Балалардың сүйікті жыршысы


Ертеңбай: Достарым, қалай ойлайсыңдар, балаларға арналған өлең, ертегі, жұмбақ, жаңылтпаштар қандай болуы керек? Балалардың жауабы



бет6/39
Дата06.02.2022
өлшемі0,7 Mb.
#31927
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39
Ертеңбай: Достарым, қалай ойлайсыңдар, балаларға арналған өлең, ертегі, жұмбақ, жаңылтпаштар қандай болуы керек?
Балалардың жауабы:

  • Балалар өлеңдері қызықты, тартымды, өмірден алынған оқиғалар болу керек.

  • Белгілі бір адамның не хайуанаттың әрекетін, адалдығын не арамдығын, батырлығын не бостығын, достығын не қастығын суреттейтін қызық оқиғалы болу керек.

  • Балаларға арналған өлеңдер жаттап алуға оңай болу керек.



Білгішбек: Бір сөзбен айтқанда өмірден алынып, ғылыммен дәлелденген шындыққа негізделген аңызға ұқсас болса дейсіңдер ғой.


Ертеңбай: Жарайды, “Қаңбақ шал” сияқты тапқыр, “Ертөстік” сияқты батыл болғыларың келетін шығар. Бірақ, менің түсінбейтінім, жаңа электронды технологиялар ғасырында өмір сүріп, жаңалықтар ашылып, ғарыш пен айға ұшып жатқан кешегі “ұшқыш кілемдердің” шындыққа айналған кезінде ертегінің не керегі бар?


Білгішбек: Еріншек Ертеңбай, мені тыңда. Ертегінің аты ертегі. Қанша заман өзгергенмен баланың аты бала. Осы отырған бәріміздің де алып адамдардың ортасында болып, су астындағы қалаларға саяхат жасағымыз келеді. Күнделікті көріп жүрген үйреншікті нәрселерден гөрі біздерді ертегі мен аңыздардың сан қилы оқиғалары еліктіреді. Мұзафар атамыз жазған ертегілер шындық өмірге жақын болып келгендіктен, біз қызыға оқимыз.


Ая: Мұзафар атаның “Қарағай неге ұзын, жыңғыл неге жатаған, тобылғы неге қызыл болған?”, “Көкек неге “көкек” дейді?” “Тауыс неге қызыл-жасыл?”, “Қарға неге қара?”, “Алатаудың баурайында”, “Көк кілем”, “Еріншектер елінің Ертеңбайы туралы” аңыз-ертегілері кім-кімді де жалықтырмайды деп ойлаймын.


Білгішбек: Біз, балалар – байыпты халықпыз ғой. Бүгінде, мынау технология мен ғарыш заманында біздерді таң қалдыру, кітапқа еліктіру оңай шаруа емес сияқты. Солай бола тұра, білмейтініміз көп… ал білетініміз аздау болып жатады… Талғамы биік В.Белинскийдің бір сөзі осы бүгін айтылғандай:”…Балалар жазушысы болып қалыптасу қиын, арнайы туу керек. Мұның өзі өзінше бір қабілеттілік болады… Мұнда талант қана емес, сонымен бірге өз алдына даналық та керек”. Яғни, бала бола білу керек. Ал, М.Әлімбай атамыз шығарма жазғанда тіпті балалардың жас ерекшеліктеріне дейін қатты ескереді екен. Сондықтан оның өлеңдері бүлдіршіндерге, балдырғандарға, жас өспірімдерге арналған болып айқындалып, айрықшаланып тұрады.


Ая: Балалар, орыстың Маршак, Чуковский, Агния Барто сияқты көптеген елдің балалары сүйіп оқитын жазушыларын білетін шығарсыңдар. Ал олардың жан-жануарларды сөйлетіп, жақсылық пен жамандықты, адалдық пен арамдықты салыстырататын ертегі-аңыздарын кім біледі екен?
Балалардың жауабы.


Білгішбек: Біздің сүйікті жазушымыз Мұзафар ата мен бұл жазушылардың арасында қандай байланыс бар деп ойлауларың мүмкін. М.Әлімбай балаларды мақтаншақтық пен қызғаншақтық, өзімшіл менмендік пен даңғойлықтан сияқты жағымсыз қасиеттерден арылып, көпшілік пен бауырмалдыққа шақырады. Ол әйгілі орыс жазушылары Самуил Маршак, Корней Чуковский, Агния Барто сияқты құстар мен аңдарды сөйлетіп, соларды достастыру арқылы балаларды жақсылыққа жетелейді. Бұған “Қорбаң аю”, “Құмырсқалар”, “Жорға торғай” сияқты өлеңдері дәлел.
Құстар тойында” өлеңі оқылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет