Балалар музыка мектептерінің, балалар көркемөнер мектептерінің және балалар өнер мектептерінің үлгілік оқу жоспарлары мен білім беру бағдарламаларын бекіту туралы


-параграф. Балалар көркемөнер мектептерінің және балалар өнер



бет5/31
Дата25.01.2017
өлшемі7,17 Mb.
#7696
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31

7-параграф. Балалар көркемөнер мектептерінің және балалар өнер



мектептері көркемөнер бөлімдерінің «Пленэр» пәні бойынша білім


беру бағдарламасы

      165. Балалар көркемөнер мектептерінің және балалар өнер мектептері көркемөнер бөлімдерінің «Пленэр» пәні бойынша білім беру бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) сыныпта алған білімдерін пайдалана отырып, таза ауада натураға қарап жұмыс істеу мазмұнын анықтайды, табиғат жағдайын зерттеу және қысқа мерзімді суреттемелер мен этюдтердегі сурет және кескіндемеге түсіру арқылы жылдам ауысатын жарықты-ауа жағдайында колористикалық, пластикалық, пейзаждың, архитектураның, өсімдіктердің, жануарлар мен адамдардың ерекшеліктерін беретін дағдыларын меңгеру.

      166. Пленэр – жаздық оқыту тәжірибесі, «Сурет», «Кескіндеме», «Композиция» пәндері бойынша оқу үдерісінің жалғасы. Үш апта аралығында жүргізіледі.



      Пленэр сабағы 132 сағат көлемінде 3 жыл оқытылады, даярлық сыныбында (7-11 жас) – 54 сағат қарастырылған.



      167. Топтардағы балалардың сандық құрамы - 8 адамнан 15 адамға дейін.



      168. Білім алушылар пленэр сабағында таза ауада жұмыс істеу дағдыларын меңгереді, табиғи жарықтың ерекшеліктерін зерттейді, пейзаждық жанрда өздерінің күштерін байқап көреді, таза ауада портреттер мен натюрморттар салады.



      Пленэрде балалар қоршаған ортаның шынайылығын көрсетуді, шынайы жарық ауа мен табиғи жарықты жеткізеді. Кәсіби шығармашылық үшін де қиын міндеттерді орындау табиғат аясында натураны терең оқумен байланысты. Бұл жерде барлық шығармашылық пәндер бойынша (сурет, кескіндеме, композиция) дағдылар қажет. Пленэр осы дағдыларды ары қарай дамыту үшін жақсы мектеп болып табылады.



      169. Жарық ауа перспективаларын жеткізу бойынша дағдыларды үйрету кезінде педагог бланың жеке қабілеттерін, оны жүйкесінің жастық ерекшелігін ескеруі қажет. Пленэр кезінде білім алушылар композициямен жұмыс істеуге қажетті материалдарды жинайды, тірі қоршаған ортаның нысандарын зерттейді, пейзажбен жұмыс істеу ерекшеліктерін, үлкен кеңістікті жеткізу тәсілдерін таниды, қозғалыстағы және үнемі ауысатын натураны жеткізу әдістерін үйренеді, сызықтық, тепе-теңдңлңк, жоспарлықыты үйренеді. Пленэрде білім алушылар архитектуралық уәждемелерді, қалалар мен ауылдардың және басқалардың пейзажын салады. Үзақ тапсырмалақ қысқа тапсырмалармен ауысып отырады, кескіндемелік жұмыстар сурет салу жұмыстарымен ауыстырылып отырады.



      170. Бағдарламаның мақсаты: пейзаждық сурет салу дағдалыры мен біліктерін қалыптастыру, пейзажда жануарлардың, құстардың, адамдардың суреттерін салу,



      171. Бағдарламаның міндеттері:



      1) сызықтық және ауа перспективасы саласында білім алуларына жағдай тудыру;



      2) пейзажды қабылдауды үйрету;



      3) пейзажға құайтын және үйлесімді архитектуралық нысандарды таба білу;



      4) кеңістікті, сызықтық перспективалар заңдылықтарын, бірқалыптылықты жеткізу тәсілдерін білу;



      5) колористикалық пейзаждағы көңіл-күй мен жағдайды жеткізе білу;



      6) сурет, кескіндеме, композиция пәндерінде қалыптасқан дағдыларды пайдалана білу;



      7) композициялық нобайлайрмен жұмыс істеуде түрлі этюдтерді, сызбаларды үйлестіре білу;



      8) табиғи ортада натураны қабылдау дағдылары;



      9) ауа перспективаларын жеткізу дағдылары, бөлшектері толық салынған эскиздік жанрмен жұмыс істеу дағдылары.



      10) балалардың эстетикалық тәрбие мен рухани-адамгершіліктік дамуын қамтамасыз теу.



      172. Тапсырмалар сызықтық материалдармен және акварельмен орындалады.



      Пленэр негізгі тақырыптары: «Өсімдіктерді салу», «Өсімдіктер этюді», «Суреттегі сызықтық және ауа перспективасы», «Кескіндемедегі сызықтық және ауа перспективасы», «Нобайлар».



      173. 1-сыныпта «Өсімдіктер салу» тақырыбы бойынша тапсырмалар өсімдіктердің құрылымы мен негізгі пропорцияларды оқуға бағытталған.



      2-сыныпта білім алушылар өсімдіктерге тән сипаттамаларды детальдарымен жеткізе алуы, сонымен қатар, өз бетімен графикалық материал мен орындау мәнерін таңдай отырып, көлемді модельдеуге шығармалық тұрғыдан келуі керек.



      3-сыныпта өсімдіктердің суреттері неғұрлым күрделі тапсырмалардың құрамдас бөлігі болып табылады. «Суреттегі сызықтық пен ауа перспективасы» тақырыбы бойынша тапсырмалар жыл бойы алынған білімді бекіту мен қолдануға бағытталған. 1-сыныпта балалар аллеялар мен екі жоспарлы пейзажды салу арқылы тон мен конструктивті құрылымды перспективалық өзгертумен танысса, 2 және 3-сыныптарда сәулеттік ғимарат мен көп жоспарлы пейзаждарды салу арқылы үйренеді. Бұдан басқа графикалық материалдардың түстік диапазоны кеңейеді.



      174. 1 және 2-сыныптарда ауа перспективасы қарапайым көлемдерді модельдеу мен күрделі емес пейзаждардың кескіндемелері арқылы жеткізіледі. 3-сыныпта сызықтық құрылымды күрделендірумен қатар, білім алушылар болашақ этюдтің жалпы колоритін ескере отырып, өз бетімен кеңістік, обьект, түстегі жоспарды орналастыра алу керек. Жанды натураны оқуға көп көңіл бөлінеді.



      175. 1-сыныпта құстар, аңдар, адамның фигурасының негізгі пропорциялары туралы білімдері бекіту жүзеге асырылады.



      2-сыныпта білім алушылар аңдар мен құстардың, сонымен қатар, адамның фигураларының жас ерекшеліктері толық танысуы керек. Ал, 3-сыныпта адамдардың топтық нобайлары динамикада орындалады.



      176. Пленэрлік тапсырмалар натураны оқумен қатар, композиция бойынша тапсырмалар үшін натура материалдарын жинау сипатында болады.



      Композиция бойынша тапсырмалар2 және 3-сыныптарда орындалады. Егер, 2-сыныпта бұл жұмыс пленэрлік суреттер мен этюдтер негізінде орындалса, 3-сыныпта композиция бойынша тақырып нақыштау тәсілдер (экологиялық плакатка шрифтік мәтінді енгізу) туралы білімдерін қолданумен күрделенеді.



      177. Пленэр бағдарламасына енгізілген тақырыптар білім беру мазмұнының міндетті минимумын ұсынады.



      Бағдарлама мазмұнында қандай да бір тақырыпты оқу көлемін (сағат саны), форматтар, материалдардың размері мен жұмыс санын саралауға болады. Ең бастысы, сағат бойынша тәжірибенің жалпы көлемін асырмай, оның оқу- шығармашылық және тәжірибелік тапсырмаларда күтілетін нәтижеге жету үшін, бағдарлама мазмұнының алуан түрлілігін қамтамасыз ету.



      178. 1-сыныптығы оқу пәнінің мазмұны.



      1-тақырып. Кіріспе сабақ. Пленэрден өту ережелерімен таныстыру. Пленэрдің міндеттері туралы әңгіме.



      2-тақырып. Өсімдіктер суреті. Сурет салу - ұзақ сурет салу үшін дайындық жаттығуы мен жеке шығарма. Суреттің орындалу сипатын анықтайтын міндеттер нақтылығы. Формат, масштаб бейнелеу.



      3-тақырып. Суреттегі сызықтық және ауа перективасы. Перспективтік қысқартулардың көзқарастан тәуелділігі. Сурет салудағы жарық пен реңктік диапазон.



      4-тақырып. Өсімдіктер этюдтері. Этюд- сурет салуға дайындық материалы және өз бетінше шығарма. Пленэрлік этюдтердің колорлық ерекшеліктері. Этюдтерді орындау тәсілдері: ары қарай өңделетін «дымқыл», «алла-прима» немесе «дымқыл».



      5-тақырып. Ашық ауадағы заттардың кескіндемесі. Заттарды конструктивті үйлестіруге көзқарастың ықпалы. Пленэрде натюрмортты кескіндеу ерекшеліктері (колорит, рефлекстердің жарық күші).



      6-тақырып. Сурет пен кескіндемедегі сызбалар. Сызбалардың қоладну аясы. Сызбалардың түрлері; сызықтық, түстік, сұлбалық, қозғалыс пен сипатты жеткізуге арналған. Сызбаларды орындау мәнері мен Міндеттердің нақтылығы, толықтылығын анықтайтын міндеттердің нақтылығы.



      179. Оқу жылының соңында 1-сыныптыңбілім алушыларыкелесі білім, білік және дағдыларға ие болады:



      1) сурет пен кескіндеменің (сызық, штрих, дақ) негізгі мәнерлі құралдары туралы түсініктері қалыптасқан;



      2) тапсырмаға байланысты өз бетімен формат түрін (тік, көлденең) таңдайды;



      3) түрлі графикалық материалдардың қасиеттерін білу мен оларды қолдана алады;



      4) сызықтың түрлі типтері арқылы өсімдіктер мен ағаштардың сипатын, фактурасын береді;



      5) флора мен фаунаның алуан түрлілігі туралы түсініктері қалыптасқан;



      6) адамның мүсінінің пропорциялары туралы білімдері бар;



      7) аңдар мен құстар фигураларының жалпы пропорциясы, пластикасын жеткізу үшін нобайлар орындай алады;



      8) сызықтық және ауа перспективасы туралы білімді меңгерген;



      9) пленэрде этюдта түстік рефлекстерді көреді және жеткізеді;



      10) «дымқыл», «алла-прима» техникаларында акварельдік кескіндеменің техникалық тәсілдерін меңгерген.



      180. 2-сыныпта акварельмен және түрлі графикалық материалдармен жұмыс дағдысы бекітіледі, неғұрлым күрделі сәулет ғимараттары мен көп жоспарлы пейзаждарды салу арқылы конструктивтік үйлестірудің перспективалық өзгерістерін оқу жалғастырылады.



      181. Білім алушы этюдтер мен күрделі емес пейзаждар мысалға алына отырып сурет салушыдан нысандар мен жоспарлардың қашықтауы бойынша түстер мен тондардың өзгерістерін бақылау мүмкіндіктері бар. Судың беті мен оған сәулесі түсіп тұрған заттарды бейнелеуде акварельдік кескіндеменің түрлі тәсілдерін меңгеру дағдысы дамиды.



      182. 2-сыныпта оқу пәнінің мазмұны.



      1-тақырып. Кіріспе сабақ. Пленэрден өту ережелерімен танысу.



      2-тақырып. Өсімдіктердің суретін салу. Өсімдік түрлерінің детальдық ерекшеліктері. Техника – ары қарай өңделетін акварельдік боямалау. Суреттерде жарық-көлеңке модельдеу шарттары.



      3-тақырып. Құстар мен аңдарды салу. Натураның даралық ерекшеліктері: пропорциялар мен пластика. Бейнеленген жазықтықтың бетінде түрлі фактураларды жеткізу тәсілдері.



      4-тақырып. Адам фигурасын салу. Негізгі пропорциялар. Перспективалық қысқартулар заңдылықтары. Адам фигурасының жас ерекшеліктері.



      5-тақырып. Суреттегі сызықтық және ауа перспективасы. Сәулет ғимараттарының фрагменттері салынған суреттегі сызықтық перспектива. Сәндік детальдармен безендірілген жазықтықты жарық-көлеңкелік модельдеу ерекшеліктері мен формаларының тұтастығы.



      6-тақырып. Өсімдіктердің этюдтері. Ағаш тектерінің ерекшеліктері. Акварельдік кескіндемеде тәсілдері- фактураны жеткізу құралы.



      7-тақырып. Пленэрлік этюдтегі су бетінің кескіндемесі. Судың жағасындағы нысандарды бейнелеу заңдылықтары. Судың беті мен оған түскен сәуленің фактураларын жеткізу фактураларын жеткізу тәсілдері.



      8-тақырып. Кескіндемедегі сызықтық және ауа перспективасы. Суретті сызықтық құрудың көзқарас пен кеңістіктің тереңдігіне тәуелділігі. Ауа перспективасы жеткізуде түс пен тонның өзгеру заңдылықтары. Түрлі жоспардағы көлемдерін жарық-көлеңкелі модельдеу.



      9-тақырып. Тұрмыстық жанр мен пейзаж синтезі (композиция). Дайындық материалы- композицияны құру құралы. Композицияны құрудың негізгі ережелері. Композициядағы сызықтық және ауа перспективасы. Орындау мәнері. Колорит.



      183. Оқу жылының соңында 2-сыныптың білім алушылары келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:



      1) акварельдік кескіндеменің түрлі тәсілдерін меңгерген;



      2) ауа перспективасын түс және реңкпен жеткізе алады;



      3) сурет пен оның бетіне түскен заттардың сәулесінің фактурасын жеткізу тәсілдерін біледі;



      4) түрлі графикалық материалдарды меңгерген;



      5) сәулет детальдары мен ғимарат бөліктерін бейнелеуде сызықтық перспектива заңдылықтарын түсіну және жеткізеді;



      6) аңдар мен құстардың қозғалысындағы пропорцияларын жеткізу іскерлігін біледі;



      7) адам фигурасының мінез-құлқының ерекшеліктері мен перспективалық қысқартуларының заңдылықтарын түсінеді және жеткізе алады;



      8) жинақталған материалдарды қолдана отырып, өз бетімен композицияны құру (этюдтер, нобайлар, суреттер) дағдыларына ие.



      184. 3-сыныпта күрделі пейзаждық түстік және тондық құрылымын талдау іскерлігі, жалпы колоритті ескере отырып, кеңістік, нысан, жоспарларды өз бетімен түстік ұйымдастыру дағдылары бекітіледі.



      185. Адам фигурасын бейнелеуде пропорция, жас ерекшеліктері ғана емес, сонымен қатар адамдар тобындағы нобайларда күрделі композиция кеңістігі, динамикасын жеткізу іскерлігі де қалыптасады.



      186. Сонымен қатар, балалар шығармашылық жұмыстың барынша мәнерлігіне жету үшін орындауға материалды өз бетімен таңдайды.



      187. 3-сыныптағы оқу пәнінің мазмұны.



      1-тақырып. Кіріспе сабақ. Пленэрден өту ережелерімен таныстыру.



      2-тақырып. Суреттегі сызықтық және әуе перспективасы. Күрделі сурет салудағы сызықтық перспектива. Табиғат жағдайы мен сурет салудағы тондық диапазон. Күрделі сәулет формаларын құру заңдылықтары.



      3-тақырып. Аңдар немесе құстармен көп фигуралы этюд кескіндемесі. Натурадан көп фигуралы этюд. Пейзаждық кеңістікте аңдар немесе құстардың топтарын үйлестіру. Фигуралардың алуан түрлі ракурстарын, қозғалысын, пластикасын жеткізу. Жұмыс колоритін талдау. Аңдар мен құстар фигураларының өңдеу есебінен жоспарлықты жеткізу.



      4-тақырып: Көп фигуралы нобайлар. Алуан түрлі нобайлар: алдын ала суретсіз акварельмен салынған нобайлар, сызықтық-реңктік нобайлар. Динамикадағы адамдар тобының нобайы.Фигураларды бейнелеуді үйлестіру. Фигуралардың пропорциясын білу.Фигураларды бойлары мен комплекциясына қарай салыстыру. Түрлі жоспарда орналастырылған фигуралардың динамикасы мен размерлерінің үйлесімін жеткізу.



      5-тақырып. Кескіндемедегі сызықтық және ауа перспективасы. Көп жоспарлы этюдтерде түстің перспективалық өзгерістері. Түстік-реңктікқарым-қатынастың ауа райы жағдайына тәуелдігі. Көше, ғимарат перспективасының жеткізу үшін көзқарасты таңдау.Сызықтық құрылымда сызықтық перспективаның ережелерін сақтау. Этюдте жарық, табиғат жағдайын жеткізу. Маңдайша, дуал, шатыр, ағаш және басқа табиғат жағдайын жеткізу. Ауа перспективасының ережелерін ескере отырып алыс және жақын жоспарларды өңдеу.



      6-тақырып. Пленэрлік этюдтер мен суреттер негізіндегі композиция. Алдын ала этюдтер бойынша пейзажбен жұмыс. Жарық пен түстік өзгерістер арқылы пейзаждық композициядағы табиғат жағдайын жеткізу. Натуралар негізінде салынған суреттерден сәулет композициясын құру.



      Плакат түрлері. Плакаттағы нақыштау. Плакаттың мәнерлілік ерекшеліктері. Плакаттың міндеті. Шрифтер типтері мен оларды плакатта қолдану. Плакаттағы реңктік және түстік кереғарлық. Плакаттың негізгі идеясын жеткізу. Композициядағы мәтіннің орнын анықтау. Шрифт стилін таңдау. Түстік-реңктік шешімді таңдау.



      188. Оқу жылының соңында 3-сыныптың білім алушылары келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:



      1) этюдтердің түрлерін қолдана отырып, (ауылдық, қалалық) табиғаттың жағдайын, жарық, колоритті жеткізе біледі;



      2) сызықтық және ауа перспективасы туралы білімді меңгеру және оны сәулет ескерткіштері,ғимараттарын салғанда қолдана алады;



      3) қозғалыстағы аңдар немесе құстардың нобайын қолдана отырып,өз бетімен композиция құра біледі;



      4) түрлі материалдармен қозғалыс жеткізілетін адамдар топтарының нобайларын орындай біледі;



      5) экологиялық білімді меңгеру және табиғатты жалпы адамзаттық құндылық ретінде түсінеді;



      6) нақыштау тәсілдері туралы білімді меңгеру және оларды шығармашылық композицияда қолданады.

8-параграф. Балалар музыка мектептерінің және балалар өнер



мектептері музыка бөлімдерінің «Арнайы фортепиано» пәні


бойынша білім беру бағдарламасы

      189. Балалар музыка мектептерінің және балалар өнер мектептері музыка бөлімдерінің «Арнайы фортепиано» пәні бойынша білім беру бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) мазмұнын, оқу пәнін игеруден күтілетін нәтижелерді, бағдарламалық талаптарды, оқу мерзімдерін анықтайды.

      190. Бағдарламамен анықталатын жеті-тоғыз жылдық оқыту – шартты және репертуарлық жоспарлау жүйесіне қатысты болып табылады.



      Білім беру мазмұнының жаңартылуының нәтижесі дегеніміз – білім алушылардың меңгерген білімдерін тәжірибелік жағдайда қолдану және әлеуметтік бейімделу үдерісінде сәтті пайдалануға мүмкіндік беретін негізгі құзыреттіліктер жүйесін игеру болып табылады.



      191. Музыкалық оқыту және тәрбиелеу барысында білім алушылардың негізгі және пәндік құзыреттерін қалыптастыру әр түрлі әдістерді қолдануды талап етеді. Музыкант-педагогтің жұмысында оқыту, дамыту, тәрбиелеу, ынталандыру (уәждемелік) және бақылаушылық-түзетушілік қызметтерін атқаратын, барлық дерлік жалпыпедагогикалық әдістер қолданылуы мүмкін.



      192. Әрбір білім алушының жеке ерекшеліктері әрбір баланы, оның табиғи қабілеттеріне тәуелсіз, музыкаға жақындата алатын оқыту әдістері мен құралдарын іздеп табуды талап етеді. Әрбір білім алушыға жеке- дара сараланған тәсілдер арқылы оқытудың мазмұны мен әдістерін жалпы психологиялық және музыкалық-психологиялық ерекшелігіне қарай бейімдеуге мүмкіндік береді.



      193. Кешендік сабаққа білім алушылардың шығармашылық қызметінің түрлері біріктіріледі – педагогикалық репертуарды зерделеу, қағаз бетінен оқу, ансамбль, естуі бойынша іріктеу, тасымалдау (транспонирование), сүйемелдеу.



      194. Бағдарламаның мақсаты: білім алушылардың табиғи мүмкіндіктерін ескере отырып, жалпы музыкалық дамыту, пианизм мен орындаушылық өнер негіздеріне оқыту, тұлғаның рухани жалпы мәдениетінің бөлігі ретіндегі музыкалық-эстетикалық санасын қалыптастыру.



      195. Бағдарламаның міндеттері:



      1) дидактикалық: танымдық қызметі, ой-өрісінің кеңеюі, музыкалық білімді,орындаушылық дағды мен білікті жүйелі түрде жинақтау;



      2) тәрбиелеушілік: музыкалық өнерді тану жолдары арқылы рухани, адами, көркемдік, эстетикалық, патриоттық, интернационалдық тәрбие беру, дербестікті, ерік-жігерді тәрбиелеу; адамгершіліктік, эстетикалық, дүниетанымдық ұстанымын қалыптастыру.



      3) дамытушылық: музыкалық есту, еске сақтау, ырғақ сезімін, эмоциялық өрісін, эмпатияны, шығармашылық қабілеттерін, зейін, ойлау, елес, қиял, рефлексия, салыстыра білу, салыстырып қарау, жалпылау шеберліктерін дамыту.



      196. Бағдарлама білім алушылардың жастық және жеке ерекшеліктерін ескереді, білім алушылардың функционалды сауаттылығын дамытуға және негізгі және пәндік құзыреттілік жетістіктеріне (оқу пәнінің аясында меңгерген айрықша білімді, білікті және дағдыларды) бағытталған.



      197. Білім беру бағдарламасының әдіснамалық негізін:



      1) жеке тұлғаны қалыптастырудағы біртұтас тәсілдеме тұжырымдамасы;



      2) оқытуда жас, тұлғалық-қызметтік, жеке-дара сараланған және күрделі зерттеу тәсілдемелер теориясы;



      3) қазіргі заман педагогикасының жалпыдидактикалық қағидалары (постулаттар), олармен негізделген (детерминденген) білім беру үдерісінің мазмұнына, нысандарына және әдістеріне тәсілдемелер;



      4) білім алушылардың дамытпалы оқыту мәнмәтінінде шығармашылық және орындаушылық қабілеттерін дамыту мәселелерін әзірлеу;



      5) көрнекті педагог-пианисттердің және музыкатанушылардың теориялық ережелері мен әдістемелік нұсқаулары құрайды.



      198. Оқу материалдарының мазмұнын таңдау мына педагогикалық қағидаттарға негізделеді:



      1) табиғилылық сәйкестілік және қолжетімділік қағидаты білім алушылардың жас ерекшеліктерін ескеріп, білім алушылардың музыкалық және рухани-адамгершілік дамуына көмектесетін, тыңдауға, үйренуге, орындауға лайық оқу материалын іріктеп алуға мүмкіндік береді;



      2) сабақтастық қағидаты білім алушылардың музыкалық-орындаушылық қызметі және оның мазмұны деңгейінде оқытудың барлық сыныптары арасындағы байланысты білдіреді;



      3) оқытуды дараландыру қағидаты фортепианода ойнаудың орындаушылық дағдыларын практикалық меңгерудің негізгі тәсілі болып табылады;



      4) шығармашылық қағидаты білім алушылардың қабілеттерін және бейімділіктерін ашып тануды көздейді, өнермен табысудағы жетістік, қуаныш жағдаятын жасауды бағамдайды.



      199. Бағдарламаның мазмұны қазақ халқының дәстүрлі мәдениетіне, әлемдік музыканың классикалық үлгілеріне, әлем халықтарының музыкалық шығармашылығына, заманауи қазақстандық өнерге негізделеді.



      200. Бағдарламаның музыкалық мектепте интерактивтік білім беру технологияларын, сабақтардың классикалық және дәстүрлі емес тұпаттамасын (типология) ендіруді көздейді.



      201. «Фортепиано арнайы сыныбы» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі үлгілік оқу жоспарына сәйкес әрбір сыныпта 2 апталық сағатты; жылына 68 сағатты құрайды.



      202. Сабақтардың түрі – 45 минуттық жеке сабақтар. Сабақтардың жеке түрі педагогке білім бағдарламасының мазмұнын әрбір білім алушының даму ерекшеліктеріне сәйкес құрастыруға мүмкіндік береді. Білім берудің вариативтілік талаптарына сәйкес бағдарламаның мазмұны саралануы (дифференцировать) мүмкін.



      203. Оқыту жеке, шағын топтық және топтық формаларда жүзеге асады.



      Даярлық тобындағы білім алушылардың сандық құрамы – 8-10 адам.



      204. Оқу мерзімі: 7-9 жыл.



      205. Бағдарламаны меңгеру қорытынды мемлекеттік аттестациямен аяқталады.



      206. Бағдарламаны іске асыру шарттары. Жұмыс тәртібі қосымша білім беру ұйымының ішкі тәртіп ережелерімен белгіленеді.



      207. Мектепке дейінгі жастағы балалар үшін аптасына 2 академиялық сағаттан аспайтын 25-35 минуттық сабақтар өткізіледі.



      Бітіруші сыныптарға (сегізінші және тоғызыншы) білім алушыларды қабылдау қарастырылмаған.



      208. Бағдарламаны іске асыруда оқытылатын оқу пәнінің бейініне сәйкес арнайы педагогикалық немесе кәсіби (орта немесе жоғары) білімі бар педагогикалық қызметкерлермен қамтамсыз етіледі.



      209. Педагог дәріс беретін пәні бойынша білім беру бағдарламасын әзірлеуі, музыкалық педагогика саласында отандық және шетелдік білім берудің озық жетістіктеріне негізделген оқу-білім беру үдерісі технологиясын пайдалана білуі қажет.



      210. Балалар музыка мектептері мен өнер мектептерінің музыка бөлімдері басқа білім беру ұйымдарымен шығармашылық байланыс орнату үшін жағдай жасауы қажет, оның ішінде ұдайы әдістемелік жұмыс жүргізу, алдыңғы қатарлы педагогикалық технологияларды қолдану мақсатында кәсіби байланыстар да орнатуы керек.



      211. Мектептердің материалдық-техникалық базасы санитарлық және өртке қарсы нормаларға, еңбекті қорғау нормаларына сай.



      Білім беру бағдарламасын іске асыруда: рояль, дыбыстық техникалық жабдықталған концерттік залдың, топтық, шағын топтық және жеке дара сабақтарға арналған фортепиано музыкалық аспабы бар оқу аудиториялары болуы шарт.



      212. Жеке дәрістерге арналған аудиториялар дыбыс өткізбейтін және 6 шаршы метрден кем емес ауданы бар болуы тиіс.



      Мектепте музыкалық аспаптарды ұстауға, дер кезінде қызмет көрсету және жөндеу үшін жағдайлар жасалуы керек.



      213. Оқу жоспарындағы пәндерді оқытудың ұйымдастырушылық формалары:



      жеке сабақтар: фортепиано мамандығы, таңдау бойынша пән (нотаны парақтан оқу, ансамбль, сүйемелдеу);



      пәндер бойынша топтық сабақтар: сольфеджио, қазақ музыка әдебиеті, әлемдік музыка әдебиеті, ұжымдық музыка ойнау.



      Әр топта балалардың саны 10-нан 12-ге дейін.



      214. Оқу пәнінің мазмұны. Жеке оқыту қағидаты әрбір білім алушының табиғи тума нышандары, дене және музыкалық дамуының деңгейіне сәйкес оқу материалдарын өтудің түрлі нысандары, әдістері, қарқынын қолдануды ұсынады.



      215. «Фортепиано арнайы сыныбы» оқу пәні жеке дәрістерінің ерекшелігі теориялық материалдарды тәжірибелік қызметтен ажырамас бөлік ретінде зерделеуді ұсынады, бұл оқу сағаттарын тараулар мен тақырыптар бойынша бөлуде біріздендірудің мүмкін еместігін көрсетеді.



      216. Оқу пәні мазмұнының базалық негізін келесі тақырыптық тараулар көрсетеді:



      1-тарау. Ерте оқытудың ерекшеліктері.



      1) Балалармен өткізілетін алғашқы сабақтың негізгі мазмұны. Тыңдаушылық тәжірибе, музыкалық әсерді молайту. Әндер мен әнге қосылу. Ноталық сауатынсыз ансамбльде ойнау. Есту бойынша және тасымалдау (транспонирование). Білім алушылардың ноталық сауаттылық негіздерімен таныстыру.



      2) Түрлі әдістермен фортепианода алғаш ойнауға үйренудегі ойынның ролі. Мектепке дейінгі балаларға бағдарланған әдістемелер.



      3) Музыкалық сауаттылық, музыка, үйлесімділік және сольфеджио теориялары, балаға түсінікті түрде музыкалық терминологияның негізгі түсініктері.



      4) Музыкалық тәрбие және фортепианода ойнауға үйретудің кешенді жүйесі.



      2-тарау. Оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыру.



      1) Жас пианисті кешенді тәрбиелеу.



      2) Білім алушылардың шығармашылық дағдыларын дамыту. Әуендік, үндестіктік және тембрлік есту қабілетін дамыту, ырғақты есту арқылы, көзбен көру арқылы, қимыл арқылы жеткізу, фортепианода ойнауға үйрету үдерісінде парақтан оқу, тасымалдау, барлық дауыстардың музыкалық мзмұнды орындауы, әуеннің аяғын жазу,пьесалар турлері, дауыс бойынша таңдау, ырғақтық және әуендік суырып салу, ансамбльде ойнау, ноталары бар музыканы тыңдау, нотамен аспапсыз сабақ өту, әуесқой музыка ойнау жолдары арқылы музыкалық есте сақтау жадын (есту арқылы, көзбен көру арқылы, қозғалысты, түйсікті, қисынды) дамыту.



      3) Пәннің «Сольфеджио», «Қазақ музыкалық әдебиеті», «Әлемдік музыкалық әдебиеті» және жалпы білім беретін мектептің: «Музыка», «Қазақ тілі», «Бейнелеу өнері», «Әдеби оқу», «Дүниетану», «Еңбекке баулу» оқу жоспары пәндерімен пәнаралық байланысы.



      4) Музыкалық шығармаларды оқу және әртүрлі нақыштар мен жанрлардың шығармаларымен нобайлық танысу барысында жалпы және музыкалық ой-өрісті кеңейту. Музыканы тыңдау бойынша тәжірибені жинақтау. Теориялық және тарихи білімдерді бекіту.



      5) Қазақ халқының дәстүрлі мәдениетін, Қазақстан халықтарының музыкалық шығармашылығын, әлемдік музыканың, қазіргі заман Қазақстанжәне әлемдік өнердің классикалық шығармаларын үйрену барысында білім алушылардың негізгі және пәндік құзыреттерін қалыптастыру.



      3-тарау. Музыкалық шығармамен жұмыс жасау, орындаушылық білік пен дағдыларды қалыптастыру.



      1) Білім алушыларды шығармамен таныстыру (педагогтің шығарманы орындауы, жазбаларды тыңдау, қағаз бетінен оқу). Шығарманың баспасын, редакциясын таңдау. Музыкалық бейнелерге сипаттама (басқа музыкалық шығармалармен және өнер түрлерімен ассоциациялар). Оқытылатын шығармалардың жанры, түрі, қалыптық (мәнерлік), әуендік, үйлесімдік, ырғақтық, қарқындық ерекшеліктері.



      2) Мәтінмен жете жұмыс жасау: музыкалық арқауды зейін салып тыңдау, үзінділерін баяу және орташа қарқынды (темп) дүркін-дүркін ойнау. Музыкалық шығарманы жаттау тәсілдері.



      3) Музыкалық синтаксис. Шығарманың серпіндік жоспары. Әуеннің сөзін сөйлеу (интонирование)және оны баса айту (фразировка); артикуляция, агогика, педализация және тағы басқалары.



      4) Ноталық мәтінді еркін оқуға машықтандыру. Әуендік сызықты, тік сызықты шапшаң оқу, «топпен оқу», «үзіліссіз оқу» дағдылары.



      5) Пианистикалық аппараттың еркіндігіне тәрбиелеу. Техникамен жұмыс жасаудағы есту қабілетінің рөлі. «Жылдам тыңдау», «тез ойлау» дағдаларын тәрбиелеу.



      6) Фортепиано техникасымен жұмыс жасау. Көркемдік және техникалық міндеттернің бірлігі. Фортепиано техникасының іргетасы – белсенді және нақты саусақ қағысымен үйлестіктегі пернетақтамен байланыс. Қарапайым аппликатуралық дағдыларды тәрбиелеу (әртүрлі позициялық формулаларды, гаммалардың, аккордтардың, арпеджионың аппликатурасын меңгеру). Аппликатураның позициондық қағидасы. Бір позициядан екіншісіне өту кезінде икемділікке, наздылыққа тәрбиелеу. Аппликатуралық қағидалар («салып қою», «ауыстырып қою», «тайғанау» және басқалары). Жұмыстың әдістері: қиыншылықтарды ұғыну және жеңілдету (ұстанымдар, топтастыру); әртүрлі қарқындар, туше, артикуляция, динамика; нұсқалар (ырғақтық, еселеу, бөліктену немесе бірігу және тағы басқа)



      7) Жаттығулар жас музыканттың техникасын дамытудың құралы ретінде. Жаттығу жинақтары. Е.Ф.Гнесина, Ш.Ганон, А.Есипов, Р.Иозефи, МКлементи, А.Корто, М.Лонг, Н.Метнер жаттығулары, В. Сафонов, К.Таузиг, Е.Тимакиннің жаңа формуласы. Жаттығулармен жұмыс барысында сипап сезу, есту және қимыл-қозғалыспен әрдайым бақылау жүргізу.



      8) Гаммалар, аккордтар, арпеджиомен жұмыс жасау. Гаммаларға дайындық жұмыстары (Е.Ф.Гнесина, В.В.Листовая, М.Лонг, А.Корто, Р.Иозефи). Гаммаларды оқыту тәртібі. Гаммалар мен арпеджионы жүйелеу. (Н.В.Ширинская). Гаммаларды оқыту кезіндегі міндеттер: мажор-минор жүйесін игеру,аппликатуралық тәртіпке тәрбиелеу, қозғалыстарды автоматтандыруға дағдылану, саусақтық шапшаңдыққа, тегістікке, төзімділікке жету, тетрахордалармен ойнау. Гаммалармен жұмыс кезіндегі нұсқалар (динамикалық, ырғақтық, тембрлік, артикуляциялық).



      Аккордтар (3-тен, содан соң 4 дыбыстан). Әртүрлі қағыстарды пайдалану. Белсенділікпен, саусақтар ұшының алғырлылығымен үйлестікте пернетақтадағы тіректі сезіну. Аккордты алғаннан кейін қолды босату әдетін қалыптастыру. Шынтақ, иық, жауырын бұлшық еттерінің қатысуы.



      Арпеджио. Түрлері (қысқа, ұзын, сынық). Шынтақтың көмегімен бүйір қозғалыстарын тәрбиелеу, «қолды, алақанды ашу» тәсілін қалыптастыру, екпіндік және салмақты тіректерді әртүрлі саусақтарға көшіру.



      9) Этюдтермен жұмыс. Білім алушыларға арналған этюдтердың жеке таңдалымы. Техникалық қиыншылықтарды жеңу жолдары. Қозғалыстарды үнемдеуге, қолдардың координациясына және синхрондығына, пианистикалық наздылыққа бағытталған жұмыс.



      10) Педализация – дәл фиксацияға келмейтін, шығармашылық үдеріс. Оң жақ және сол жақ басқыштың рөлі. Естіп бақылаудың маңызы. Дайындық жұмыстары (Е.Гнесина, С.Майкапар, Н.Голубовская). Педализацияның негізгі тәсілдері. Басқыш және орындау стилі.



      11) Полифониялық шығармаларды зерделеу.



      Полифония түрлері – дауысасты, кері, еліктемелік.



      Еліктемелік полифониямен жұмыс жасау. Тақырыптың интонациялық сипаттамасы; қосындыға қарсы және оның нысан дамуындағы рөлі. Әрбір дауыстың даму үздіксіздігімен жұмыс жасау. Дауыстардың ұйқасы кезіндегі орындаушылық міндеттер: әрбір дауыстың тембрлік бояуын сақтау, кіріспе мен аяқтамалардың, шарықтау шегі мен бәсеңсудің үйлеспеушілігі.



      12) Бахтың клавирлік шығармаларының орындаушылық дәстүрлері. Бах музыкасын насихаттаудағы К.Черни, қиялшыл-сазгерлердің, Ф.Бузони рөлі. Ескі полифонияны орындау кезіндегі мәнерлі құралдар. Артикуляция теориясы. Браудо жіктеуіші. Қарқынды (темп) белгілеу мәселелері. Серпінділік (Динамика). Әуендік әшекей (Орнаментика). Мелизмдерді орындау кезіндегі негізгі ережелер және ерекшеліктер.



      Вильгельм Фридеман Бахтың нота дәптері. Анна Магдалена Бахтың нота дәптері. Urtext және нұсқалары. Шағын кіріспелер (прелюдиялар), инвенциялар, Бахтың «Жақсы темперирленетін клавирі».



      13) Кезеңдік (циклдық) сонаталық нысан (форма), түрлендірме кезеңдер – орындаушылық міндеттер. Балалар музыка мектебінің репертуарындағы веналық классиктерінің шығармалары. Классикалық шығармалардың әртүрлі басылымдары мен нұсқаларын оқу. Сонаталық аllegro нысанымен жұмыс жасаудың ерекшеліктері. Метроритм, артикуляция мәселелері.



      14) Балалар репертуарындағы арманшыл-сазгерлердің музыкасы. Арманшыл сазгерлердің музыкасындағы бағдарламалылық. Арманшылардың шығармашылығында аспаптардың жаңа мүмкіндіктерін ашу.



      15) Қазіргі заман сазгерлерінің шығармашылығында 20-ХI ғасырлардағы музыкалық ойлаудың заңдылықтарын игеруге жұмылдыру. Балалар музыка мектебінің репертуарындағы қазіргі заман музыкасы, оның ладтық-үндестік және ырғақтық өзгешелігі.



      16) Қазақ халқының дәстүрлі мәдениетін, қазақстандық белгілі композиторлық мектеп өкілдерінің шығармаларын зерделеу.



      217. Бағдарламаны әдістемелік қамтамасыз ету. Білім беру үдерісінің тиімділігі оның мазмұнының тәрбиелеудің мақсаттары мен міндеттеріне, балалардың жас ерекшеліктері мен жеке ерекшеліктеріне, педагогтер мен білім алушылардың арасындағы педагогикалық қарым-қатынастың кәсіби құзыреттілігіне байланысты.



      218. Жақсы музыкалық қабілеттері бар білім алушылармен қатар, музыка мектептерінде музыкалық-орындаушылық мүмкіндіктері шектеулі балалар да оқиды. Оларды оқытуда сабақ кезінде оқытудың дамытушылық әдістеріне, музыкада ойнаудың әртүрін пайдалану мен шығармашылық білікті дамытуға көбірек сүйену керек. Репертуарды таңдауда жеке жоспардың едәуір вариативтілік мүмкіндігі болады: 1-2 сыныпта талаптар (оның ішінде гаммалар бойынша) деңгейін төмендету.



      219. Даярлық сыныптарында, 1-2-сыныптарда сабақ өткізудің шағын топтық түрлерін қолдануға: сабақты немесе оның бір бөлігін екі-үш білім алушымен бір уақытта өткізуге болады. Қалған уақыт қорын қағаздан оқу шеберлігі, естуі бойынша іріктеуге, тасымалдауға, ансамбль, жалпы және музыкалық дүниетанымын кеңейтуді дамытуға арнауына болады.



      220. Әр жартыжылдықтың басында жеке жоспар жасалынып, білім беру ұйымының басшысының қолымен бекітіледі. Әр жартыжылдықтың аяғында педагог тапсырмалардың орындалу сапасын және ертеректе бекітілген тізімдегі өзгерістерді белгілейді, ал жылдың аяғында білім алушының музыкалық және техникалық дамуына, сабақ үлгеріміне және еңбекке қабілеттілігіне сипаттама береді.



      221. Білім алушының жеке жоспарын құру барысында,жеке жұмыстың болашақ және ағымдағы міндеттері ескеріліп, оқу жылының басы мен соңындағы оның мінездемесіне сәйкес құрастырылады.



      222. Педагог өз бетінше репертуарлық тізімді қалыптастырады, шығармаларды жүйелендіреді, білім алушының жеке мүмкіндіктеріне сәйкес репертуарды толықтырады.



      Білім алушының жылдық оқу жоспарының негізігі құрамдас бөлігі: ірі нысандағы шығармалар, полифония, пъесалар, этюдтер, гаммалар және музыкалық біліктерін дамытатын жаттығулар, ансамбльдер, сүйемелдеу, өзі оқып-үйренуі, қағаз бетінен оқуы және тасымалдауы, үйде музыкада ойнау үшін арналған пъесалар.



      223. Білім алушылардың жеке жоспарлары қазақ ұлттық және кәсіби музыкасы, классикалық музыка, қазіргі заман музыкасы 20-21 ғасырдың сазгерлік музыка элементтерін пайдалана отырып кірістірудің арқасында кең репертуарлық үрдістерді, репертуардың жаңаруы және байытылуын қамтып көрсетіледі.



      224. Жеке жоспарда білім алушының жылдың аяғында оның жеке даму жақтарын көрсететін мінездемесі ұсынылады:



      1) музыкалық мағлұматтар деңгейі (есту, ырғақ, жады), білім алушының орындау аппаратының берілген аспапқа сәйкестігі, аспапқа икемделгішітік дәрежесі;



      2) жалпы даму, эмоциялық, сезінушілік, реакция жылдамдығы; музыкаға, музыкалық сабақтарға қатынасы;



      3) еңбекке қабілеттілік, жинақылық;



      4) өз бетінше оқып-үйрену икемділігі, мәтінді талғаудағы сауаттылық дәрежесі, музыкалық туындыларды меңгеру шапшаңдығы;



      5) жылдың аяғындағы табыстары;



      6) білім алушының дамуындағы кемшіліктер және оларды игеру бойынша міндеттер.



      225. Бірдей сыныпта бағдарламаны оқытудың жеке жоспарлары, концерттік және емтихандық бағдарламалар күрделілігінің деңгейі бойынша өзгеше болуы мүмкін.



      226. Репертуармен жұмыста педагог шығармалардың бір бөлігі көпшілік алдында немесе концертте (емтиханда) орындауға, ал қалған бөлігі – сынып жұмысына немесе танысуға арналатындығын ескеру керек. Педагог педагогикалық репертуармен жұмыстың аяқталу дәрежесін білім алушының жеке жоспарында оқу сатыларын белгілеу арқылы анықтауы мүмкін.



      227. Педагог әрбір білім алушының жеке ыңғайын ескере отырып, жаңа репертуар есебінен репертуарлық тізімдерді толықтыра отырып, бағдарламаның көлемі мен күрделілігін түрлендіреді.



      228. Даярлық сыныбында білім алушылар 20-25 түрлі нысандағы музыкалық шығармаларды оқып-үйренеді: халық әндерін, этюдтерді, музыкалық және би сипатындағы пъессаларды, ансамбльдерді, полифония элементіндегі пъессаларды.



      229. Даярлық сыныбының білім алушылары біледі:



      1) тәртіп және музыка тыңдау ережелерін;



      2) музыкалық сауатылық ережелерін; музыкалық және шу дыбыстарын; жоғары және төменгі дыбыстарды; қысқа және ұзақ дыбыстарды; ноталардың ұзақтығын, музыкалық өлшемін және есебін; сөйлеу және музыкалық екпіндерді; интервалдарды;



      3) ноталар, октавалардың атауларын, ноталар жүйесіндегі 1 октава ноталарының орналасуын.



      230. Даярлық сыныбындағы білім алушылар істей алады:



      1) тыңдалған және орындалатын музыканың көңіл-күйін анықтайды;



      2) әртүрлі дыбыстардан ән салу және әндетеді;



      3) non legato, legato, staccato дыбыс шығару амалдарымен қарапайым пьесаларды ойнау; педагогпен төрт қолмен қарапайым пьесаларды ойнайды.



      231. Дайындық сыныбының білім алушылардің келесі қасиеттері тәрбиеленеді:



      1) музыкалық сабақтарға қызығушылық;



      2) музыканы әсерленушілікпен қабылдау;



      3) ұқыптылық, шыдамдылық.



      232. Даярлық сыныбының білім алушыларында келесілер дамиды:



      1) оқуға уәждеме;



      2) ладтық сезім (ладтық бояуды, музыкалық құрылымның аяқталғандығы немесе аяқталмағандығын естіп анықтау);



      3) ырғақты қарапайым түрде сезу.



      233. 1-сыныпқа арналған болжамды бағдарламалық талаптар.



      Оқу жылы ағымында білім алушылар 15-25 түрлі нысандағы музыкалық шығармаларды (жеке музыкалық негіз және қабілеттерін есепке ала отырып) оқып-үйренеді: халық әндері, әндік және би сипатындағы пъессалар, полифония элементіндегі пъессалар, этюдтер мен ансамбльдер,сонымен қатар ірі нысандағы қиын емес шығармалар.



      234. 1-сыныптың білім алушылары біледі:



      1) музыкалық сауаттың негіздерін: регистрлерді, октавалардың атауларын; скрипка және бас кілттерді; кіші, үлкен, бірінші, екінші октава ноталарының жазбасын; ұзақтық пен үзілістердің бөлінуін; тактты, қарапайым өлшемдерді; қағыстарды; ладты;



      2) музыкалық мәнерліліктің негізгі құралдарын: жылдам, бірқалыпты, баяу қарқыны; серпінді реңктер; лад;



      3) оқытылған жанрлардың атауын (күй, ән, би, марш);



      4) музыкалық аспаптардың атауларын (фортепиано, домбыра, қобыз, сыбызғы, жетіген, дауылпаз, балалайка, гусли, свирель және тағы басқа);



      5) қол қою ережелерін, дыбыс шығару негіздерін.



      235. 1-сыныптың білім алушылары істей алады:



      1) музыканы зең қойып тыңдайды;



      2) музыкалық шығармалардың көңілін және сипатын анықтайды;



      3) екпіні бойынша таныс өлеңдер мен аспаптық пьесаларды анықтайды;



      4) non legato, legato, staccato дыбыс шығару амалдарына үйренген кезде пианистикалық аппарат координациясы дағдыларын игерген;



      5) қолдардың әртүрлі дыбыстардан және октавалар бойынша орын ауыстыру шегінде саусақтардың түрлі ілесуі (non legato, legato) түріндегі, legato орындауды жетілдіруге, саусақтар ұштарын «түзетуге», бірінші саусақты салып қоюға, гаммаларға дайындық жаттығуларды орындай алады;



      6) симметриялық аппликатура кезіндегі бір дыбыстан тура қозғалыста және кері қозғалыста екі октава диапазонында мажорлы гаммаларды ойнау (таңдау бойынша 1-2); осы үндестілікте әр қолдың бөлек қатысуынсыз үш дыбыстан аккордтармен тоникалық үшдыбысты ойнай алады.



      236. 1-сыныптың білім алушыларының бойында келесі қасиеттер тәрбиеленеді:



      1) музыкалық сабақтарға қызығушылық;



      2) музыканы қатты әсерленушілікпен қабылдау;



      3) дыбысталу сапасын өз бетімен бақылау.



      237. 1-сыныптың білім алушыларынде келесілер дамиды:



      1) музыканы қабылдаушылық, зейін;



      2) естіп бақылау дағдылары;



      3) ноталарды парақтан оқу дағдылары;



      4) аппликатуралық тәртіп.



      238. 2-сыныпқа арналған болжамды бағдарламалық талаптар.Білім алушылар 2-сыныпта түрлі нысандағы 15-20 музыкалық шығармаларды: 2-3 полифониялық шығармаларды, 2 ірі нысандағы шығарманы; 4-5 пьесаны; 2-3 ансамбльді; 5-7 этюдті оқып-үйренеді.



      239. 2-сынып білім алушылары біледі:



      1) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын;



      2) халық әндері мен күйлерін;



      3) нысан бойынша қарапайым түсініктерін;



      4) театрда, концертте әдеп ережелерін.



      240. 2-сынып білім алушылары келесілерді істей алады:



      1) музыкалық аспаптарды тыңдау және анықтай біледі;



      2) ноталық мәтінді талдай алады;



      3) қағаз бетінен қарапайым ноталық үлгілерді оқи алады;



      4) ән әуендерін естіп таңдап сала алады;



      5) жаттығулардың әртүрлі түрлерінде саусақтардың техникасымен, интервалдарды ойнау жолымен білезіктің бос қимылдау дағдыларын дамытуға жұмыс жасай алады;



      6) мажорлы гаммаларды орындай алады: «До», «Соль», «Ре», «Ля», «Ми» екі қолмен екі октавада тура және кері қозғалыста; «Фа мажор» - екі қолмен тура қозғалыспен;



      7) минорлы гаммалар: «ля», «ми», «ре» (табиғи, үйлесімді және әуендік түрде) екі октавада әр қолмен бөлек;



      8) тоникалық үшдыбыстықтар аккордтармен айналыстар үш дыбыстан өткен үндестіліктерде әр қолмен бөлек.



      241. 2-сынып білім алушыларында келесі қасиеттер тәрбиеленеді:



      1) музыкалық сабақтарға тұрақты қызығушылық;



      2) музыканы әсерлік-бейнелік түрде қабылдау;



      3) өз орындауындағы шығарманың сипатын жеткізуге ұмтылыс;



      4) адамгершілік нормалар мен тәртіп ережелерін меңгеру.



      242. 2-сынып білім алушыларында келесілер дамиды:



      1) музыкалық-шығармашылық қабілеттер (есту, зейін, ойлау, көрнекі-бейнелі есте сақтау);



      2) оқудың бастапқы сатысында игерілген техникалық дағдылар, қол қимыл-қозғалыстарының координациясы;



      3) оқуға ерікті бағыттылық;



      4) жалпы іскерліктер (музыкалық аспаппен сабақ режимі).



      243. 3-сыныпқа арналған болжамды бағдарламалық талаптар. 3-сыныптың білім алушылары 15-20 әртүрлі музыкалық шығарманы, оның ішінде танысуға бірнеше шығарманы; 2-3 полифониялық шығарманы; 1-2 ірі нысанды шығарманы; 5-7 пьесаны; 5-6 этюдті; 2-3 ансамбльді оқып-үйренеді.



      244. 3-сыныптың білім алушылары біледі:



      1) халық және кәсіби музыкасының жанрлық түрлерін;



      2) қазақ күйшілерінің және қазақстандық сазгерлерінің аттарын;



      3) оқытылатын шығармалардың атауларын және олардың авторларын.



      245. 3-сыныптың білім алушылары істей алады:



      1) туған өлкенің музыкалық дәстүрлері туралы әңгімелей алады;



      2) тыңдалған шығармалардың жанры мен сипатын анықтай алады;



      3) музыкалық мәнерліліктің құралдарын сезінеді;



      4) баста үндестіктің тірек дыбыстары түріндегі күрделі емес сүйемелдеумен әндік сипаттағы әуендерді парақ бетінен оқиды;



      5) әртүрлі позициялық пішіндер, қысқа ән құбылған дыбыстар және басқа мелизмдер, үзілістермен (интервал) дайындықтар (октава арқылы орын ауыстыру немесе секвенциялық) түрінде жаттығуларды ойнау;



      6) мажорлы гаммаларды ойнайды: «До», «Соль», «Ре», «Ля», «Ми», «Фа», «Си-бемоль» тура қозғалыста; кері қозғалыста – симметриялық аппликатурасы бар гаммалар; минорлы гаммалар (табиғи, үйлесімді және әуендік): «ля», «ми», «ре», «соль» - тура қозғалыста екі қолмен екі октавада; хроматикалық гаммалар әр қолмен барлық пернелерден бөлек; тоникалық үшдыбыстықтар аккордтармен айналыстар үш дыбыстан өткен үндестіліктерде екі қолмен; қысқа арпеджио төрт дыбыстан әр қолмен бөлек.



      246. 3-сыныптың білім алушыларының бойында келесі қасиеттер тәрбиеленеді:



      1) эмоциялық эмпатия;



      2) өз орындауындағы шығарманың сипатын беруге ұмтылу;



      3) шыдамдылық, еңбекқорлық, бастаған істі аяғына дейін жеткізуге ұмтылу.



      3-сыныптың білім алушыларында дамиды:



      1) музыканы әсершіл-бейнелі түрде қабылдау;



      2) мәнер (лад), өлең өлшемі (метр), ырғақ (ритм), қарқынды (темп) сезу;



      3) парақтан ноталарды оқу және басқа үндестіліктерге транспонирлеу, әйгілі әндер мен билерді есту арқылы таңдау дағдылары;



      4) шығармашылық бастамалар дамиды.



      247. 4-сыныпқа арналған болжамды бағдарламалық талаптар.4-сыныптың білім алушысы 14-20 әртүрлі музыкалық шығарманы, соның ішінде танысуға бірнеше шығарманы; 1-2 полифониялық шығарманы; 1-2 ірі нысанды шығарманы; 5-7 пьесаны; 2-3 ансамбльді; 4-5 этюдті оқып-үйренеді.



      248. 4-сыныптың білім алушылары біледі:



      1) орындалатын музыкалық шығарманың музыкалық бейнесін, стилін, нысанын мәнерлі түрде жеткізу ұғымдарын;



      2) музыкалық терминологияны;



      3) оқытылатын шығармалар авторларының шығармашылығын.



      249. 4-сыныптың білім алушылары істей алады:



      1) шығармаларды орындау кезінде естіп бақылауды жүргізеді;



      2) музыкалық әдебиеттің әртүрлі жанрлардағы біртіндеп күрделене түсетін шығармаларды оқиды (қиындығы білім алушы оқитын деңгейден шамамен екі сыныпқа төмен);



      3) опералық, симфониялық және балет музыкасынан жеңіл ыңғайланған үзінділерді ойнайды;



      4) үйлесімдік және фактуралық безендірілуі бар таныс шығармаларды естіп таңдау; ән әуендерін тасымалдайды (транспонирование);



      5) октаваларға біртіндеп өтуі бар жаттығулардың материалында білезік техникасын дамыту мақсатында саусақ жүрдектігін дамытумен жұмыс жасайды;



      6) қоса алғанда 4-таңбаға дейінгі мажорлы гаммаларды тура қозғалыста төрт октавада (симметриялық аппликатурасы бар гаммаларды - кері қозғалыста) ойнау; минорлы гаммалар (табиғи, үйлесімді және әуендік): «ля», «ми», «си», «ре», «соль», «до», «фа» - екі қолмен тура қозғалыста төрт октавада; хроматикалық гаммалар екі қолмен 2-3 пернеден тура қозғалыста; тоникалық үшдыбыстықтар аккордтармен бірге үш немесе төрт дыбыстан (қолдың өлшеміне байланысты) осы үндестіліктерде; қысқа арпеджио екі қолмен; ұзын арпеджио әр қолмен бөлек қимылдамай ақ пернелерден үш-төрт гаммаларда.



      250. 4-сынып білім алушыларында келесі қасиеттер тәрбиеленеді:



      1) танып білуге ұмтылу;;



      2) жігерлілік;



      3) жауапкершілік, борыштылық сезімі.



      251. 4-сыныптың білім алушыларында дамиды:



      1) жалпы біліктер (сабақ режимі, оқу әдебиетімен жұмыс);



      2) қолдың ұсақ моторикасы;



      3) зейін, ес, қиял;



      4) Қазақстан және әлем халықтарының мұрасына танымдық қызығушылық.



      252. 5-сыныпқа арналған болжамды бағдарламалық талаптар. 5-сыныптың білім алушысы 14-18 әртүрлі музыкалық шығарманы, соның ішінде танысу үшін бірнеше шығарманы; 2-3 полифониялық шығарманы; 1-2 ірі нысанды шығарманы; 5-6 пьесаны (соның ішінде 1 ансамбльді); 5-6 этюдті; 1 сүйемелдеуді оқып-үйренеді.



      253. 5-сыныптың білім алушылары біледі:



      1) шығарманың жанрын, нысанын;



      2) ірі музыкалық нысанның құрылымын (күрделі үшжиілікті нысан, сюита, соната, симфония);



      3) оқытылатын шығармалардың ладтық, әуендік, үйлесімдік, ырғақтық, шапшаңдық ерекшеліктерін, аппликатуралық қағидаларын;



      4) музыкалық терминологияны;



      5) оқытылатын шығармалар авторларының шығармашылығын.



      254. 5-сынып білім алушылары істей алады:



      1) музыкалық бейнелерді сипаттайды (басқа музыкалық шығармалармен және өнер түрлерімен ассоциациялар);



      2) орындалатын шығармалардың орындаушылық жоспарын ұсынады: динамикалық жоспар, әуеннің сөзін сөйлеу (интонирование) және оны баса айту (фразировка), агогика, артикуляция, педализация және тағы басқа;



      3) парақ бетінен оқиды;



      4) шығармалармен өз бетінше жұмыс дағдыларын жинақтайды: 1-2 пьеса дайындайды (қиындығы бойынша екі сыныпқа төмен);



      5) күрделі емес сүйемелдеу (аккомпанемент) ойнайды, әріптік белгілеуі бар сүйемелдеу әуендер; әуендерді тасымалдау (транспонирлеу);



      6) танымалы музыканы ойнайды (ыңғайланған түрдегі);



      7) музыкалық тәрбие көрсету, музыка туралы сөйлесулерде қарапайым түсініктер мен музыкалық терминдерді қолданады;



      8) барлық мажорлы гаммаларды тура және кері қозғалыста төрт октавада ойнайды;



      9) 2-3 мажорлы гамманы терцияға және децимаға тура қозғалыста;



      10) минорлы гаммалар қоса алғанда 4 таңбаға дейін (табиғи, үйлесімді және әуендік): тура қозғалыста екі қолмен төрт октавада;



      11) хроматикалық гаммалар екі қолмен барлық пернеден тура қозғалыста;



      12) тоникалық үшдыбыстықтар үш немесе төрт дыбыспен айналыстармен (қолдың өлшеміне байланысты);



      13) қысқа арпеджио екі қолмен; ұзын арпеджио - ақ пернелерден әр қолмен бөлек;



      14) доминантсептаккорд – құрастыру және шешу, қысқа арпеджио әр қолмен бөлек;



      15) кішірейтілген септаккорд – құрастыру және шешу, қысқа арпеджио әр қолмен бөлек.



      255. 5-сыныптың білім алушыларының бойында келесі қасиеттер тәрбиеленеді:



      1) кедергілер мен қиындықтарды жеңу іскерлігі;



      2) жүйелі түрде жұмыс жасай алу іскерлігі;



      3) басқалардың пікірімен есептесе алу іскерлігі;



      4) мақсатқа жетуге ұмтылғандағы ерік, табандылық, қайсарлылық.



      256. 5-сынып білім алушыларында:



      1) өз шығармашылық қабілеттерін жетілдіруге ұмтылыс;



      2) қиял және фантазия, бейнелі және абстрактылы ой;



      3) сахналық мәдениет дағдылары дамиды.



      257. 6-сыныпқа арналған болжамды бағдарламалық талаптар. 6-сыныпта білім алушы 11-17 әртүрлі музыкалық шығарманы, соның ішінде танысу тәртібімен бірнеше шығарманы; 1-2 полифониялық шығарманы; 1-2 ірі нысанды шығарманы; 3-5 этюдті; 4-5 пьесаны (соның ішінде 1 ансамбльді); 1-2 сүйемелдеуді оқып біледі.



      258. 6-сыныптың білім алушылары біледі:



      1) орындалатын шығармалардың жанрлық, нақыштық ерекшеліктерін;



      2) оқытылатын репертуармен жұмыс жасау әдістерін;



      3) оқытылатын шығармалардың әйгілі орындаушылар жасаған интерпретацияларды;



      4) оқытылатын шығармалардың, ірі нысанды шығармалардың, пьесалардың нұсқаларын;



      5) ұлттық және әлемдік мәдениеттің алдыңғы қатарлы өкілдерін.



      259. 6-сыныптың білім алушылары істей алады:



      1) серпін, әуеннің сөзін сөйлеу (интонирование) және оны баса айту (фразировка), артикуляция, агогика, педализация және тағы басқа мәнмәтінінде шығарманың орындаушылық жоспарын анықтайды;



      2) басқа музыкалық шығармалармен және өнер түрлерімен ұқсастықтар (аналогия) және ассоциациялар келтіреді;



      3) күрделі емес сүйемелдеу (аккомпанемент) ойнайды;



      4) барлық мажорлы және минорлы гаммаларды; мажорлы - тура және кері қозғалыста төрт октавада; бірнеше терцияға және децимаға ойнайды;



      5) минорлы гаммалар (табиғи, үйлесімді және әуендік) тура қозғалыста төрт октавада;



      6) хроматикалық гаммалар барлық дыбыстардан тура және кері қозғалыста;



      7) тоникалық үш дыбыстықтар аккордтармен айналыстар үш немесе төрт дыбыстан;



      8) қысқа, ұзын арпеджио екі қолмен, сынық арпеджио әр қолмен бөлек; доминантсепт аккордтың дыбыстары бойынша арпеджио ұзын әр қолмен бөлек, екі қолмен 2-3 үндестіліктерде;



      9) доминантсептаккорд – құрастыру және шешу, ұзын арпеджио ақ пернелерден әр қолмен бөлек;



      10) кішірейтілген септаккорд – құрастыру және шешу, кішірейтілген септаккордтың дыбыстары бойынша қысқа арпеджио әр қолмен бөлек барлық өткен үндестіктерде.



      260. 6-сынып білім алушыларының бойында:



      1) оқу-пәндік құзыреттерді жүйелеуге ұмтылу;



      2) сахналық жинақылық, әртістік;



      3) өзара жәрдем, бірге мазасыздану сияқты қасиеттер тәрбиеленеді.



      261. 6-сынып білім алушылары:



      1) белсенді, өзіндік, шығармашылық ойлау қабілеті;



      2) әсерленушілік өрістің тұрақтылығы;



      3) эстетикалық сезімдер, музыкалық, көркемдік талғам сияқты қабілеттері дамиды.



      262. 7-сыныпқа арналған болжамды бағдарламалық талаптар.7-сыныпта білім алушы 10-15 шығарманы, соның ішінде бірнешесітанысу үшін; 1-2 полифониялық шығарманы; 1-2 ірі нысанды шығарманы; 4-5 пьесаны (соның ішінде бір ансамбльді); 3-5 этюдті; 1 сүйемелдеуді оқып-үйренеді.



      263. 7-сыныптың білім алушылары біледі:



      1) классикалық, қазақ музыканы және Қазақстан сазгерлерінің шығармаларын, музыкалық әдебиет курсының бағдарламасы бойынша қазіргі заман музыкасын;



      2) дәуірлерді, бағыттарды және музыкалық нақыштарды;



      3) орындалатын шығармалардың нақыштық ерекшеліктерін;



      4) оқытылатын репертуармен жұмыс жасау әдістерін;



      5) оқытылатын шығармалар авторларының шығармашылығын.



      264. 7-сынып білім алушылары істей алады:



      1) аспапта музыкалық шығармаларды ойнағанда алған теориялық білімдерін пайдаланады;



      2) дәуірлерге, бағыттарға және музыкалық нақыштарға сипаттама береді;



      3) музыкалық-эстетикалық және рухани-адамгершілік санаттарын сәйкестендіреді;



      4) музыкалық-қоғамдық өмірдің құбылыстарына бағалау пікірлерін білдіреді;



      5) әуеннің сөзін сөйлеу (интонирование) және оны баса айту (фразировка); серпін, агогика, артикуляция, педализация және тағы басқамәнмәтінде оқытылатын шығармалардың орындаушылық жоспарын анықтайды;



      6) көпшілік алдында музыкалық-шығармашылық орындаулардың тәжірибесі бар;



      7) барлық мажорлы гаммаларды тура және кері қозғалыста төрт октавада ойнау; бірнеше гамманы терцияға және децимаға, секстаға орындайды;



      8) минорлы гаммалар (табиғи, үйлесімді және әуендік) тура қозғалыста төрт октавада; 1-2 гамманы (үйлесімді және әуендік) симметриялық аппликатурасымен кері қозғалыста;



      9) хроматикалық гаммалар барлық пернеден тура және кері қозғалыста;



      10) тоникалық үшдыбыстықтар төрт дыбыспен айналыстармен; қысқа, ұзын, сынық арпеджио екі қолмен барлық үндестіліктерде;



      11) доминантсептаккорд – қысқа және ұзын арпеджиомен ақ пернелерден екі қолмен;



      12) кішірейтілген септаккорд – ұзын арпеджиомен ақ пернелерден екі қолмен;



      13) ұзын арпеджио «до», «фа», «соль» пернелерінен.



      265. 7-сыныптың білім алушыларында келесі қасиеттер тәрбиеленеді:



      1) музыкалық-көркемдік қызметте музыка ойнауға және өзін-өзі танытуға тұрақты қызығушылық;



      2) тұлғаның эмоциялық-қажеттілік өріс;



      3) алған білімдерді, іскерліктерді, дағдыларды бүкіл өмір бойы пайдалануға ұмтылады.



      266. 7-сынып білім алушыларында:



      1) жұмыстағы дербестік және өзін-өзі бақылау;



      2) ақыл-парасат (сараптау, салыстыру, жалпылау, сыныптау, алған білімдерін жаңа жағдятқа көшіре алу);



      3) оқытылатын музыкалық шығармалар мазмұнының әсемдігі мен байлығын сезіну қабілеті;



      4) естіп ойнауда, ансамбльде ойнауда, суырып салуда және қарапайым шығармада шығармашылық ойын білдіруге бейімділік;



      5) ақпараттық, коммуникативтік, әлеуметтік, тұлғалық азаматтық құзыреттер;



      6) даралық, ерік, мінездің жағымды қасиеттері дамиды.



      267. 8-9–сыныптарға арналған болжамды бағдарламалық талаптар.



      8-9-сыныпта білім алушылар әртүрлі нысандағы 10-нан кем емес музыкалық шығармалар, танысу үшін бірнеше пьесаларды оқып-үйренеді.



      Білім алушылар 8 және 9-сыныптарда техникалық дайындықтарын жетілдіру, оқу-педагогикалық репертуарды саналы және дәлелді түрде талдау, парақтан оқу, шығармашылық дағдыларын дамыту жұмыстарын жалғастырады.



      268. 8 және 9-сынып білім алушылары біледі:



      1) негізгі фортепиано репертуарын;



      2) дәуірлерді, бағыттарды және музыкалық нақыштарды;



      3) орындалатын шығармалардың нақыштық ерекшеліктерін;



      4) оқытылатын шығармаларға танымалы орындаушылар берген талдауларын;



      5) оқытылатын полифониялық шығармалардың, ірі нысанды шығармалардың, пьесалардың нұсқаларын;



      6) орындау техникасымен және оқытылатын репертуармен жұмыс жасау тәсілдерін;



      7) музыкалық бейнені жасауда музыкалық мәнерлілік құралдарының маңызын.



      269. 8 және 9-сынып білім алушылары істей алады:



      1) музыкалық-қоғамдық өмірдің құбылыстарына бағалау пікірлерін білдіреді, өзінше ойлау ұмтылысын анықтау, пайымдаулардың тәуелсіздігі;



      2) әуеннің сөзін сөйлеу (интонирование) және оны баса айту (фразировка); шығарманың серпін жоспары, агогика, артикуляция, педализация және тағы басқа мәнмәтінде оқытылатын шығармалардың орындаушылық жоспарын анықтайды;



      3) басқа музыкалық шығармалармен және өнер түрлерімен ұқсастықтар (аналогия) және ассоциациялар келтіреді;



      4) сахналық тәртіп дағдыларын меңгереді;



      5) барлық мажорлы және минорлы гаммаларды ойнайды; тура және кері қозғалыста төрт октавада; терцияға және децимаға, секстада ойнай алады;



      6) хроматикалық гаммаларды барлық дыбыстардан тура және кері қозғалыста; терцияға және децимаға, секстаға ойнай алады;



      7) мажорлы және минорлы үшдыбыстықтарды айналыстармен бірге (қысқа, ұзын, сынық арпеджио) ойнайды;



      8) доминантсептаккордтарды (қысқа және сынық арпеджио) ойнайды;



      9) айналыстармен бірге доминантсептаккордтарды (ұзын арпеджио) ойнай алады;



      10) кішірейтілген септаккордтарды (қысқа және сынық арпеджио) ойнай алады;



      11) айналыстармен бірге кішірейтілген септаккордтарды (ұзын арпеджио) ойнай алады;



      12) бір дыбыстан 11 арпеджио түрлерін ойнай алады;



      13) қос терциямен мажорлы, минорлы (үйлесімділік және әуендік), хроматикалық гаммаларды ойнай алады.



      270. 8 және 9-сынып білім алушыларында келесі қасиеттер тәрбиеленеді:



      1) музыкалық-көркемдік қызметте музыка ойнауға және өзін-өзі танытуға тұрақты қызығушылық;



      2) музыкалық шығармаларды орындау үрдісінде естіп бақылайды;



      3) тұлғаның эмоциялық-қажеттілік өрісі;



      4) алған білімдерді, іскерліктерді, дағдыларды бүкіл өмір бойы пайдалануға ұмтылады;



      5) өнерде және өмірдегі рухани-адамгершілік өлшемдер (отаншылдық, интернационализм, ізгілік).



      271. 8 және 9-сынып білім алушыларында:



      1) музыкалық қабылдау, қиял, ойлау; әуендік, ладтық-үйлесімдік, үндемдік (тембрлік) есту қабілеті; музыкалық ес;



      2) өз орындаушылық стилін білдіруге талпыныс;



      3) шығармашылық бастама;



      4) естіп ойнауда, ансамбльде ойнауда, суырып салуда және қарапайым шығармада шығармашылық ойын білдіруге бейімділік;



      5) еңбекке, кәсіптік бағдарға талпыныс;



      6) дүниетанымның, адамгершілік сенімнің және мұраттың қалыптасуына ұмтылыс дамиды.



      272. Үлгерімді бақылаудың негізгі түрлері: үлгерімді ағымдық бақылау, аралық бақылау, қорытынды аттестация.



      Білім беру ұйымдары білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды және білім алушыларды аралық аттестаттауды жүргізудің нысандарын, тәртібін және мерзімділігін таңдауда дербес болады («Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 28-бабы 7-тарау).



      273. Ағымдық бақылау сабақ аясында үнемі, тұрақты жүргізіліп отырады. Үлгерімді ағымдық бақылау құралы ретінде ауызша сұрау, тестілеу, коллоквиумдар, бақылау сабақтары, шығармашылық тәжірибелер, академиялық концерттер, тыңдаулар, техникалық сынақтар, байқаулар қолданылуы мүмкін.



      274. Білім алушының даму жолдары сабақтарды өткізу барысында анықталады, сондықтан білім алушыға қойылатын педагогикалық талаптар сараланған (дифференцирленген) болады. Білім алушының өзіндік сабақтарын белсендендіру мақсатында жұмыстың келесі нысандары пайдаланылады:



      1) өз орындауына талдау жасау (білім алушы өз ойнын бағалап, жіберген қателерін белгілейді);



      2) шығармалармен жұмысқа қатысты педагогтың жеке, сондай-ақ жалпы сипаттағы ұсыныстарын білім алушының күнделікке енгізу;



      3) үй жұмыстарын дайындау туралы ауызша есеп (білім алушы қандай мәселеде қиындық туғанын, қиындықтарды қалай жеңгені және тағы басқа әңгімелеу).



      275. Білім алушылардың үлгерімі есепке алынып отырады. Білім алушының орындаушылық жетістіктері кештерде, концерттерде, ауыстыру сынақтарында және емтихандарда, байқауларда, фестивальдарда, тыңдауларда есепке алынады.



      Барлық білім алушылардың сахнаға жылына үш рет шығуы міндетті: алғашқы жартыжылдықта, екінші жартыжылдықтың басында және ортасында және ауыстыру сынағында немесе емтиханда. Білім алушы ағымдағы жыл ішінде әртүрлі жанрдағы және нысандағы шығармаларды ойнайды (3-сыныптан бастап – ірі нысан, полифония, пьеса, этюд).



      Әрбір сахнаға шығудың бағдарламасын нақты регламентпен шектелмейді.



      276. Аралық аттестаттау бақылау сабақтары, сынақтар және емтихандар түрінде өткізіледі. Бақылау сабақтары, сынақтар және емтихандар техникалық сынақтар, академиялық концерттер, концерттік бағдарламаларды орындау, байқаулар, жазбаша жұмыстар және ауызша сауалдар түрінде өткізілуі мүмкін.



      Аралық аттестаттаудың қорытындылары бойынша білім алушыларға мектепті бітіру туралы куәлікке енгізілетін баға қойылады.



      277. Аралық аттестаттаудың мазмұны, оны өткізу шарттары, аралық аттестаттауды және білім алушылардың үлгерімін ағымдық бақылауды бағалаудың өлшемдерін мектептің өзі әзірленеді және Педагогикалық кеңеспен бекітіледі.



      278. Қорытынды аттестаттау: 1) мамандық; 2) сольфеджио оқу пәндері бойынша бітіру емтихандары өткізіледі:



      Білім алушыларды қорытынды аттестаттаудың мазмұнына қойылатын талаптар және қорытынды аттестаттауды бағалаудың өлшемдерін мектеп өзі анықтайды.



      Бітіру емтиханының қорытындысы бойынша 5 (өте жақсы), 4 (жақсы), 3 (қанағаттанарлық), 2 (қанағаттанарлық емес) бағалары қойылады. Бітіру емтихандары уақыт аралығындағы үш күнтізбелік күннен кем болмайды.



      279. Қорытынды аттестаттаудан дәлелді себептермен өтпей қалған білім алушылар (сырқаттануына немесе басқа да төтенше оқиға, жағдайға байланысты) қорытынды аттестаттауды дәлелденген себептері болуын растайтын құжаттың берілген күнінен төрт айдан кешіктірмей өту мүмкіндігі беріледі.



      280. Қорытынды аттестаттау бағаларының өлшемдері (концерттік бағдарламаны орындау).



      «5» бағасы («өте жақсы»): музыкалық шығарма мазмұнының бейнелік-мәнерлілік түсіндірмесі; нысан сезімін иланымды түрде ұғу; шапшаңдықтың бірлігі; сөзін сөйлеудің мәнерлілігі; ырғақтық пульсацияның айқындығы; динамикалық көптүрлілік; өз орындауын естіп бақылау; орындау техникасын еркін меңгеру; әртістік және ойнауға берілгендік.



      «4» бағасы («жақсы»): шығарманың нысанын, музыкалық тілді, музыкалық мәнерліліктің құралдарын сауатты түсіну; ноталық мәтінді орындаудың тұрақтылығы; шапшаңдықтың бірлігі; сөзін сөйлеудің мәнерлілігі; динамикалық көптүрлілік; жеткіліксіз түрде естіп бақылау; сахнада психологиялық жағынан өзін-өзі ұстаудың тұрақсыздығы.



      «3» бағасы («қанағаттанарлық»): авторлық ноталық мәтінді музыканы бейнелік пайымдаусыз үстіртін оқу; өз орындауын нашар естіп бақылау; шапшаңдық-ырғақтық жинақы еместік; дыбысталудың динамикалық біртектілігі және бірсарындылығы; сахнада тұрақсыз психологиялық жай-күй.



      «2» бағасы («қанағаттанарлық емес»): ноталық мәтінді ойнаудағы қателіктер; метрлік-ырғақтық тұрақсыздық; естіп бақылаудың жоқтығы; дыбыс шығару және дыбыс танудың төменгі сапасы; мәнерлілік түсіндірменің жоқтығы; орындау кезіндегі жиі тоқтаулар.



      281. Музыкаға оқыту және тәрбиелеу үдерісінде түйінді және оқу-танымдық (пәндік) құзыреттерінің қалыптасқан өлшемдерін анықтауды болжайды.



      282. білім алушылардың түйінді және пәндік құзыреттерінің жоғарғы деңгейі мыналармен сипатталады:



      1) музыка туралы жүйелі білімдерді жинақтауда анық көрінетін қызығушылық; шеберлікпен шығармашылық ойлау; музыка туралы көзқарастардың және пікірлердің кеңдігі мен тереңдігі;



      2) музыканы және оған әсершіл көзқарасты айқын түрде қажетсіну; дүниені ерекше сезіну; ашық көрінетін эмпатия;



      3) музыка құралдары арқылы дүниені тану мақсатына жетуде анық байқалатын қажырлылық, өзіндік рефлексияға ерік таныту; рухани дамуда ерікті табандылық;



      4) біртұтас дүниетаным; мінез-құлық және өмір салтында көрінетін оң рухани-адамгершілік сенімдер; «парасаттыны, ізгіні, мәңгіні» жеткізуге ұмтылыс.



      283. Білім алушылардың түйінді және пәндік құзыреттерінің жеткілікті деңгейі мыналарды көздейді:



      1) музыкаға тұрақты қызығушылық; когнитивті аясының дамуы; көзқарастар мен пікірлерді дәлелдей алу;



      2) айқын көрінетін музыканы қажетсіну; белсенді әсершіл қабылдау; ашық көрінетін эмпатияға бейімділік;



      3) тұлғаның білім, іскерлік, дағдыларын, эстетикалық эмоциялардың спектрін кеңейтуге және тереңдетуде анық байқалатын талпынысы; өзіндік талдау жасауға ұмтылыс; рухани дамудағы табандылық;



      4) дамыған музыкалық-көркемдік ой-өріс; «музыканың білімді насихаттаушысы» болуға ұмтылыс; музыкалық-эстетикалық және әдептік ұстанымдардағы сенімділік.



      284. Білім алушылардың түйінді және пәндік құзыреттерінің орташа деңгейі:



      1) музыкаға жағдаятты қызығушылық, музыкалық-эстетикалық және әдептік көзқарастардың, пікірлердің тұрақсыз бағдарланушылығымен белгілі бір білімдердің бар болуы;



      2) музыканы қажетсінудің жағдаятты көрінулері және әсершіл қабылдаудың тұрақсыздығы; эмоциялардың нашар дамығандығы; эмпатиялық жағдаяттың көріністері;



      3) музыкалық қызметте білім, дағды, біліктің эстетикалық эмоцияларды жинақтауға жағдаятты ұмтылыс; өзіндік талдамға ерікті араласуының жеткіліксіздігі; рухани дамудағы енжарлық;



      4) музыкалық қызметте білім, дағды, біліктердің аз қоры; музыкалық талғамдардың, бағалаудың тұрақсыздығы; рухани-адамгершілік сенімдердің және тұлға ұстанымының тұрлаусыздығынан көрінеді.



      285. Білім алушылардың түйінді және пәндік құзыреттерінің төмен деңгейі оның барлық құрамдас бөліктерінің түрлі дамуымен ерекшеленеді:



      1) оқуға және білімдерді жинақтауға қызығушылықтың жоқтығы; когнитивті аяның - қабылдаудың, зейіннің, қиялдың, естің, ойлаудың жетілмегендігі; музыка туралы көзқарастар мен пікірлердің тұрлаусыздығы;



      2) музыканы қажетсінудің жоқтығы және оны қабылдаудағы әрекетсіздік; эмоциялық дүниенің жұтаңдығы; эмоциялық «саңыраулық»;



      3) музыканы тануға жігерліліктің болмауы; өзіндік рефлексияға еріктің болмауы; рухани дамудағы байыпсыздық және әрекетсіздік;



      4) музыкалық қызметте жүйелі білім, дағды, біліктердің жоқтығы; баға берудің екі бір-біріне қарама-қайшы кереғарлық: «ұнайды – ұнамайды»; рухани-адамгершілік сенімдердің жоқтығы.



      286. Оқыту және тәрбиелеу жүйесін жүзеге асырудың педагогикалық нәтижесі білім алушылардың музыка туралы, өмір туралы білімдерінің, көзқарастарының және пікірлерінің жүйелілігін, кеңдігі мен тереңдігін; музыканың, өмірдің эмоциялық бірге әсерленушілік– эмпатиясын рухани қажетсінуді; ерік, мінездің қалыптасу, музыкалық-эстетикалық талғамдарды және адамгершілік сенімдерді; рухани-адамгершіліктік жүріс-тұрыс және өмір салтын анықтайды.



      287. Осылайша, білім алушылардың түйінді және пәндік құзыреттерінің арасындағы байланыс тек қана «жүз пайыздық хрестоматиялық жылтырақ» деп аталатын білім алушылардың білім, дағды, біліктерін ғана көрінбейтін, сондай-ақ, рухани тұғырдағы өмірді сергек құлақпен тыңдай алу, дүниенің, музыканың, шығармашылықтың әсемділігіне қайран қалу; эмоциялық дүниенің, көзқарастардың, пікірлердің дамығандығы, бағалар мен сенімдер дәлелділігі, өмірде «парасаттыны, ізгіні, мәңгіні» таратуға ұмтылу және сол арқылы әрдайым рухани емес қоршаған дүниенің шындықтарына ықпал жасау музыкалық оқыту және тәрбиедегі күтілетін нәтиже болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет