Балалардың сүйікті жыршысы



бет16/39
Дата06.02.2022
өлшемі0,7 Mb.
#31927
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   39
Кітапханашы: Балалар, кішкене тынығып, аттарымызды ауыстырып алғаннан кейін “Оқуда” ауылына аттанамыз.


(Алдын ала үнтаспаға жазылған ат айдаушының дауысы мен ат тұяғының дүбірі естіледі)


Әңгімеші: Қандай жанның да балалық шағы - болашағының баспалдағы. Кім-кімнің де ат жалын тартып, азамат жасына келгенде қандай адам болмағы, оның балалықтан алған әсер -байлығына көп байланысты. Оның үстіне Мұзафар Әлімбай, негізінен, балалар ақыны. Сол себепті балалар ақынының тағы да балалық шақ әсері туралы естеліктеріне ден қоялық...
Өмірбаяншы: “…Мен үйде және интернаттар мен пансионаттарда тәрбиелендім. Үздік оқыдым, қоғамдық жұмысқа белсене араласқан пионер болдым, сурет салуға да құмар-ақ едім, қабырға газеттерін шығару қай мектепте де менің сыбағама тиетін-ді. Көбіне тақпақ оқитынмын. Суфлер будкасынан сыбырлап отырғаным көп баланың қолы жетпес дәреже көрінетін маған.
Павлодар педучилищесі - менің поэтикалық бесігім, журналистік жолымның бастауы. Бірінші жырды соның қабырғасында жаздым. Сол училищеде оқып жүргенімде тырнақалды туындым облыстық “Қызыл ту” газетінде 1939 жылы 18 маусым күні жарық көрді. Сол жылдары аяулы ұстаздарымнан әдеби ғана емес, адами тәлім алып өстім.Облыстық газет қасындағы әдеби бірлестікке де белсенді мүше болдық, бірақ бірде-бір әдеби кештен қалып көргеміз жоқ. Сөйтіп жүріп, “ақын бала” атана бастадық,”- деп еске алады ақын.
Көркемсөз оқушылар “Жолдас”, “Ұстазыма” “Ұстаз жолы” өлеңдерін мәнерлеп оқиды.


Кітапханашы: Балалар, біраз сусынымызды қандырып, кешікпей “Солдаттар ұмытпайды сұрапылды” ауылына аттанамыз.
(Алдын ала үнтаспаға жазылған ат айдаушының дауысы мен ат тұяғының дүбірі естіледі)


Әңгімеші: Қиын жазған қаныммен де, теріммен
Қимасымды тартып алған өлімнен,
Менің төрт жол отты жолым-төрт жылым
Қызыл бояу, ірі әріппен терілген.
1941 жыл… Соғыс бұрқ етті. Он сегізден жаңа ғана асқан жасөспірім жігіт соғысқа өз еркімен сұранып қанды майданға шеру тартты. М.Әлімбайдың балғын жастығы жойқын жорықтың аласапыран алаңында, көк ала түтіннің ішінде, оқ топанының астында өтті. Жас солдат қиын-қыстау күндерде қару мен қаламды қатар ұстады. Өрт оранып отырып, солдаттың оғындай ұшқыр, қаһарындай кекті алғашқы өлеңдерін жазды. Ақын өлеңдерінде жауға деген жалыны лапылдаған, дауылы бұрқап ұйтқыған өшпенділік жатты. “Ата, батырға да жан керек”, майданда қорыққан оқиғаларыңыздың еске түскенін айтып беріңізші” деген журналистің сұрағына, атамыз былай жауап беріпті
Өмірбаяншы: “Бұл сонау алыстағы сұрапыл жылдарда болып еді…Ұрысқа түнде кірдік. Аға лейтенант Чернов екекуіміз артта қалып қойыппыз. Сөйтсек, немістердің шегінгенде қалып қалған бір артиллерия батареясының дәл тұмсығының астынан шығыппыз. Енді сәл жүрсек не тірідей, не “басқаша” қолға түседі екенбіз. Орманды тасалап зытып бердік. Олар да оқты жаудырып берді. Әйтеуір, тигізе алмады. Сонда қорықтым,- деп сөзін аяқтапты Мұзафар атамыз. Майданнан жеті жарым жыл өткен соң офицер - танкист атанып туған үйіне оралады. Бір кездегі балаң жігіт жай ғана оралмай, уақытты бағалауды, өмірді қадірлеуді, Отанды қастерлеуді үйреніп қайтады.
Ту тіккен” поэмасынан үзінді, “Ерлер ескерткішіне татиды”, “Қайран достар-майдандастар” өлеңдері мәнерлеп оқылады.
Кітапханашы: Біраз демалып, дәмді-тәттілермен шәй ішіп, осы ауылда аттарымызды ауыстырып “Сүйген жүрек сөз табады сүйсінер…” ғашықтар мен махаббат ауылына аттанамыз.


Балаларға тәтті сусын мен конфеттер таратылып беріледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет