Әңгімеші: Балалар бұл жолы да сөзді атамыздың өзіне берсек:
Өмірбаяншы:“Соғыс басталғаннан кейін бір ай шамасында Павлодарда бүкіл Арқаны әнмен тербеген әсем әнші, асқан талантты композитор Естай бастаған мәдени-үгіт бригадасы құрылды. Мен сол бригадаға конференсье әрі декламатор-ақын боп қатыстым. Бригада болып ауылдарда әдеби-концерттер өткіздік. Сонда Есағаңның үш айдай қасына ергенім кейін “Естай-Қорлан” ғашықтық дастанын жазуыма негізгі түрткі қозғау болған еді. Маралды көлі маңындағы ауылдарға барған сапарында сал-сері жігіт қор қызындай Хорланға ғашық болады. Әкесі бұны сезіп қалып, Хорланды атастырған жеріне ұзатып жібереді. Жас ғашық жаны күйзеліп қала береді. Бұдан кейін ақынның трагедиясы да, өнер өлкесі де сол Хорлан болады. Қазақ баласына жаппай ұнаған, құлағына ұялаған құдыретті ән-“Хорлан” сол қасіреттен туған. Естай - махаббат жыршысы. Жан азаттығының жалынды жаршысы. Сонда Есағаңның үш айдай қасына ергенім кейін “Естай-Хорлан” ғашықтық дастанын жазуыма негізгі түрткі қозғау болған еді. Көркемсөз оқушылар “Сен бердің махаббаттың жазын маған” өлеңінен, “Естай-Хорлан” ғашықтық дастанынан үзінді оқиды.
Кітапханашы:Біраз демалып, аттарымызды ауыстырып “Поэзия патшалығында“ ауылына аттанамыз.
(Алдын ала үнтаспаға жазылған ат айдаушының дауысы мен ат тұяғының дүбірі естіледі)
Көркемсөз оқушылар “Көңіл сазы”,“Ақын арманы”, “Ана тілі” өлеңдері мәнерлеп оқиды.
Әңгімеші: Сарқырап аққан тас бұлақ
Самалды Баян тауында,
Ұзаған сайын тасқындап,
Келетін біздің ауылға.
Ақындық асқар қиялдан
Бұлақ жыр соған ағады.
Ентелей келіп қияннан,
Елінен арна табады…
Сонау заманнан-ақ қазақ даласынан өлең өнері мықтап орын алған. Оның қазақ тұрмысына енбеген, салтқа айналмаған жері жоқ. Үлкен жиын-той көркі өлең-жыр болған. Жырау ақындар келелі топта өнеге жырын толғаса, суырып салма ақындар өз ара айтысқа түсіп, өнер жарыстырған. Бұларды қоршаған жұрты жақсы сөздерге қошамет білдіріп, кеу-кеулей көтермелеп, оны өздерімен бірге ауыл-ауылға таратып отырған. Шын ықыласпен, зерде қоя оқыса, өлең өзін-өзі сүйгізеді, өзіне баурап еріксіз тартып алады. Мұзафар күндіз-түні үздіксіз ізденетін, гүлдерден бал жинаған арадай сөзді мысқылдап теретін үлкен еңбектің ақыны. Ол өз көргендерінің бәрін көңіл сүзегінен өткізіп, соның ішінен өлең боларлық дәнін таба біледі. Ұшы қиырсыз жалпақ даланың ұзына бойы жырға арқау бола бермеуі мүмкін. Соның үшін де күмбезді таулары, көз тоқтатар көгілдір көлдері, қызыл бұлттай желбіреген таулары, көз тоқтатар көгілдір көлдері, қызыл бұлттай желбіреген қызғалдақтары өлең жолы болып құрала кетуі ықтимал.
Көркемсөз оқушы “Поэзия патшалығында өлеңін оқиды.