Балалардағы қант диабетінің морфологиялық ерекшеліктері. Мориак синдромы


Клиникалық айқындалуы: 3 негізгі клиникалық симптоммен сипатталады



бет5/7
Дата25.12.2023
өлшемі1,46 Mb.
#199210
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Ана, Ана, кристал тор, 3-Емтихан жауаптары, Қыз өмірдің қызғалдағы Баяндама, 297870

Клиникалық айқындалуы: 3 негізгі клиникалық симптоммен сипатталады:

  • Полидипсия-шөлдеу.
  • Полиурия-кіші дәретке жиі отыру.
  • Полифагия-кенеттен тәбеттің ашылуы.
  • Науқас тамақты жақсы ішкенімен азады.
  • Науқастың терісі құрғақ, дуылдап қышиды.

Балалардағы қант диабетінің әр түрлі ағзаларға әсері алуан түрлі:

  • Ас қорыту мүшелері жағынан келесі өзгерістер байқалуы мүмкін: тілі құрғақ, ал қызыл түсті, бүртіктері тегістелген, гингивит, тістердің үдемелі кариесі. Ұзақ уақыт ауырған балалардың бауыры ұлғайған, тығыз, кейде ауырсыну болады. Кейбір балаларда диспепсиялық бұзылыстар болады. Жүрек тондары тынықтау, кейде жүрек ұшында систолалық шу естіледі, пульсі жұмсақ, лабильді, артериялық қысымы төмендеген. ЭКГда миокард өзгерістерінің белгілері көрінеді.
  • Жүйке жүйесі жағынан бас ауруларынан бөлек қозғыштық, эмоцияның жоғарылауы, әлсіздік, есте сақтаудың төмендеуі. Перифериялық жүйке жүйесі бұзылыстары ауру сезімімен, әсіресе, аяқтарда, сіңірлік рефлекстердің әлсіреуі мен төмендеуі. Балаларда көру жүйесі жағынан аккомодация бұзылысы, рефракцияның өзгерісі (жақыннан көргіштік немесе алыстан көргіштік), көз алмасының гипотониясы, диабеттік катаракта мен диабеттік ретинит дамиды.

Аталған белгілер қант диабетіне тән болғанымен, аурудың ең басты симптомдары көмірсу мен басқа зат алмасудың бұзылыстары - гликозурия, гипергликемия, қандағы кетондық денелердің көп болуы мен ацидоз.

Аталған белгілер қант диабетіне тән болғанымен, аурудың ең басты симптомдары көмірсу мен басқа зат алмасудың бұзылыстары - гликозурия, гипергликемия, қандағы кетондық денелердің көп болуы мен ацидоз.

Дені сау балада тәулігіне несеппен бірге 1 г қантқа дейін шығады, оны қарапайым әдестермен анықтау мүмкін емес. Қант диабеті кезінде несепте қант пайда болады(гликозурия). Тәуліктік несепте бірнеше граммға дейін қант болуы мүмкін (120— 150). Оның бөлінуі де әр текті болғандықтан, қант диабетіне күдік болса, несептегі қантты бірнеше рет тексеру керек.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет