Қимыл-қозғалыс ойыны: «Әтеш айқасы» Мақсаты: Белсенді қимыл қызметіне қызығушылығын, жалпы төзімділігін, жылдамдық, пәрменділік қасиеттеріне тәрбиелеу. Дене шынықтыру Сөйлеуді дамыту
|
«Мысық пен тышқан»
Мақсаты: Балаларды жеңіл жүгіруге, бір-бірін итермеуге, кеңістікті бағдарлай білуге, тәрбиешінің белгісі бойынша қозғалысты өзгертуге үйрету, шыдамдылыққа, ұйымшылдықққа тәрбиелеу.
Дене шынықтыру
Көркем әдебиет
|
Көркем сөз:
Аппақ, аппақ ақшақар
Бірін ұстап алайын...
Ұстадым!
Жоқ, ақша қар,
Қайдан іздеп табайын?
(Жақан Смаков)
Қимылды ойын: «Аяз»
Мақсаты: Тез жүгіруге жаттықтыру.
Дене шынықтыру
|
Қимыл-қозғалыс ойыны:
«Бақа мен тырна»
Мақсаты: Қозғалмалы ойындар мен жаттығулардың алғашқы түсініктері мен дағдыларын қалыптастыру. Балаларды достық қарым -қатынасқа тәрбиелеу.
Дене шынықтыру
Көркем әдебиет
|
«Саусақ» жаттығуы
Бала, бала, балақай,
Қол соғайық, алақай!
Бiр,екi,үш деп айтайық,
Саусақтарда тартайық.
Жалқау бала болмайық,
Қолды қысып, ойнайық.
Сөйлеуді дамыту
|
Таңертенгі жаттығу
|
Картотека № 4
«Аңдармен жаттығамыз»
Б.қ. Аяқ алшақ, ойыншық төменде;
1-2 ойыншықты жоғары көтеріп, аяқ ұшына тұру;
3-4 б.қ. келу;
Б.қ. ойыншықты алға созып ұстау;
1-2 оңға, солға бұрылу, б.қ. келу;
Б.қ. ойыншық кеуде алдында;
1-2 алға енкейіп ,ойыншықты еденге қою;
3-4 б.қ. келу;
Б.қ.-т.с.
1-2 ойыншықпен отыру;
3-4 б.қ. келу; (4рет)
Ойыншықпен оңға ,солға айналу;
|
Таңғы ас
|
Таңғы ас алдында гигиеналық шараларды орындау.
Жегеніміз нан болсын!
Айтарымыз ән болсын!
Тамақ берген апайға,
Айтарымыз оң болсын!
Әумин!
|
Гигиеналық шаралар (қолды дұрыс жуу, өз орамалының орнын білу, қолды дұрыс сүрту және орамалды орнына ілу,
|
Достарыңызбен бөлісу: |