III
____________________________________________________
МҰҒАЛІМГЕ АРНАЛҒАН ЕСКЕРТПЕЛЕР:
____________________________________________________
Оқушыларға барлық періштелердің ішінде ең жоғары дәрежеге жүректі тірілтетін уахиді жеткізу жүктелген Жәбірейіл (аләйһи-с-сәләм), Сүр үрлеу жүктелген Исрафил (аләйһи-с-сәләм) және жаңбырдың жауына жауапкершілік жүктелген Микаил (әләйһи-с-сәләм) ие екендігін түсіндіріңіз;
Оқушыларға періштелердің кейбір істерін және оларға иман келтіруден туындайтын міндеттерді түсіндіріңіз:
1 – Оларға адамдардың істерін жазып алу жүктелген. Бұл Аллаһтың құлын Аллаһ Тағаланың ашуын туғызатын нәрселерді айтпауға және істемеуге міндеттейді;
2 – Оларға Аллаһтың құлын түрлі өмірлік жағдайларда қорғау жүктелген. Бұл Аллаһтың құлын Аллаһ Тағалаға адамдарға жасаған қамқорлығы үшін шүкіршілік етуге міндеттейді;
3 – Оларға адамдардың жандарын алу жүктелген. Бұл Аллаһтың құлдарын жақсы амалдар істеу арқылы Қиямет күніне дайындық жасауға міндеттейді.
Бұл сабақтың мақсаты:
1 - Оқушыларға «періштелерге иман» сөздерінің мағынасын түсіндіру;
2 – Періштелерге иман келтірудің парыз екендігіне шариғи дәлел келтіру;
3 – Оқушыларға кейбір періштелердің есімдерін атау;
4 – Оқушыларға періштелерге иман келтірмеген адам туралы шариғи үкімді түсіндіру.
ОН ЕКІНШІ САБАҚ
ИМАННЫҢ ҮШІНШІ ЖӘНЕ ТӨРТІНШІ ТІРЕГІ
Достарыңызбен бөлісу: |