Балалар ревматизмі (ревматикалық қызба) Ревматизм



бет1/15
Дата25.09.2023
өлшемі79,4 Kb.
#182316
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
Ревматикалық қызба

БАЛАЛАР РЕВМАТИЗМІ (ревматикалық қызба)



Ревматизм (Сокольский-Буйо ауруы) негізінен жүрек және тамырлардың дәнекер тіндерін жүйелік зақымдауға бейім келетін инфекциялық-аллергиялық ауру. Осыған орай, ревматизм иммуногенезінің ерекшеліктеріне байланысты қайталауға және үдеуге бейім келеді. Бұл науқас негізінен балалық шақта басталады. Балалар ревматизмін зерттеуде, оқып-үйренуде Н.Ф. Филатов, А.А. Киссель, А.В. Волловик, А.Д. Соколова-Пономорева, Н.А. Барлыбаева, Т.Н. Никонова, В.П. Бисярина, А.З. Долгополова, Б.Х. Хабижанов сияқты оқымыстылар көп еңбек сіңірді. Біздің елімізде ревматизм жүрек және тамыр аурулары болып есептелсе, АҚШ және біріккен Германияда “жедел ревматикалық қызба”, Голландияда “инфекциялы ревматизм” - деп аталады.
Ревматизммен негізінен мектеп жасындағы (6-15 жастағы) балалар аурады, ал ересектер арасында байкалатын ревматизм балалар ревматизмінің жалғасы болып келеді.
Сирек жағдайларда ғана 3-5 жасар балаларда кездеседі. Әдебиетте 1 жаска дейінгі балалар арасында анықталған ревматизм туралы жекелеген хабарлар да кездеседі.
Ауылдық жер тұрғындарының арасында, қалалық жерге қарағанда, сирек кездеседі. Қазіргі кезде мектеп жасына дейінгі балалар арасында ревматизммен ауратын науқастар саны азайып келеді. Белоконь Н.А. мәліметтері бойынша барлық балалақ шақ кездерінде де ревматизммен ауыру азайып келеді. Ол бұның себебін бицилинопрофилактикада, халықта стрептококқа қарсы иммунитеттің пайда болуында, стрептококктың веруленттік қасиетінің төмендеуінде және басқа жағдайларда деп біледі.

Этиологиясы: көптеген зерттеушілер ревматизмнің негізгі себебі ретінде А тобындағы – гемолитикалық стрептококкті атайды. Бұл көзқарастың пайдасына төмендегі дәлелдер келтіріледі:


Ревматизм стрептококкті аурумен науқастанғаннан 2-2,5 аптадан кейін басталады.
Ревматизмнің активті сатысында стрептококк антигені 60-70% аурулардың қанында байқалады, ал оның титрі жоғары болады.
Бициллинопрофилактиканың әсерінен ревматизммен аурудың азаюы.
Созылмалы тонзиллитпен ауыратын балалар, ауырмайтындармен салыстырғанда, ревматизммен 2,5 есе жиі ауырады.
Ревматизммен баспамен (ангинамен) ауырған балалардың 0,2-0,3% науқастанады, яғни ревматизм стрептококқа ерекше жауап беретін организмдерде пайда болады. Ата-аналар, туысқандары және басқа балалар ауыратын отбасыларында жиі кездеседі. Бұндай жағдай “жанұялы ревматизм” (А.А. Кисель) деген ұғымның пайда болуына әкеліп соқтырады. Сонымен қатар, баланы қоршаған ортаның, яғни ортадағы стрептококк себетін науқастардың болуы, маңызды болып есептелінеді. Ревматизм стрептококқа иммунитет жетіспеушілігінің тұқым қууы байқалатын адамдарда, яғни бұл тұқым қууға бейімділігі бар науқас. Тұқым қуалаушылық полигенді түрмен жүреді, сондықтан тұқым қуалаушылықпен қатар, сыртқы ортаның түрткілерінің атқарар маңызы зор.
Стрептококк ревматизмнің этиологиялық факторы болғанмен де, инфекциялық патологияға тән қоздырғышы бола алмайды.
Вирустық теорияның жақтастары да вирус пен стрептококктің қосарланып әсер етуі қажет екенін мойындап, алғашқыда стрептококк аллергиялық әсері қажет етіп есептеледі.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет