Ән: « Біз косманавт боламыз»
Гүлнұр- Жұлдыз - газдан тұратын аспан денесi. Ол өз куаты нәтижесiнде өзі жарық шығарады. Бiрнеше мың градус температураға дейiн қызып тұрған аспанның жарық денесi. Жерге ең жақын жұлдыз – Күн.
Күн - Балқыған ыстық газды жарқырап тұрған өте үлкен шар. Күн мен жердiң ара қашықтығы 150 млн. шақырым. Күннiң бетiндегi температура – 6000 мың градусқа тең. Күннiң жылуы мен жарығы адам, өсiмдiктер, жануарлар үшiн өте қажет. Күннiң төңiрегiнде Жердi қоса есептегенде 9 iрi аспан денелері айналып жүредi. Олар ғаламшар (планета) деп аталады.
Ғаламшарлар - адасушы жұлдыз деген сөз. Ғаламшар – өздiгiнен жарық шығармайтын салқын денелер. Ғаламшарлардың жұлдыздан айырмашылығы өздiгiнен жарық шығару мүмкiншiлiгi жоқ, күн сәулесiнiң шағылысуынан жарқырап тұрады.
Аймұрат- Шолпан – Күннен 108 млн. шақырым қашықтықта орналасқан 2 - шi ғаламшар. Аудан жағынан Жерден сәл кiшi. Күндi 225 тәулiкте айналып өтедi. Шолпандағы температура +464 градус. Мұнда бiрде бiр мақұлық өмiр сүре алмайды.
Ержан - Марс – 4 - шi ғаламшар. Оның диаметрі Жерден 2есе кiшi. Күндi 687 тәулiкте айналып өтедi. Марстың 2 серiгi бар – Фобос және Деймос. Серiктер Марсты айнала қозғалумен қатар Kүндi де Марспен бiрге айналып өтедi.
Аружан- Юпитер - Күн жүйесiндегi 5 - шi ең үлкен ғаламшар. Диаметрі жағынан Жерден 11, 5 есе үлкен. Күндi 11, 9 жылда айналып өтедi. Юпитердiң 16 серігi бар. Соның iшiнде Ганимед Күн жүйесiндегi ең үлкен серiк.
Ержан- Сатурн – 6 - шы ғаламшар. Ғаламшардың ерекшелiгi сансыз көп тастардың кесектерiнен, мұздан және шаң - тозаңнан тұратын жалпақ жарқыраған сақина тәрiздi болып келуi. Диаметрі Жерден 9, 5 есе үлкен. Күндi 29, 5 жылда айналып өтедi. Айналасында 17 серiгi бар.
Әсел -Уран – 7 - шi ғаламшар 18 ғасырда ашылған. 1781 жылы нeмiс астрономы Вильгелм Гершель ашты. Оның күннен алыстығы соншалық, күннен бөлiнiп шыққан жылуды Жерге қарағанда 400 есе кем алады. 15 серiгi бар. Күндi 84 жылда айналып өтедi.
Ақмарал- Нептун – 8 - шi ғаламшар. 1846 жылы ғылымға белгiлi болды. Оны француз Урбен Леверье жаңа ағылшын Джон Адамс ашты. Құрылымы жағынан уранға ұқсас.
Айдос- Плутон – Күн жүйесiндегi ең кiшкентай және ең алыста орналасқан ғаламшар. Күннен 6млрд. шақырым қашықтықта орналасқан. Күндi 247, 7 жылда айналып өтедi. Ғаламшардың жалғыз серiгi Харон 1930 жылы американдық астроном Клайд Томбо ашты.