Балалардың сүйікті жыршысы



бет19/39
Дата06.02.2022
өлшемі0,7 Mb.
#31927
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   39
Кітапханашы: Аттарымызды ауыстырып “Бүлдіршін, бүлдіршін, күнмен бір күлсін!“ балалар ауылына аттанамыз.
(Алдын ала үнтаспаға жазылған ат айдаушының дауысы мен ат тұяғының дүбірі естіледі)
Көркемсөз оқушылар “Мен туған үй”, “Бөбегім мен өлеңім”, “Оқырман! Өмірлесім, тағдырласым!” өлеңдерін мәнерлеп оқиды.
Әңгімеші: Мұзафар атамыздың балаларға арналған өлеңдерінің таным тарапындағы мағынасы мен тәрбие саласындағы мәні орасан зор. М.Әлімбай балалар әдебиетінде де белді орын алатын ақындарымыздың бірі. Оның балаларға арналған өлеңінде кішкентай бөбектердің мінез-құлқын көп білетіндігі байқалады. Енді сөз кезегін ақын ағамыздың өзіне берсек:.
Өмірбаяншы: «Бөбекке арнап жазған бірінші өлеңім есімде қалмапты. Күлді – бадам құнсыз сөз болған ғой деймін. 1949 жылы «Пионер» журналында өзіммен қызметтес Мұхамед ағайдың үйіне барсам, кішкентай қыз баласы Ләйлә бұрышта қуыршақ ойнап, жансыз қуыршақтармен сөйлесіп отыр екен. Бір кезде ол жатқа өлең айтты. Бұл менің соғыстан кейін туған екі бауырыма ермек үшін шығарып берген жеке-жеке шумақтарым еді. (Осының аз-ақ алдында ғана «Пионер» журналында «Менің ойыншықтарым» деген атпен басылған. 1956-58 жылдарда “Қазақ әдебиеті” газетінде әуелі көркем әдебиет бөлімінің меңгерушісі, іле бас редактордың орынбасары қызметін атқардым. Республикамызда тұңғыш рет бүлдіршіндердің көркем-әдебиет журналы “Балдырған” ашылғаннан бастап мына беріге дейін соның бас редакторы болдым. … Шынымды айтсам, мені балалар ақыны жасаған балаларым мен бауырларым. Бүлдіршіндерге дегенімнің денін мен солар үшін жаздым, алғашқы нұсқаларын соларға тыңдаттым, мектепке барған соң соларға оқыттым, соларға сынаттым, жаттай алмаса не ұқпаса, солардың ыңғайына қарай өңдедім, қысқарттым, кәдеге жаратпай, толайым-түгел лақтырғандарым да болды…

Алматы кешінде” әні орындалады. Өлеңі : М.Әлімбаевтікі


Әнін жазған: І.Жақанов


Кітапханашы: Біраз тынығып, аттарымызды ауыстырып “Әнсіз өмір-мәнсіз“ ән-жыр ауылына аттанамыз.
(Алдын ала үнтаспаға жазылған ат айдаушының дауысы мен ат тұяғының дүбірі естіледі)


Әңгімеші: Ән - адамзат құрдасы! Ән - зарлының мұңдасы! Ән -сергектік серігі! Ән - ғашықтық сырласы! Өздеріңізге жақсы таныс ақынның сөзіне жазылған “Ақмаңдайлым”, “Ақсұңқарым”, “Маралдым” тағы басқа әйгілі әндер құшағында қашаннан қазақ даласы әлдиленіп тұрса, “Мұғалім ол біздің”, “Ақ бауырсақ”, “Жұлдызым”, “Алаңдар туған анасы” тағы басқа да балаларға арналған өлеңдері сендерге жақсы таныс. Ақынның бұл әндері халық - ананың өзі шығарған төл туындысы болып кеткеніне көп заман өтіпті. “Әнсіз өмір - мәнсіз” цикліне енген ән мәтіндері халық арасына кең тараған, әр қазақтың сүйікті әніне - көңіл күйіне, жан сырына айналып кеткен. Бұлар туралы айтып керегі жоқ, тамсана шырқап толғау керек.
Ақмаңдайлым” әні орындалады. Әні: Ш.Қалдаяқовтікі. Өлеңі: М.Әлімбаевтікі
Жүргізуші: Балалар, міне кітапханамызға қайтып оралдық. Бүгінде сексен жасқа толып отырған ақын–ағамыз Мұзафар Әлімбайға әлі де ақындығына зерттеушілігі, бұған аудармашылығы, эссе, очерк жазушылығы, балдырғандар жанын зерек түсінушілігі, парасаттылығы ұштасып тоғысқан тарлан талантқа мерейтой үстінде одан әрі құлашын кеңге жазып, ойдың кенін қазып, сөз миуасын теріп, ел-жұртын поэзияның кәусар бұлағымен сусындата берсін демекпіз.
Жеңімпаздарды құттықтау.
Құрметті әріптестер, жоғарыда беріліп отырған шараны өз қалауларыңызша түрлендіріп өткізулеріңізге болады. Осы шарада берілген материалдар негізінде «Мәнерлеп оқу сайысын» ұйымдастыруларыңызға да болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет