Кітапханашы: Балалар, алдымен ”Балалық шақ” ауылына аттанамыз. Сапар барысында әңгімеші мен өмірбаяншының қызықты әңгімелерін тыңдаймыз.
Әңгімеші:
“Асыға асқаныңда қайқаң белден.
Алдыңнан ауыл шығар ойпаң жерден,
Айна көл ақшыл тартып жатар тымық,
Секілді қымыз құйған жайпақ зерең”.
Бұл - ақынның туған жерінің суреті. М.Әлімбайдың туған өңірі Маралды атырабы да (Павлодар облысы, Шарбақты ауданы) әнші–күйшілердің, ақын-жыраулардың, ертегіші-хикаяшылардың, ділмәр шешендердің думан құрған өнер төріндей болды. Солардың тәтті сазын, татымды сөзін, тартымды ғибрат-тағылымын қаршадайынан құлағына құйып өсті. Ақынның жастық шақ, есею жылдары, толысу кезеңдері де кілең бір өнегелі ортада, білікті үлкендердің қасында, таланттылардың жанында өтті.
Достарыңызбен бөлісу: |