Қауіпті контент. Балалар жасына сәйкес келмейтін контентті тұтынуы мүмкін.(нәсілге бөлінуші және экстремистік сайттар, есірткілер, порнография және т.с.с. туралы ашық ақпараттар )
Интернетке тәуелділік. Компьютерде ешқандай бақылаусыз отыра берген оқушы интернетке тәуелді бола бастайды.
Бейтаныс адамдармен араласу. Алаяқтар әлеуметтік желіде баламен сөйлесіп, оның сеніміне кіруі мүмкін.
Киберқудалау. Көбіне ата-ана немесе балалар отбасы туралы мәліметті жариялап жатады. Алаяқтар кейін сол ақпаратты пайдаланып, түрлі себеппен бопсалауы мүмкін.
Демек олардың ғаламтор әлемінде өткізетін уақыттары ұлғая түскен. Пайдалы ақпаратпен бірге, жамандыққа итермелейтін, баланың санасын улайтын сайттардың есебінде шек жоқ. Пікірталас алаңындағы келесі тақырып ата-аналарға баласын келеңсіз жағдайдан қорғауға үйрететін ережелерге арналды.
Бұрындары буллинг, яғни балаға қысым көрсету, үркіту, қорлау жағдайлары мектеп қабырғасында орын алған болса, бүгінде оның аясы тым кеңейіп кеткенін атап өтті. Мысал ретінде спикер оқушы қыздар арасындағы төбелестің интернетке жүктеліп, оның тез арада таралып кеткен жағдайын келтірді. Өкінішке орай, қазір жасөспірімдер арасында қорлау, қысым көрсету сәттерін видео мен фотоға түсіріп, оны желіде тарату үйреншікті әдетке айналған. Яғни бұл жағдайды олар тек өз арасында ғана көрсетіп қана қоймай, көпшіліктің назарына ұсынады.
Тікелей эфир барысында сарапшылар ата-аналармен бірнеше кеңестерімен бөлісті. Мысалы, егер сіз балаңыздың әлеуметтік желідегі парақшасында оны мазақтау, балағаттау жағдайларын байқаған болсаңыз, ең алдымен бұл бір реттік болған жағдай ма, әлде тұрақты түрде болып тұрады ма, осыны анықтаңыз. Егер интернет-троллинг тоқтамаса, балаңызбен сөйлесіп, оның себебін анықтауға тырысыңыз. Қажет болған жағдайда оның жақын достарын да сөзге тартуға болады. Балаңызды ұрсуға, оны кінәлауға мүлдем жол бермеңіз. Ата-ана балаға дос болуы керек, оны қолдап, орын алған жағдайдан шығу жолдарын бірге қарастырыңыз.
Спикерлер, сондай-ақ желідегі жағымсыз және қауіпті контенттен сақтану жолдары туралы да айтты. Нұрсұлтан Жақыпов gerdaboot.ru парақшасының жұмысымен таныстырды. Сайтта балаңыздың өзіне-өзі қол жұмсау ойындарына қатысады ма, желіде достары қанша және олар кімдер, қауіпті қоғамдастықтарға тіркелгендігі туралы ақпарат алуға болады. Интернеттегі құпия сөздерді браузердің өзінде емес, өзге қауіпсіз орында сақтау қажеттілігі, интернет-алаяқтар жиі қолданатын сандық іздерді қалдырмау тәсілдері де эфир барысында кеңінен айтылды.
Баланың ғаламтордағы қауіпсіздігі!
Қазіргі уақытта Ғаламтор желісіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтау мен шынайы өмірдегі қауіпсіздік ережелері өзара тығыз байланысты!
Баланың қалыпты дамуына нәсілге бөлінуші және экстремистік сайттар, есірткілер, порнография және т.с.с. туралы ашық ақпараттар қауіп төндіреді. Ғаламтор қойнауы адамгершілік құндылықтармен қатар, қаржылық – зиянды бағдарламалар: құрттар, вирустар, «қоңырау шалулар» тәрізді қауіптерге душар етуде.
Өз балаларыңыздың Ғаламтор желісінде еркін жүзуіне жол жібермеңіздер: Ғаламторға қол жеткізуді бақылау қажет, тыйым салынған сайттарға шығуды, экстремизм, деструктивті діни ағымдар, құмар ойындар, нашақорлық және т.б. насихаттаушы қауіпті ресурстарды шектеу керек. Компьютердің, планшеттер мен смартфондардың браузерлеріндегі сайттарға кіру тарихын үнемі қадағалап қарап отыруға кеңес береміз, әсіресе, Сіздің балаңыз тіркелген YouTubeканалына назар аударыңыздар.
Сіздің балаңыздың «Facebook», «Вконтакте», «Одноклассники», «Мой мир» әлеуметтік желілеріндегі виртуалды достарына назар аударыңыздар.
Қаперіңізде жүрсін. Балалар қандай сайттарды пайдаланатынын білу маңызды. Тәртіпті қадағалап отыратын модераторлары бар сайттарды пайдаланған дұрыс. Көптеген чаттар мен форумдарда бейресми түрде қарым-қатынас жасауға мүмкіндік бар. Балаңыздың бейресми түрде таныс емес адамдармен қарым-қатынас жасамауын талап етіңіз.
Құрметті ата-аналар, тыйым салынған сайттарды пайдалануды шектеу мен тыйым салу бойынша шараларды іске асырыңыз, жеке компьютерлерге, ноутбуктер, планшеттер мен смаортфондарға «Ата-ана бақылауы» сервисін қоюға кеңес береміз.
Достарыңызбен бөлісу: |