптасу тарихы бар. Сөйлемше ауыс мағынада, елеусіз көңіл бөлуге тұрмайтын нәрсеге бола жанжал шығару, босқа қынжылу дегенді білдіреді. Мұны тұңғыш колданған — француз философы Монтескье (1755—1889). Бірақ Монтескьеге дейін де оның \<буря в горшке”, “буря в разливательной ложке” деген-сияқты варианттары болған екен.
Тұрақты сөз тіркесінің мағынасын түсінбей аударуды көркей шығармадан және газет беттерінен де кездестіруге болады.
Чехов шығармаларының аудармасында: мүмкін бұл адам суға кетіп өзі өлген шығар немесе Мұның төркінінен Сибирьдің иісі аң-қып тұруға да мүмкін (Чехов. Әңгімелер жинағы 9-бет). Мұның
Бұл мысал А. С Макаренконың “Мұнарадағы жалаулар” повесінен алынды
104
орысшасы: Может этот утоплый покойный сам утоп, а может тут дело сибирью пахнет.
Немесе, Ванда удивленно оглядела мальчиков и подвинулась на край скамейки. Облака перестали ее занимать, она занялась более прозаическим пейзажем привлекательной площади.
Қазақшасы: Ванда балаларға таңырқап қарады да,орындықтың шетіне қарай жылжып отырды. Мұның назарын бұлт енді өзіне аудара алмады. Ол вокзал алаңының неғұрлым прозалық су-реттеріне әуестенумен шұғылданды1(осы мысалдарда асты сызыл-ған сөз тіркестерінің аударылуына көңіл бөліңіз).
Орыс тілінің фразеологизмдерінін, қазақша тексте қолданы-луына мысалдар:
1. — Қарағым-ау, жаңа келіп тұрсың ба? Шай қояйын ба?. Түу, құлыным-ай, қиналып жүрсің-ау,.. Шыда... Шыда... Орақ та аяқ-талар...
— Жоқ, апа, мен ұйықтайын...
Ол шамды да жақпады. Сипалап келіп, төргі бөлмеге енді. Бибігүл көзін ашып алды.
— Сақан-ау, сақал-мұртың өсіп кетіпті ғой,— деді Бибігүл. Анау үнсіз. Төсекке басы тисімен қор ете түсті.
Бал айы осылайша мазасыз...
Осындағы “бал айы” — орыс тіліндегі (медовой месяц)1деген бейнелі сөз тіркесінің аудармасы, бірақ мұнда, ол дұрыс ауда-рылмаған.
2. Жұрт айтқандай кейбіреулерінің түгін қарсы қайыра сипауға тура келер.
3. Қала жастарының қаймақтары бұлар.
4. Колхозшылар кешкі мектеп қабырғасынан аттестат алып шықты.
Соңғы келтірілген сөйлемдерде де орыс тілінің сөз орамдары қазақ ұғымына сай пайдаланылмағаны бірден аңғарылады. Мұндай сөйлемдер газеттерде аз кездеспейді.
Аударма фразеологизмдерді бұлай қолдану тіл мәдениетін тө-мендетеді. Сондықтан фразеологизмдердің дұрыс аударылып, дұ-рыс қолданылуы мұқият ескерілгені жөн. Ол үшін ең алдымен фразеологизмдердің аударылу заңдылығын жақсы білу кажет.
Жалпы фразеологизмдерді аударудың үш түрлі тәсілі бар;
1. Фразеологизмдерді аударуда оның жалпы мағынасы беріледі. Мысалы:
Вариться в собственному соку — Өзімен-өзі болу.
Козел отпущения — кінэлі ету.
Лезть вон из кожи — тыраштану.
Подложить свинью — қастық, істеу.
1 В И. Ленин шығармаларында бұл “ләззат айы” және “алғашқы ай” (5-том, 385-бет, 25-том, 406-бет болып аударылған).
105
Принимать за чистую монету — шынға балау.
Яблоко раздора — егестің басы.
Водить за нос — әуреге салу.
Бұл тәсіл фразеологизмдерді еркін сөз тіркесіне жақындатады.
2. Фразеологизмдерді аударуда олардың өз ара мәндес келе-тіндігі ескеріледі. Мысалы:
Беречь как зеницу ока — көздің қарашығындай сақтау.
Тіл-тілдегі фразеологизмдердің бұлайша өз ара мәндес келуі аударма тілінің жатық, түсінікті болуына септігін тигізіп, жалпы аудару жұмысын жеңілдетеді.
3. Қөптеген тұрақты сөз тіркестері бір тілден екінші бір тілге, сөзбе-сөз аударылады. Бұған идиомнан гөрі әсіресе макал-мәтел мен қанатты сөздер бейім келеді. Мысалы:
Ни рыба, ни мясо — ет те емес, балық та емес.
Как две капли воды — екі тамшы судай.
Рыбак рыбака видит издалека — балықшы балықшыны алыстан көреді.
Лучше поздно, чем никогда — ештен кеш жақсы.
Правда — хорошо, а счастье — лучше —- шындык, жақсы, ал ба-қыт одан да жақсы т. б.
Фразеологизмдерді орыс тілінен аударған кезде ерекше көңіл бөлетін тағы бір мәселе — ол тұрақты сөз тіркестерінің арғы шық-қан тегі. Мысалы, қазіргі орыс тілінде қолданылып жүрген фра-зеологизмдердің ішінде басқа тілдерден енгендері бар. Олар: “луч-ше поздно, чем никогда”, “убит время” (француз тілінен); “холод-ная война”, “железный уровень” (ағылшын тілінен); “невзирая на лица”, “Вот где собака зарыта”1(неміс тілінен). Сонымен қатар орыс тілінде көне грек мифологиясына байланысты' сөз образдары да көп кездеседі: “танталовы муки”, “авгиевы конюшни”, “троян-ский конь”, “яблоко раздора”, “Ахилесова пята”, “Дамоклов меч” т. б.
Осылар сияқты сөз орамдарының ең алғаш қай тілде, қандай мағынада қолданылып, қалыптасқанын жақсы білмейінше, оларды бірден аудара салуға болмайды. Қазақшаға мұндай сөз образдарын аударғанда сілтемеде олардың мағыналары ашылып, түсініктеме беріліп отырса дұрыс болады2. /
1 М Шанский. Фразеология современного русского языка Москва 1973, 93-бет
Ондай түсініктемелер орыс тілінің фразеологиялық сөздіктерінде беріледі.
106
2. ГРАММАТИКАЛЫҚ СТИЛИСТИКА
*
§ 42. Грамматикалық стилистика туралы жалпы түсінік
Стилистиканың басты мақсаты, бұдан бұрын айтылғандай, жеке сөздер мен грамматикалық тұлғалардың, сондай-ақ синтаксистік конструкциялардың қолданылу заңдылықтары мен экспрессивтік сапасын айқындау. Олай болса грамматикалық стилистиканың басты міндеті — грамматикалық категориялар мен синтаксистік конструкциялардың мәні мен мағынасын айқындау, сол мән-мағы-наның туу, пайда болу тәсілдерін көрсету және жеке тұлғалар мен шумақтардың қолданылу жүйесі мен сферасын белгілеу. Осы міндеттер тұрғысынан келгенде, стилистиканың грамматикалық саласының маңызы аса ден қоярлық. Өйткені оған мына тәріздес себептер бар: грамматикалық тұлғалар мен синтаксистік конструк-циялардың жеке сөздер тәріздес стильдік салаларға жіктеліп, қа-лыптасуы кең таралған құбылыс емес. Белгілі бір тұлғалар мен шумақтардың қолданылу заңдылығы олардың мән-мағынасы мен грамматикалық табиғатына тәуелді болады. Арагідік жазуда, не ауызекі сөйлеуде жеке грамматикалық тұлғаларды оғаш қолдану олардың сыр-сыпаты мен табиғатын жете білмеуге байланысты болып отырады. Газет беттершен кездескен мынадай бір фактілерді талдап көрейік: Сауданың мұндай басшылары өз тұтынушылары нені қажет етіп отыр, нені талғайды — бұл жағын зерттеуге селқос қарайды (газеттен). Москвадан келген Колотов деген жолдас өте бір тығыз шаруа жөнінен сізбен сөйлескісі келеді (газеттен). Осы сөйлемдердің қайсысы да бір оқығанда сындарлы көрінгенмен, грамматикалық қателерден құр емес. Алғашқы сөйлем құрамындағы сауданың мұндай басшылары шумағын қарастырайық. Әдетте ауылдың басшысы, мекеменің басшысы деп ілік жалғау қолданылғанмен, жалпылық мәнде, әсіресе абстракт ұғьш туғызатын тіркестер құрамында ілік жалғау түсіріліп мемлекет басшысы, ел ағасы, сауда мәдениеті деп айтылып, жазылады. Бұл нормаға айналды. Олай болса, жоғарғы шумақты да мұндай сауда басшылары деп құру әлдеқайда жатық, түсінікті, құлаққа да жа-ғымды. Сол" сияқты, екінші' сөйлемдегі тығыз шаруа жөнінен сөй-лескісі келеді шумағының құрамындағы жөн сөзінің шығыс жал-ғауында қолданылуы да аса жарасымды емес. Шығыс жалғаулы сөз әдетте іс-қимылдың шығар көзін, таралу мекен-орнын білдіреді. Ал мына сияқты реттерде жатыс жалғауын қолдану икемді (жөнінде). Баяндауыш қызметіндегі сөйлескісі келеді күрделі етістігі де сол жалғауды (жатыс жалғауын) қажет етеді.
_Жазуда, сөйлеуде грамматикалық тұлғалар мен шумақтардың орнын айқын біліп, айырмау кейде қате түсінікке соқтырады. Мынадай бір мысал келтірейік: Сауда жұмысын жақсарту көп жағдайда сауда қызметкерлерінің өздеріне, олардың тапсырылған іске жан ашырлықпен қарауына, инициативашылдығы мен іскер-
107
лігіне, тұтынушыларға жайдары, жұмсақ мінезбен сапалы қызмет көрсете білуіне байланысты (газеттен). Осы сөйлемді бір оқығанда алғашқы “Сауда жұмысын жақсарту көп жағдайда сауда қызметкерлерінің өздеріне” дейтін бөлігін бүкіл сөйлем мағына-сымен ұштастыра түсіну қиын-ақ. Өйткені бұл шумақ дұрысында, бүкіл сөйлем бойында айтылған мағынаны жалпылай қорытын-дылап тұр. Автордың айтайын дегені: сауда жұмысының жақсаруы сауда қызметкерлерінің іскерлігіне, инициативашылдығына, тұтынушыларға жақсы қатынас жасауына, қысқасы, олардың өздеріне байланысты деу ғой. Сол себептен жалпылауыш мәнді шумақты сөйлемнің соңғы жағына көшіру орынды, түсінікті бола-тын еді. Әдетте халық тілі мұндай реттерде: “алма, жүзім, жидек, өрік — бәрі жеміс” деп жалпылауыш сөзді ең соңында айтады.
Ұзақ текстерде бірінен соң. бірі айтылатын синтаксистік шумақ-тардың формалық жағынан да, мағыналық жағынан да бір-бірімей қабысып, үйлесіп келуі сөздіқ әуезділігін арттырады. Сондықтан әр шумақты тиянақтап, даралап тұратын грамматикалық тұлғалардың өз орнында, өз иінінде қолданылуы қажетті шарт. Осы орайда мынадай бір мысалға назар салайық: Әрбір сатушы тұтынушыларда биязы, кіші пейілдік мінез көрсете, мінсіз қызмет етіп қана қоймай, сонымен бірге сауданық осы заманғы жаңа прогрестік түрлері мен тэсілдерін кеңінен қолдану жолында табанды. күрес жүргізуге міндетті (газеттен). Осы сөйлемнің басқы әрбір сатушы, тұтынушыларға биязы, кіші пейілдік мінез көрсете дейтін бөлімі келесі шумақпен (“мінсіз қызмет етіп”) мағыналық жағынан да, формалық жағынан да қабыспайды. Өйткені шумақтың соңында -е тұлғалы көсемше айтылған. Ал бұндай тұлғалы сөздердің, бір ерекшелігі — өзінен кейін басқа бір тиянақты мән беретін сөздің айтылуын қажет етеді. Сондықтан бүл жерде -п тұлғасын (көрсетіп) қолдану қолайлы. Сонда бір-бірімен жалғасып, үндесіп жатқан екі шумақ форма жағынан да, мәні жағынан да қабысып тұрар еді.
Ұзақ текст құрамындағы дербес сөйлемдер жігінде де тұлға-лардың мағыналық жағынан қабыса, үйлесе айтылуы қажетті шарт екені мәлім. Мағыналары бір-бірімен ұласып жатқан дербес сөйлемдердің баяндауыштары мәні жағынан бір-бірімен қабыспай тұрса, логикалық ойдың жүйесі бұзылып, сөздің ырғағы кемиді. Мынадай бір үзінді келтірейік. Міне, партия мен үкіметіміз осы товарларды алдағы жылы жеткілікті мөлшерде шығарудың шұғыл шараларын қолдануда. Сонымен қатар, халықтың мал шаруашы-лығы өнімдеріне деген қажеттілігін тез арада толык, өтеудің мүм-кіндіктері де қарастырыла бастады. Жергілікті партия, совет ұйымдары мен ёауда мекемелері өздеріндегі қорларды шебер пай-даланып, халықты тұтыну товарларымен үзбей жабдықтауды қам-тамасыз етіп отыруға тиіс. Әйтсе де республикамыздағы сауда ісінде елеулі олқылықтар орын алып келеді (Газеттен). Үшінші сөйлемнің мәні оған дейін не одан кейін тұрған сөйлемдердің мәнімен ұласпайды. Өйткені баяндауыш формасы өзгеше. Ойдың
103
логикалық жүйесі әуелі істеліп жатқан шараларды 'баяндап, содан соң болып отырған кемшіліктерді айтып, осыдан кейін ғана мін-деттерді көрсетуді қажет етеді. Бірақ автор грамматикалық фор-маның (отыруға тиіс) мәнін түсінбеуден ой желісін үзіп алған.
Бұдан шығатын қорытынды: грамматикалық тұлғалардың қа-лыптасқан қолданылу жүйесін айқындап көрсету қажет. Ал бұл — грамматикалық стилистиканың, міндеті. Грамматикалық стилистика жеке тұлғалар мен шумақтардың қолданылу жүйесін айқындап, дәлдеуде нормативтік грамматиканың деректеріне сүйенеді. Алайда, бұдан нормативтік грамматика мен стилистика бірдей деген қорытынды шықпайды. Нормативтік грамматика сөздердің құрылысы мен өзгерісіне көп көңіл бөлсе, стилистика грам-матикалық тұлғаларды мағынасы мен қолданылуы тұрғысынан ғана қарастырады.
Стилистика 'сонымен қатар сөзге қосымша жалғаудық тілімізде қалыптасқан нормаларын айқындау мәселелерін де қарастырады. Сөз мағынасы қажет етпейтін жағдайда, қандай қосымшаның болсын жалғанып, колданылуы тілдін. қалыптасқан нормасын, сыпатыи бұзады. Қазіргі уақытта күнделікті баспасөз тілінде әр-дайым жиі ұшырайтын кіші пейілділік мінез, балалар дәрігерлері, өндірістік технологиялык, процесс тәрізді тұлғалануды мағыналық қажеттіктен туған деуге болмайды. Қазақтың халық тілінде болсын, әдеби тілінде болсын, зат есімнің анықтауышы қызметінде жұмсалған сын есімге тағы басқа бір қосымша жалғамайды. Өйт-кені мағыналық тұрғыдан ешбір қажеті жоқ. Сондықтан кіші пе-йілділік мінез емес, кіші пейіл мінез болуға тиіс. Сөз тұлғасын орынсыз күрделендірудің қажеті жоқ. Осы қосымшаның (-лық,
-дық) қолданылуында кейде басқа да ыңғай байқалады. Мысалы: Жеңіл өнеркэсіп орындарында осындай өрескел кемшіліктердің элі де болса орын алуының басты себебі өндірістік технологиялык, процестер тэртібінің бұзылуында болып отыр (газеттен). Сөйлем құрамындағы “өндірістік технологиялық процесс” шумағында
-лық қосьшшасының қатарынан екі рет қолданылуы, әрине, орын-сыз. Алғашқы сөзге (өндіріс) -лық қосымшасының қажеті жоқ.
-лық — сөз бен сөзді байланыстырушы емес, сөзге жаңа мән береді, сын есімге қосылып, зат есім туғызады, зат есімге жалғанып, сын есім жасайды. Бұл жерде -лық емес, ілік септіктін, қолданылуы қажет еді (өндірістің технологиялық процесі).
Қолдануда ұқыптылықты кажет ететін қосымшалардың бірі
-лар көптік жалғауы. Әдетте қазақ тілінің нормасы бойынша екі зат есім тіркесіп жұмсалғанда көптік жалғау тек соңғысына ғана жалғанады да, алдыңғысына жалғанбайды. Сондықтан ғылым академиясы (ғылымдар академиясы емес), оқу орындары (оқулар орындары емес) деп жазып жүрміз. Ал балалар дәрігерлері тәрізді қолданыстар кұлаққа тосаң естіледі. Сол сияқты қазақ тіліндегі кейбір сөздер көптік жалғауды қажет етпейді. Ондай сөздер халық тілінде бір тұтас ұғым ретінде қалыптасып кеткен. Мына мысал-дарға назар салайық: Сондықтан менің еңбектес құрбыларымның Қазак, ССР Жоғарғы Советінің бүгінгі сессиясынан үлкен жақсы-
109
лықтар күтуі де заңды... Менімен бірге жұмыс істейтіндердің бар-лығы осындай игіліктерге жетіп отыр (газеттен). Қазақ ұғымында игіліктің де, жақсылықтың да аумағы өлшеніп, оның мөлшері бел-гіленбейді. Ондай сөздер бір тұтас ұғым атаулары есебінде сол күйінде ұғынылады. Сол себептен ондай сөздерге көптік жалғауын қосудың ешбір қажеті де жоқ.
Кейде әдеби тілде қалыптасқан формалардың орнына диалек-тілік ерекшеліктерді қолдану да ұшырасады. Мысалы: Әсіресе республикадағы жеңіл 'және тамақ өнеркэсібінің кейбір түрлері, суармалы жерлердің кейбір бөлегі осында шоғырланулы (газеттен). Сірә, мақала авторы батыс облыстардың бірінен болса керек, сол аймаққа тән ерекшелікті қолданған. Әдеби тілде бұл ретте -ған (шоғырланған) тұлғасы айтылады. Мұндай тұлғалардың әдеби нормаға жатпайтыны әдетте нормативтік грамматикада баяндалады. Сол себептен мұндай ауытқулар стилистиканың объектісі бола алмайды.
Стилистйканың айрықша көңіл аударатын мәселелерінің бірі — грамматикалық тұлғалар мен синтаксистік шумақтардың белгілі бір мағына беруде синонимдес қолданылуы. Мұндай синонимдік топтар — сөз қайталамаудың, жинақы да жатық болудың аса таптырмас құралы, тіліміздің икемділігінің дәлелі. Қазақ тілінің мор-фологиялық категорияларының ішінде де, сирек болса да, бір-бірі-мен синонимдес мәнде қолданылу фактілері кездеседі. Мысалы, сын есімнің шырай түрлерін жасайтын -рақ және -лау аффикстерін алайық. Сөйлем ішінде күштірек, күштілеу тәрізді сын есімдік тұлғалар бір-біріне балама есебінде қолданыла береді. Кейде олар, мағынасы жағынан синонимдес болғанмен, әр түрлі мәнде қолда-нылуға икем келеді. Немесе осы шырайлық тұлғалардыд гөрі сө-зімен келген синтаксистік шумақтарға синонимдес қолданылуын айтуға болар еді (Асаннан гөрі Мұрат икемді, Асаннан Мүрат икемдірек). Қейде сын есім сөздері басқа да синтаксистік шумақ-тардың синонимі бола алады. Мысалы: әңгімешіл кісі — әңгімені жақсы айтатын кісі т. б. Қазақтың әдеби тілінде де, халық тілінде де септік жалғаулары мен көмекші есімді тіркест,ер сан-салалы си-нонимдік қатар құрады. Бұлардың колданылатын мағыналық са-лалары да аса көп. Сондықтан бұндай синонимдік қатарлардың қолданылу өрісі де аумақты, кең болып отырады. Мысалы, мезгіл — уақыт мәнінде сағат 5-ке келу — сағат беске дейін келу, сол уақытқа үлгеру — сол уақытқа дейін үлгеру, мекен — кеңістік мәнінде үйде отыру — үйдің ішінде отыру т. б. синтаксистік шумақтар қолданылады.
Қазіргі қазақ әдеби тілінде үйірлі мүшелер мен жай сөйлемдердің (кейде құрмалас сөйлем) синонимдігі — кең таралған құбылыс. Әрине, қазіргі тіліміздегі үйірлі мүшелердің көп салалы тобы — әдеби тіліміздің кейінгі дамуының жемісі. Олар көбінесе сөзді жинақы айтудың тәсілі есебінде пайда болды да, жай сөйлемдердің синонимі болып қалыптасты. Мен сияқты жолдан оралып, бірақ уақиға маңайына менен бұрын жеткенНиколай ағашты тасаланып, күбірлеп, балағат айтып тұр екен (Ғ. Мүсірепов).
110
Осы сөйлемдегі қарамен терілген шумақты (үйірлі анықтауыш мүшені) өз алдына бөліп алып, жеке сөйлем түрінде Николай мен сияқты жолдан оралса да, бірақ уақиға маңайына менен бұрын, жетті деп айтуға болар еді. Бірақ авторлық акцентуация Николайдың бұрын жетуін хабарлау емес, қазіргі күйге дейін болған уақиғаны жай ғана ескерту есебінде айтылып отыр. Ол үшій дербес сөйлемдік құрылыстан гөрі үйірлі мүшелік құрылыс әлдеқайда тиімді, жинақы, айқын. Сол сияқты мына сөйлемнің құрамындағы үйірлі мүшенің қолданысын байқайық. Ж ы л а у ы да ертеден кешке дейін бір-ақүнмен шығатын жетім баланың бей-жай, үмітсіз жылауына ұқсайды (Р. Мүсірепов). Осы үйірлі мүшені дербес сөйлемге айналдырып айт ұға болар еді. Бірақ онда автор көздеген экспрессия бәсеңдеп, әсері азаяр еді.
Осылар тәріздес синонимдік қатарларды айқындап, олардың мән-мағынасын баяндау — тіл ұстартудың аса қажет тәсілдерінің бірі.
Бұдан бұрын айтылғандай, жеке грамматикалық тұлғалар мен синтаксистік шумақтардың белгілі бір сөйлеу, жазу стилі кұра-мында қолданылуға икемдігі байқалып отырады. Бұл, әрине, лек-сика саласындағыдай кең таралған құбылыс емес, бірақ арагідік кездесіп отырады. Мысалға морфологиялык, тұлғалардың ішінен -паз, -қор, -қой жұрнақтарымен келген сөздерді алайық. Әсемпаз, жасампаз, дүниеқор, намысқор, әзілқой, сауыққой, даңқой тәрізді сөздерді стильдік жағынан бейтарап сөздер деп қарауға болмай-тыны белгілі. Бұлардың әрқайсысы белгілі бір сөйлеу, жазу жүй-есінде қолданылуға бейім. Кез келген иінде айтыла бермейді. Егер әсемпаз, әзілқой сөздері жеңіл әзіл, зілсіз сықақ ыңғайында қол-данылуға икемді болса, дүниеқор, даңқой сөздері өткір мысқыл, шенеу мәніне лайық. Мұндай қабілет, әрине, сөз құрамындағы қосымшалардан туса керек. Немесе бармақ керек, баруға тиіс, ба-руы қажет тәрізді күрделі тұлғалар, сол сияқты -уда тұлғасы (мал шаруашылығының табыстары күннен-күнге артуда) көбінесе жазба тілге, оның ішінде публицистика тіліне тән. Әрине, бұлар ауы-зекі сөйлеуде де кездеседі. Бірақ сөйлеу тіліне тән элемент ретінде емес, жазба тілден ауысқан элемент ретінде ғана айтылады. Сөйтіп; морфологиялық құрылыстың да кейбір категориялары жеке стиль салаларында жиі қолданылатын элементтер ретінде көзге түседі.
Тілдің синтаксистік құрылысы, морфологиялық категорияларға қарағанда, стильдік қолданылуға біршама бейімдірек болады. Сөйлем ішінде сөздердің орын тәртібінің өзгеруінен туатын ва-риациялардың, әр түрлі қалыптасқан шумақтардың т. б. бір ғана стйль жүйесінде, соның сөз саптау тәсілі есебінде қолданылуын жиі кездестіруге болатыны мәлім. Іс қағаздарындағы стандартқа айналган синтаксистік шумақтардың қолданылуын, публицистика-дық стиль құрамында жиі кездесетін сұраулы сөйлемдер мен лепті сөйлем түрлерін алуға болар еді. Олардың сол салаларда қолданылу иіні мен сипаты әдеби тілдің басқа ыңғайында кездесе
111
бермейді, сол стиль топтарын басқалардан ерекшелейтін сипат есебінде көзге түседі.
Сонымен, стилистика грамматикамен тығыз байланысты, оны-мен тығыз ұштасып жатады. Бірақ стилистика сөз бен оның фор-маларын синтаксистік тәсілдерді белгілі бір мән-мағына мен экспрессиялық мәнер туғызудың тәсілдері есебінде ғана қарас-тырады. Стилистика мен грамматиканың арасындағы түбірлі айыр-машылық осында жатыр.
Сол себептен де сөйлем мен сөзді стильдік жағынан талдау мен грамматикалық талдау әсте бірдей емес. Стильдік талдауда сөй-лемнің қолданылу мақсаты, сөздердің мағыналық, экспрессиялық жағынан сәйкестігі ғана еске алынады.