«Балаларға білім беруде жаңаша технологияны
іс-тәжірибеге енгізу жолдары»
Кенесариева Гүлназ Жарылғасқызы
№34 «Балбұлақ» бөбекжай МКҚК тәрбиешісі
Білім беру саласы
|
«Қатынас», «Таным», «Әлеуметтік орта».
|
Тобы
|
«Болашақ»
|
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті
|
«Тілді дамыту», «Қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыру», «Қоршаған ортамен таныстыру».
|
Оқу іс-әрекетінің тақырыбы
|
«Теңізге саяхат».
|
Құзіреттілікке жеткізетін ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің
мақсат,міндеттері:
|
Ақпараттық құзіреттілік
|
Балаларды үш тілде ауызекі сөйлеу тіліне үйрету, дыбыстардың өзіне тән ерекше дыбыстарын сөз ішінде дұрыс айта білу қабілеттерін қалыптастыру, дұрыс айтуға үйрету.
|
Коммуникативтік құзіреттілік
|
Балалардың ойлау қабілеттерін ойын арқылы жетілдіру және тұлғаны қалыптастыру, қызықты ойындарды елестету арқылы қиялдарын дамыту, тіл байлығын, танымдық қабілетін, сөздік қарым-қатынастарын нығайту. Өздігінен дербес іс-әрекет жасауға машықтандыру.
|
Проблемалық құзіреттілік
|
Балалардың қарапайым математикалық дағдыларын қалыптастыра отырып, сандар жайлы түсініктерін және геометриялық пішіндер мен денелерді жаңылмай атауға ынталандырып, тапсырмалар арқылы ықпал ете отырып орындауға дағдыландыру.
|
Технология
|
Ойындар, сөйлеу арқылы дыбыстарды айту, компьютермен жұмыс.
|
Әдіс-тәсілдер
|
Түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап, ойындар.
|
Құрал-жабдықтар
|
Геометриялық пішіндер, денелер, үлестірмелі құралдар, қарындаштар, компьтерлер, шарлар, ыдыстағы су, крем, қол сүртетін орамал.
|
Билингвальдық компонент
|
Кеме – корабль - ship
|
Мотивациялық-қозғаушы
|
Тәрбиешінің іс-әрекеті
|
Баланың
іс-әрекеті
|
Бүгін біздің оқу іс-әрекетімізге қонақтар келді. Амандасайықшы.
Капитан:
-Ал, матростар, теңізге шығып демалғыларың келеме?
-Енді теңізге немен шығамыз?
-Матростар, менің кемем бұзылып қалды. Мен кемені жөндегелі жатыр едім.Маған көмектесесіңдер ме?
-Ендеше матростар, кемені жасау үшін кеменің сұлбасын жасап алуымыз керек. Мына компьютерден кеменің сұлбасын салып көрсетемін. ( капитан пішіндерді көрсетіп тұрып, матростарға сұрақтар қойып тұрады)
-Қандай пішіндер пайда болды?
-Ал енді осы сұлбаға қарап тұрып, кемені жасауымыз керек.
-Капитан:
Матростар, қараңдаршы қандай әдемі кеме жасадық. Енді теңізге шығуға кемеміз дайын. Ендеше кемемізге отырып, теңізге шығайық.
-Мен кемені басқарамын. Матростар теңіздің ауасы қандай жақсы, таза ауамен демалғанда көңіл-күйімізде көтеріліп қалады.
( капитан винокльмен жан-жағына қарайды)
-Матростар біздің алдымызда бірдеме көрінетін сияқты. Біздер бір құрлыққа жақындадық, қане түсіп қарайықшы.
Ақ аю:
-Көмектесіңдер!
-Капитан:
Ақ аю не болды?
Ақ аю:
«Мұз патшалығы» мына теңізді түгел қатырып тастаймын деді. Оны қатырып тастаса менің өміріме қауіп төніп тұр. Маған мынадай тапсырмалар берді. Оны орындауға көмектесесіңдер ме.
Капитан:
Әрине көмектесеміз,біздер бәріне көмектесуге дайынбыз.
|
Иә
Кемемен
Иә
-Үшбұрыш, төртбұрыш,
тік төртбұрыш
Матростар кемеге қарап тұрып кемені құрастырады.
Матростар кемеге отырады.
-Иә, көмектесеміз
|
Іздену-ұйымдастырушы
|
1 Тапсырма:
( тақтада 1-ден 10-ға дейін теңіз балықтары ілулі тұрады, матростар сол балықтардың астына 1-ден 10-ға дейінгі сандарды қойып шығулары керек).
-Матростар сандарды үш тілде айтып берейікші.
2 Тапсырма:
(Компютермен кеменің түстерін бояйды, өзенге санап балықтарды салады.).
Аю:
Рахмет, матростар, көмектескендеріңе, жолдарың болсын.
Матрос:
Ақ аю бізбен бірге демалуға барасың ба, ендеше бізбен бірге жүр
Капитан:
-Матростар алдымызда тағы да құрлық көрінеді.Бір тоқтап өтейікші. Мына құрлықта демалып сергіп алайық.
Ойын: «Кімнің даусы».
Мақсаты: Балалар өздерінің өлең, тақпақтар,мақал-мәтелдердің көмегін пайдалана отырып, балалардың оларды дауыстарын өзгертіп айтуға оны ажырата білуге, кімнің даусы екенін дәл шешуге дыбыстарды айта білуге үйрету.
Ойын барысы:
Балалар көздерін жұмады, кез-келген баланың қолынан ұстайды. Сол бала тақпақ не мақал-мәтел айтып береді. Балалалар кімнің даусы екенін табу керек.
Енді, матростар көңілімізді көтеріп «Тамшылар» сергітуін жасаймыз.( сергіту сәті орыс тілінде ойналады).
Капитан:
Кемемізге отырып серуенімізді жалғастырайық.
Матрос:
-Анда қараңдаршы, пингвинді көріп тұрмын. Капитан кемені солай қарай бұрыңызшы.
( барлығы пингвинге келеді).
Пингвин:
-Матростар сендер қайдан келесіңдер?
-Матростар, мен суға түскенде менің денем неге су болмайды және неге суға батпаймын?
Капитан:
Қолымызға барлығымыз кремді жағайық, сосын қолымызды суға саламыз.Енді қолымызды судан шығарамыз.
-Нені байқап тұрсыңдар?
-Неге су сіңіп кеткен жоқ?
-Енді мына шариктерді суға салып батырамыз, неге шар суға батпады.
Бұндай шарлар пингвиннің ішінде дене мүшесі болып есептеледі, сондықтан пингвиндер суға батпайды.
Пингвин қалай біздер себебін дәлелдей алдық па?
Пингвин:
Дұрыс жауап бердіңдер, рахмет, ризамын.
|
-Матростар сандарды қазақша, орысша, ағылшынша айтады.
-9-10 бала тақпақ, өлеңдерін айтады.
-Демалып, серуендеп жүрміз.
-Матростар пингвиннің сұрағына капитанның көмегімен дәлелдеп, көрсетіп береді.
-Қолымыздан тамшылар ағып тұр, қолымызға су сіңіп кеткен жоқ.
Қолымыз май болғандықтан
Шар жеңіл, су ауыр.
Иә.
Рахмет.
|
Рефлексивтік-коррекциялаушы
|
Ендеше ақ аю екеуіміз сендерге сыйлықтар дайындадық.
-Матростар пингвин мен ақ аюмен қоштасып кемеге отырады.
Капитан:
Матростар, теңізде нелерді көрдік?
Теңізге немен шықтық?
Кеменің орысша қалй айтамыз, ағылшын ша қалай айтамыз?
-Ендеше матростар осымен саяхатымыз аяқталды.Енді жағаға шығып, үйлерімізге қайтайық.
|
Ақ аю, пингвин.
Кемемен.
Корабль, ship
|
Күтілетін нәтиже:
|
Баланың білуге
|
Пішіндер мен геометриялық денелерді ажырата білуі
|
Баланың меңгеруі
|
Үш тілде сандарды санап меңгерулері
|
Баланың жасай алуы
|
Берілген тапсырмаларды аяғына дейін жеткізіп, жасай алуы.
|
Қолданылған әдебиеттер тізімі:
«Мен және қоршаған әлем» Балалар энциклопедиясы. Алматы,
2006 жыл
«Мектепалды даярлық», «Предшкольная подготовка» №6, 2010 жыл
Ақпараттық мәдениет негіздері, - Алматы: «Аруна» 2007 жыл
«Бала тәрбиесі» журналы. №10, 2000 жыл
«Бала тәрбиесі» журналы. №7, 2010 жыл
Достарыңызбен бөлісу: |