Кітапханашы: Біраз демалып, аттарымызды ауыстырып “Туған жер“ ауылына аттанамыз.
(Алдын ала үнтаспаға жазылған ат айдаушының дауысы мен ат тұяғының дүбірі естіледі) Әңгімеші: Бірде ақын атамыз журналистің “Сіздің бойыңыздағы әсемдік, сұлулық, сезімталдық әлемі - ақындық талант пен құдірет қара сөз өнерінің қайнар көзі - мақал-мәтелдерге деген қабілеттің қалыптасуына негіз қалаған не нәрсе деп ойлайсыз?”- деген сауалына мынадай жауап беріпті
Өмірбаяншы:“Оған әсер еткен, ең алдымен менің алтын бесік-атамекенім Маралдының шырышы бұзылмаған арда табиғаты мен көз жанарыңды суырып әкетердей әсем көрінісі деп айтуыма болады. Бір шеті Сібірдің Құлынды даласымен шектесіп, екінші шеті Арқаның ақселеуі аймағына сұғына еніп жатқан бұл өңір бала күнімде қыз күлкілі бұлақтары сылдырай ағып, құлын жоны көрінбейтін көк майса шалғыны самал желмен толқындана тербеліп тұрар еді. Бәрінен де Маралдының дуадақ ұшқан дархан даласы мен топырағы тоңмайдай томырылған құнарлы қырқаларын айтсайшы!… Міне, осындай өңірде өмірге келген адам қалай ақын болмасын?! Егер біреу: ”Жыр әлеміне келер жолда кімге қарыздарсыз?”,-десе, онда мен еш ойланбастан: “Қасиетті туған жеріме, оның қиялыма қанат бітірген сұлу да әсем табиғатына борыштармын”,-деп жауап берер едім”-, дейді ақын атамыз.
Көркемсөз оқушылар “Сағыныш сазы”, “Маралдыма махаббат” өлеңдері, “Менің Қазақстаным” лирикалық-философиялық дастанынан үзінділерді мәнерлеп оқиды.
“Маралдым” әні орындалады. Әнін жазған: Ә.Бейсеуов. Өлеңі: М.Әлімбаевтікі.