Балалық шақҚа саяхат бердібек Соқпақбаевтың шығармасы



бет3/3
Дата02.07.2018
өлшемі1,03 Mb.
#45877
1   2   3
Барлығына сұрақ:

  1. Б.Соқпақбаевтың «Балалық шаққа саяхат» повесі кімдерге арналған шығарма?

(«Балалық шаққа саяхат» повесі балаларға арналған туынды.Өйткені мұнда қарапайым ауыл тіршілігі, қараша қазақ қауымының күйбеңі, ауыл балаларының мінез-құлықтары  көркем де, қарапайым түрде суреттелген. Бұл шығарма шын мәніндегі өмір жолын табуға тәрбиелік үлесімен қымбат. Сонымен бірге балалық шақтың балған мезгілдерін көз алдымызға әкелетін шығарма болғандықтан, өзімізге өте жақын.)


  1. Повестің басты кейіпкері қандай бала?

Бердібек, анасы еркелетіп Беркен деп атайды, ақылды, тентек. Ол тентек болғанымен адамның жан дүниесін түсіне білетін бала.


  1. Тағы кім толықтырады?

4. Повестегі Майра қандай оқушы деп ойлайсыңдар? Ол бас кейіпкерге несімен ұнайды?



Майра сыныпта үздік, ұқыпты, тазалықты сүйетін оқушы, әнді жақсы айтады.. Сабақты өте жақсы оқиды, ол осы қалпымен ұнайды. Бар қылығымен сүйкімді.


  1. Тағы кімнің қандай ойы бар?


6. Беркеннің әкесі қандай адам?

Әкесі Ыдырыс – жалқау, жасы отызды орталаса да жүріс-тұрысы қарт адамдар тәрізді. Жақсылық, жамандық бәрін де тәңірден күтеді. Ертеңгі күннің қамын ойлап, талпыну дегенді білмейді.

7. Шешін суреттей аламыз ба?

Орта бойлы, қыр мұрын, қызыл шырайлы аурушаң болғаны болмаса,әдемі. Күндіз-түні қыбыр-қыбыр қимылдаумен болады. Жоқтан бар етіп түтін түтетеді. Еңбекқор.
8. Сол кездегі мектеп өмірі мен қазіргі мектеп өмірінің айырмашылығы бар ма?

Адам өміріндегі ең қызықты, ең есте қаларлық шақ – мектеп өмірі. Себебі мектептегі барлық жағдайлардың бәрі есте қалады. Оны ешкім де ұмытпайды.Беркен кезіндегі мектеп өмірі мен қазіргі кездегі мектеп өмірінің айырмашылығына тоқталып кететін болсақ, айырмашылық өте көп. Ол өте қиыншылық кезде өмір сүрді. Ал қазіргі мектептің өмірі мүлдем басқаша. Ол кезіндегідей кітапты кезекке тұрып сатып алмайсың. Бір қарандаш қақ бөліп екі балаға берген кез.Оқимын деген балаға еш кедергі жоқ. Оқулықтар тегін үлестіріледі. Техникалық дамуға байланысты компьютер, телевизорлар шықты. Қазір үлкен оқу орындары, компьютерлік залдар, кітапханалар ашылды. Алайда осылардың ішінде әдеби кітаптардың алар орны ерекше. Кітаптың бізге берер рухани байлығы көп деп ойлаймын. Ол бізді сауаттылыққа, тәрбиелілікке, тіл байлығымызды дамытуға, ойлау жүйеміздің жетілуіне көп көмек береді. Сол сияқты біздің кітапханамызда әдеби кітаптар, газет, журналдар өте көп. Мен өзімнің достарымды кітап оқуға шақырамын.


9. Қазіргі таңда әр сыныпта Бердібек, Жүнісбай, Майра, Жанбосын сияқты балалар бар деп ойлайсыңдар ма?

Мен қазіргі кезде олар секілді оқушылар бар деп ойлаймын. Себебі «бес саусақ бірдей емес» дегендей, бар бала бірдей болмайды. Бірі тәртіпті, бірі тәртіпсіз, бірі сабақты жақсы оқиды, бірі нашар оқиды дегендей.


10.Беркен болашақта жақсы азамат болады деп есептейсіңдер ме?

Шешесі одан үлкен үміт күтті, менің балам үлкейгенде өкіметші болады-деп. Ал өзі болса мұғалім болуды, бірде дүкенші болуды армандайтын.


11. Дүкенші болуды не себепті армандады?

Себебі тәттіні өте жақсы көретін. Дүкенші болсам емін-еркін кәмпит жер кәрә боламын деп ойлайты.


12. Менің жауым – Жанбосын-дейді Беркен? Жанбосын қандай оқушы? Олар неге жауласты?

Жанбосын қуатты адамның баласы, тамағы тоқ, көйлегі көк. Онысымен мақтанатын бала.

Ал Бердібек жейтін наны да жоқ кедей баласы, киетін киімі де тоз- тоз.
Белсене қатысқан балалар: Иманов Дарын 6 а, Аяғанова Баян 7 а, Кәрібай Ерсұлтан 7 а, Қыдырбай Жібек 7 а, Кабыкен Айсұлу 6 а, Разахова Баян 6 ә, Болсамбеков Ерсағын 7 а, Аяғанова Балнұр 5 ә
Жүргізуші: Оқушылар, біз бүгін сендермен бірге балалар әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаев атамыздың өмірі мен шығармашылығымен таныстық.

Енді қортын сұрақтар:





  1. Бердібек Соқпақбаев туралы не білеміз?

  2. Әңгіме кімнің атынан баяндалған?

  3. Баланы табиғаттың қандай жақтары қызықтырды?

  4. Әңгіме неге «балалық шаққа саяхат» деп аталған?

Баршаңызды рухани азығымыз – көркем әдебиетті көп оқуға шақырамыз.



Қатысып ат салысқандарыңызға рахмет.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет