ВасилийВасильевич Давыдов — педагогикалық психология саласындағы дамытушы оқыту теориясының негізін қалаушы, осы бағытта орта мектептерде жаңа білім беру бағдарламасын жасап, эксперименттік сыныптар ашқан. Ол А.Н.Леонтьевтің іс-әрекет теориясы шеңберінде ғылыми-зерттеулер жүргізген көрнекті кеңес психолог-ғалымы болып табылады. 2) Даниял Борисович Эльконин (1904-1984) – мәдени-тарихи теорияныдамытушылардың бірі, оқытудың белсенді әдістерінің теориялық негіздемесін құрастырған. Ол – жас ерекшелік психологиясына елеулі үлес қосқан кеңес дәуірінің белгілі психологы. Оның балалардың мектептегі жасын кезеңдерге бөлуі жалпы кеңестік тұлға периодизациясының негізгі нұсқасына айналды. Жастық кезеңдер: сәби жасы (1 ай -1 жас), ерте балалық шақ (1-3 жас), мектепке дейінгі жас (3-6 жас), бастауыш мектеп жасы (7-10 жас), орта мектеп жасы (11-15 жас), жоғары мектеп жасы (16-17 жас).
Оқушының психикалық жаңа құрылымдары – оқушының белсенді іс-әрекет барысында оқу субъектісіне айналуында қалыптасатын психикалық дамудың (ақыл-ой, адамгершілік) жаңа ерекшеліктері.