Балалардағы жедел аппендицит



бет3/5
Дата15.07.2022
өлшемі3,05 Mb.
#147494
1   2   3   4   5
Байланысты:
БӨЖ 1 жедел аппендицит Әубакір А

Науқас шағымдары:

  • Ауыру сезімі біркелкі қадалып,оң жақ шапаралықта сыздап немесе басып ауырады,жүргенде және физикалық жүктемеден соң күшейе түседі.Ауыру сезімі оң жақ аяққа таралады.Кейбір науқастарда ас қабылдағаннан соң осындай ұстамалар пайда болады.Рецидивирлеуші және резидуальды созылмалы аппендициті бар науқастарда ауырсыну симптомы жедел аппендицит ұстамаларынан соң пайда болады,ал біріншілік созылмалы аппендицит симптомдары біртіндеп,белгісіз пайда болады.Науқас лоқсумен құсады,іш өту болады,тілі аппақ,ауызынан жағымсыз иіс шығып тұрады.

Клиникасы:

  • Жас балаларда жедел аппендициттің нақты белгілері болмайды, былай алып қарасаңыз, ол ішек жұқпалы аурулары, аденовирусты аурулар, копростаз, пневмония, отит себептері. Бұлардың барлығы жиналып «абдоминальды синдром » деп қаралуы мүмкін. Жедел аппендициттің жас балалардағы өзіндік ерекшеліктері, тек қана оның реактивтілігіне ғана емес, сонымен қатар анатомиялық-топографиялық ерекшеліктеріне байланысты. Әдетте, баланың мінез-құлқы өзгеріп, мазасызданып, жылап, ұйқысы бұзылып, тәбеті болмай, тамақ ішпейді.
  • Кішкентай бала кіндігінің маңайы ауырып тұрғанын айта алады, бірақ қай жері аурып тұрғанын дәл көрсете алмайтындығы ми қыртысындағы процестердің толық жетілмеуі, жүйке импульстерінің басқа жерге жіберілуіне, шажырқайдың түбінің күн тәрізді шумақша жақын орналасуы, спецификалық емес шажырқай лимфоденитінің тек қанда болуына байланысты. Кей кездері балалар ішінің ауырғанын айта алмайды.
  • Париетальды іш пердесінің және аппендикстің шажырқайының қабынуға ұшырағанына байланысты пайда болған іштің ауыруының толастамауы баланың ұйқысының бұзылуына әкеліп соғады. Осы ерекшелік 60% жағдайда байқалады. Ал 10% жағдайда іштің ауруының ұстамалы болатындығын көрсетеді. Тынышталып отырған балада аяқ астынан іші қайтадан ауыра бастайды, мазасызданып жылайды, тамақ ішпей қойады, ыстығы көтеріледі, құсады, үлкен дәреті өзгереді. Дене ыстығының көтерілуі (94%) 3жасқа дейінгі балаларда негізінде 38-30*С, одан да жоғары жедел аппендициттің асқынған түрлерінде болады. Денесінің ыстығының көтерілуі жедел аппендициттің түрлеріне байланысты емес, ол баланың жүйке жүйесінің өзіндік ерекшеліктеріне, ішетін тамағына, реактивтілігіне (жұқпалы ауруларға) антибиотиктерді қолдануына байланысты. Тағы да бір белгінің бірі- ол баланың құсуы (80%) Бұл кіші жастағы балаларда қабыну процесі өрістеген сайын уланудың белгісі екенін көрсетеді. Құсықтың құрамы негізінен асқазандағы астың қалдығы, ауыр асқынған кезде құсық құрамында өт те кездеседі. Әдетте көп құсу жедел аппендициттің асқынған түрінде болады. Кей жағдайларда науқас құспауыда мүмкін (15-20%), аурулардың басым көпшілігінде үлкен дәреттері бұзылмаған, қалыпты күйде (75%), ал 12-15% іштің өтуі байқалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет